11-қаңтар

21 Тамыз 2013, 04:34

Бүкіләлемдік «Рахмет» күні. Бұл күн ең «әдепті» күні болып саналады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіләлем болып тойлайды. Албанияның Республика күні. 1939 жылы Албанияны фашистiк Италия басып алды. 1940 жылғы зиялы және дiни қайраткерлер өкілдері, аймақтық басшылары басқарған антифашистік партизан топтары құрыла бастады. Албандық коммунистерінің жеке топтары 1941жылғы қарашаның 8-де Албанияның коммунистiк партияларын негiздедi. 1943 жылдың қыркүйегiнде Албанияны фашистiк Германияның әскерлерi басып алды. 1944 жылдың қазанында кедергiлер отрядтарының қысымынан Албаниядан немiстердің шегiнуi басталды. 1944 жылдың 29 қарашасында Албандық ұлт-азаттық әскерлері соңғы басқыншыларды қуды. 1946 жылдың қаңтарында Албания халық республикасы жарияланды. Бүкіләлімдік аурулар күні. Атаулы күнді 1992 жылы Папа Иоан Павел ІІ енгізді. Папаның арнайы жолдауында: «Бүкіләлемдік аурулар күнін жыл сайын атап өту – көптеген медициналық, католиктік ұйым қызметкерлерінің, азаматтық қоғамның ауруларға дұрыс қарауына ықпал етеді. Ал бұл аурулардың қасіретін жеңілдетеді», - деген. 1530 жылы Италияда ақшалай ұтысқа ие болған алғашқы лотерея билеттері шығарылды. Жалпы ежелгі Римде император мерекелік ойын-сауық кезінде плебейлер арасында тегін лотерея билеттерін таратты. Кейін көптеген елдер лотерея билеттерін игі істерге пайдаланды. 1919 жылы Германияда ел тарихындағы алғашқы социалистік төңкеріс басып-жаншылды. 2006 жылы Астанада тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызы зор оқиға - Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі болып өтті. Салтанатты рәсімге жеті мемлекет президенті, әлемнің жиырмадан астам мемлекетінің үкімет және парламент басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа одағы халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты. Ұлықтау рәсімінде алғаш рет Қазақстанның жаңа әнұраны орындалды. 1919 жылы Германияда ел тарихындағы алғашқы социалистік төңкеріс басып-жаншылды. 1989 жылы  149 ел өкілдері улы газдар мен химиялық және бактериологиялық қаруды пайдалануға тыйым салу туралы декларацияға қол қойды. 1995 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыртқы экономикалық қызмет туралы» Жарлыққа қол қойды.  2007 жылы  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында танымал жазушы Эрнест Төрехановтің «Александр мен Роксана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Роман Александр Македонскийдің грек тілін жетік білген сақ ханшайымы Роксанаға деген махаббатына арналған. Түрiк әлемінде А.Македонский Ескендір атымен танымал. Жүз жыл бұрын ұлы Абай жазған дастан дәл осылай аталады.

Бүкіләлемдік «Рахмет» күні.

Бұл күн ең «әдепті» күні болып саналады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіләлем болып тойлайды.

Албанияның Республика күні. 1939 жылы Албанияны фашистiк Италия басып алды.

1940 жылғы зиялы және дiни қайраткерлер өкілдері, аймақтық басшылары басқарған антифашистік партизан топтары құрыла бастады. Албандық коммунистерінің жеке топтары 1941жылғы қарашаның 8-де Албанияның коммунистiк партияларын негiздедi. 1943 жылдың қыркүйегiнде Албанияны фашистiк Германияның әскерлерi басып алды. 1944 жылдың қазанында кедергiлер отрядтарының қысымынан Албаниядан немiстердің шегiнуi басталды. 1944 жылдың 29 қарашасында Албандық ұлт-азаттық әскерлері соңғы басқыншыларды қуды. 1946 жылдың қаңтарында Албания халық республикасы жарияланды.

Бүкіләлімдік аурулар күні. Атаулы күнді 1992 жылы Папа Иоан Павел ІІ енгізді. Папаның арнайы жолдауында: «Бүкіләлемдік аурулар күнін жыл сайын атап өту – көптеген медициналық, католиктік ұйым қызметкерлерінің, азаматтық қоғамның ауруларға дұрыс қарауына ықпал етеді. Ал бұл аурулардың қасіретін жеңілдетеді», - деген.

1530 жылы Италияда ақшалай ұтысқа ие болған алғашқы лотерея билеттері шығарылды. Жалпы ежелгі Римде император мерекелік ойын-сауық кезінде плебейлер арасында тегін лотерея билеттерін таратты. Кейін көптеген елдер лотерея билеттерін игі істерге пайдаланды.

1919 жылы Германияда ел тарихындағы алғашқы социалистік төңкеріс басып-жаншылды.

2006 жылы Астанада тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызы зор оқиға - Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі болып өтті. Салтанатты рәсімге жеті мемлекет президенті, әлемнің жиырмадан астам мемлекетінің үкімет және парламент басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа одағы халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты. Ұлықтау рәсімінде алғаш рет Қазақстанның жаңа әнұраны орындалды.

1919 жылы Германияда ел тарихындағы алғашқы социалистік төңкеріс басып-жаншылды.

1989 жылы  149 ел өкілдері улы газдар мен химиялық және бактериологиялық қаруды пайдалануға тыйым салу туралы декларацияға қол қойды.

1995 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыртқы экономикалық қызмет туралы» Жарлыққа қол қойды.

 2007 жылы  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында танымал жазушы Эрнест Төрехановтің «Александр мен Роксана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Роман Александр Македонскийдің грек тілін жетік білген сақ ханшайымы Роксанаға деген махаббатына арналған.

Түрiк әлемінде А.Македонский Ескендір атымен танымал. Жүз жыл бұрын ұлы Абай жазған дастан дәл осылай аталады.

Бөлісу: