13-қаңтар

21 Тамыз 2013, 04:34

Ресей баспасының күні. 1703 жылы қаңтардың 13-де Ресейде І Петрдің жарлығымен «Ведомость» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 1917 жылы бұл мереке «Правда» кеңес газетінің шыққан күніне, яғни мамырдың 5-не ауыстырылып, «Кеңес баспасы күні» деп өзгертілді. Тек 1992 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен «Ресей баспасының күнін» тойлау күні қайтадан өзінің тарихи күніне - қаңтардың 13-не қайтарылды. 1906 жылы радиода жарнама жасаудың туған күні. 1926 жылы Қ.Кемеңгеровтың «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры - Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өтті. Өнер ұжымы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын. 1929 театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық мәртебесін алса, ал 1961 жылы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Театр сахнасында халық шығармашылығының танымал шеберлері: И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, З.Атабаева, т.б. өнер көрсеткен. 1926-1932 жылдары театрға актер және режиссер Жұмат Шанин басшылық жасаған. 1962 жылы Ив Сен Лоран Парижде алғашқы колготкиді ойлап тапты. 1993 жылы Парижде химиялық қаруды қолдануға, жасауға, өндіруге, тыйым салу туралы Конвенция қабылданды. Қазақстан оған 1999 жылы қол қойды. 1992 жылы Бауыржан Момышұлының қайырымдылық қоры құрылып, республикалық мәртебе алды. 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы «Атамұра» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін жаңарту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. 2010 жылы Венада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы неміс тілінде жарық көрді. 2009 жылы Екібастұзда (Павлодар облысы) халық қаһарманы Жасыбай батырдың Қоғамдық қоры құрылды. Оны көмір шығарушылар мен энергетиктер қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының минералды қорлар академиясының корреспондент мүшесi Серік Жақсыбаев құрды. Павлодарлық Ертіс жағалауының тарихына арналған бірнеше кітаптардың авторы. Жасыбай батыр жоңғарлармен шайқасқан отрядты басқарды. 1752 жылы бүгінгі Баянауыл ауданы аумағында жау жебесiнен қаза болған. Бұл Шойынкөл көлінің маңайында болды, содан кейін ол жер Жасыбай аталып кеткен. Қор Жасыбай батырға ескерткіш орнатуға қаражат жинау үшін құрылған.  

Ресей баспасының күні. 1703 жылы қаңтардың 13-де Ресейде І Петрдің жарлығымен «Ведомость» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 1917 жылы бұл мереке «Правда» кеңес газетінің шыққан күніне, яғни мамырдың 5-не ауыстырылып, «Кеңес баспасы күні» деп өзгертілді. Тек 1992 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен «Ресей баспасының күнін» тойлау күні қайтадан өзінің тарихи күніне - қаңтардың 13-не қайтарылды.

1906 жылы радиода жарнама жасаудың туған күні.

1926 жылы Қ.Кемеңгеровтың «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры - Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өтті. Өнер ұжымы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын. 1929 театр труппасы Алматыға қоныс аударды.

1937 жылы академиялық мәртебесін алса, ал 1961 жылы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Театр сахнасында халық шығармашылығының танымал шеберлері: И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, З.Атабаева, т.б. өнер көрсеткен. 1926-1932 жылдары театрға актер және режиссер Жұмат Шанин басшылық жасаған.

1962 жылы Ив Сен Лоран Парижде алғашқы колготкиді ойлап тапты.

1993 жылы Парижде химиялық қаруды қолдануға, жасауға, өндіруге, тыйым салу туралы Конвенция қабылданды. Қазақстан оған 1999 жылы қол қойды.

1992 жылы Бауыржан Момышұлының қайырымдылық қоры құрылып, республикалық мәртебе алды.

1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы «Атамұра» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін жаңарту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.

2010 жылы Венада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы неміс тілінде жарық көрді.

2009 жылы Екібастұзда (Павлодар облысы) халық қаһарманы Жасыбай батырдың Қоғамдық қоры құрылды.
Оны көмір шығарушылар мен энергетиктер қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының минералды қорлар академиясының корреспондент мүшесi Серік Жақсыбаев құрды. Павлодарлық Ертіс жағалауының тарихына арналған бірнеше кітаптардың авторы.
Жасыбай батыр жоңғарлармен шайқасқан отрядты басқарды. 1752 жылы бүгінгі Баянауыл ауданы аумағында жау жебесiнен қаза болған. Бұл Шойынкөл көлінің маңайында болды, содан кейін ол жер Жасыбай аталып кеткен.
Қор Жасыбай батырға ескерткіш орнатуға қаражат жинау үшін құрылған.

 

Бөлісу: