15-қаңтар

21 Тамыз 2013, 04:34

Хорватияны халықаралық мойындау күні. 1992 жылы Хорватия Республикасын Еуропалық одақтың 12 елі халықаралық түрде мойындады. Дәл осы күні оған Австрия, Болгария, Канада, Венгрия, Мальта, Польша және Швейцария қосылды. 1992 жылы қаңтардың аяғына дейін тағы да жеті мемлекет: Финляндия, Румыния, Албания, Босния мен Герцеговина, Бразилия, Парагвай және Боливия мақұлдады. Хорватияны азиялық елдер ішінде бірінші болып Иран мақұлдады, ал африкалық елдерде Мысыр. 1992 жылы мамырдың 22-інде Хорватия БҰҰ-ға қабылданды және сол кезде Ресей, Жапония, АҚШ, Израиль және Қытай мойындаған. Хорватияда 48 елшілік, әртүрлi халықаралық ұйымдарда алты тұрақты миссиялары, 23 елшіліктері бар және әлемнің 120 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған. 1937 жылы Қазақ музыка театрында (казіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) «Ер Тарғын» операсының премьерасы қойылды. Либреттосын С.Камалов, музыкасын Е.Брусиловский жазған. Операда 60-тан астам халық ән-күйлері пайдаланылған. Операны алғаш режиссер Қ.Жандарбеков қойған. Басты рөлдерді КСРО халық әртісі К.Байсейітова (Ақжүніс), Қазақстанның халық әртісі Қ.Байсейітов (Тарғын) ойнаған. 1938 жылы Павлодар облысы құрылды. Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтардың 15-інде КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы Қазақстанның үш облысын бөлу туралы КСРО Заңын және Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитетінің Қаулы жобасын бекітті. Шығыс Қазақстан облысынан Павлодар облысы бөліп алынды, оның құрамына он аудан кірді. Облыстың аумағында Баянауыл орналасқан - ол Павлодарлық Ертіс жағалауының маржаны, Қазақстан Республикасының ең әдемі жерлерінің бірі. 1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның мақсаты Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту. 2008 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы мен софтерлік SMART-EX компаниясы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум бірқатар бағыттар бойынша перспективалы өзара ынтымақтастық үшін құқықтық негіз болып отыр. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастық болашақ программистерді кәсіби білімді тереңірек игеруге ынталандырады. 1725 жылы Әбілқайыр хан қазақтардың басын қосып, Түркістанды жоңғарлардан азат етті. 1911-1990 жылдары  қоғам және мемлекет қайраткері Шолақ Артығалиев дүниеге келді. 1934 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті құрылды. 1938 жылы  Павлодар облысы құрылды. Діндердің Бүкіләлемдік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Хорватияны халықаралық мойындау күні. 1992 жылы Хорватия Республикасын Еуропалық одақтың 12 елі халықаралық түрде мойындады. Дәл осы күні оған Австрия, Болгария, Канада, Венгрия, Мальта, Польша және Швейцария қосылды. 1992 жылы қаңтардың аяғына дейін тағы да жеті мемлекет: Финляндия, Румыния, Албания, Босния мен Герцеговина, Бразилия, Парагвай және Боливия мақұлдады. Хорватияны азиялық елдер ішінде бірінші болып Иран мақұлдады, ал африкалық елдерде Мысыр. 1992 жылы мамырдың 22-інде Хорватия БҰҰ-ға қабылданды және сол кезде Ресей, Жапония, АҚШ, Израиль және Қытай мойындаған. Хорватияда 48 елшілік, әртүрлi халықаралық ұйымдарда алты тұрақты миссиялары, 23 елшіліктері бар және әлемнің 120 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.

1937 жылы Қазақ музыка театрында (казіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) «Ер Тарғын» операсының премьерасы қойылды. Либреттосын С.Камалов, музыкасын Е.Брусиловский жазған. Операда 60-тан астам халық ән-күйлері пайдаланылған. Операны алғаш режиссер Қ.Жандарбеков қойған. Басты рөлдерді КСРО халық әртісі К.Байсейітова (Ақжүніс), Қазақстанның халық әртісі Қ.Байсейітов (Тарғын) ойнаған.

1938 жылы Павлодар облысы құрылды.

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтардың 15-інде КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы Қазақстанның үш облысын бөлу туралы КСРО Заңын және Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитетінің Қаулы жобасын бекітті. Шығыс Қазақстан облысынан Павлодар облысы бөліп алынды, оның құрамына он аудан кірді.

Облыстың аумағында Баянауыл орналасқан - ол Павлодарлық Ертіс жағалауының маржаны, Қазақстан Республикасының ең әдемі жерлерінің бірі.

1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.

2008 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның мақсаты Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту.

2008 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы мен софтерлік SMART-EX компаниясы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум бірқатар бағыттар бойынша перспективалы өзара ынтымақтастық үшін құқықтық негіз болып отыр. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастық болашақ программистерді кәсіби білімді тереңірек игеруге ынталандырады.

1725 жылы Әбілқайыр хан қазақтардың басын қосып, Түркістанды жоңғарлардан азат етті.

1911-1990 жылдары  қоғам және мемлекет қайраткері Шолақ Артығалиев дүниеге келді.

1934 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті құрылды.

1938 жылы  Павлодар облысы құрылды.

Діндердің Бүкіләлемдік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Бөлісу: