21 Тамыз 2013, 04:21
1934 жылы қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған «Қазақ әдебиеті» атты апталық газеті шыға бастады. Басылымда қазақ әдебиетінің классиктері ─ С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов тәрізді көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері О.Исаев, Ж.Сәдуақасов, И.Қабылов, О.Жандосов және т.б. жұмыс істеген.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлан ӘбішұлыНазарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Жарлығы шықты.
1997 жылы Бішкек қаласында Н.Назарбаев, А.Ақаев және И.Каримов Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.
1999 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне балама сайлау өтіп, онда сайлаушылардың 79,78 % дауысын жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.
2003 жылы Өскемен қаласында «АВТОВАЗ» ашық акционерлік қоғамының техникалық көмегімен «Азия Авто» зауыты ашылды. Жаңа құрастыру кәсіпорны «Нива» автомобилін шығарады.
2004 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы халыққа тәулік бойы қызмет көрсететін ақылы «169» анықтамалық-ақпараттық қызметін ашты.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы - Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы - Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген.