14-қаңтар

21 Тамыз 2013, 04:34

Ескі Жаңа Жыл күні. Ескі Жаңа Жылды атап өту дәстүрі 1918 жылы 13-ші қаңтардан 14-іне қараған түні кеңес елі аймағында жаңа жыл санау енгізілгеннен бастау алды. Өзбекстанда Отан қорғаушылар күні. Тәуелсіз Өзбекстан өзінің қарулы күштерінің құрылған күніне арнап атап өтеді. Бұл мереке 1993 жылдың 29 желтоқсанындағы Республиканың Жоғарғы Кеңесi шешiмiмен қаңтардың 14-не бекітілген. 1960 жылы Қазақстан КП ОК Пленумында Д.А.Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1990 жылы «Симпсон» мультсериалын көрсету басталды. Бұл мультсериал АҚШ-та өте танымал. Жексенбі күні кешкісін бұл сериалды тамашалауға 15 миллионнан аса адам теледидар алдына отырады екен. Ал, бұл мультфильмнің АҚШ-тан бөлек басқа 70 елде 60 миллион көрермені бар. 1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды. 1998 жылы Беларус астанасы Минск қаласының бір көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. 2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Құжат төтенше жағдайдың құқықтық режимін жетілдіруге бағытталған. 2006 жылы Мәскеудің «Русский раритет» баспасы «Ғасырлар даналығы» сериясы аясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдер жинағын шығарды. Жинақты баспаға әдебиет зерттеушісі Сәуле Мансұрова дайындаған. 2008 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкінің арасындағы техникалық көмек туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. 2010 жылы Австрия астанасында ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің инаугурациялық мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мәжіліске қатысушыларға үндеуі жария етілді. Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.   Біріншісі  бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді. Екіншісі ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады. Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу. Ал, төртіншісі - бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы.

Ескі Жаңа Жыл күні. Ескі Жаңа Жылды атап өту дәстүрі 1918 жылы 13-ші қаңтардан 14-іне қараған түні кеңес елі аймағында жаңа жыл санау енгізілгеннен бастау алды.

Өзбекстанда Отан қорғаушылар күні. Тәуелсіз Өзбекстан өзінің қарулы күштерінің құрылған күніне арнап атап өтеді. Бұл мереке 1993 жылдың 29 желтоқсанындағы Республиканың Жоғарғы Кеңесi шешiмiмен қаңтардың 14-не бекітілген.

1960 жылы Қазақстан КП ОК Пленумында Д.А.Қонаев Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.

1990 жылы «Симпсон» мультсериалын көрсету басталды. Бұл мультсериал АҚШ-та өте танымал. Жексенбі күні кешкісін бұл сериалды тамашалауға 15 миллионнан аса адам теледидар алдына отырады екен. Ал, бұл мультфильмнің АҚШ-тан бөлек басқа 70 елде 60 миллион көрермені бар.

1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.

1998 жылы Беларус астанасы Минск қаласының бір көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді.

2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Құжат төтенше жағдайдың құқықтық режимін жетілдіруге бағытталған.

2006 жылы Мәскеудің «Русский раритет» баспасы «Ғасырлар даналығы» сериясы аясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдер жинағын шығарды.
Жинақты баспаға әдебиет зерттеушісі Сәуле Мансұрова дайындаған.

2008 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкінің арасындағы техникалық көмек туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

2010 жылы Австрия астанасында ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің инаугурациялық мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мәжіліске қатысушыларға үндеуі жария етілді.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.  

Біріншісі  бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.

Екіншісі ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.

Ал, төртіншісі - бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы.

Бөлісу: