21 Тамыз 2013, 04:20
Христостың туған күні - Рождество мерекесі
Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус - Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар 20 ғасыр бойы тойлап келеді. Әсем безендірілген шырша әр үйдің төрінде орын алса, сыйлықтар мен халықтық серуендер, шыршаны айнала ән салып, би билеу мен карнавалдар мереке сәні. Рождество мейрамын барлық христиандар атап өтеді, католиктер оны 25 желтоқсан күні, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды. Батыс елдері бұл мерекені отбасы мерекесі деп есептейді.
Осыдан екі мың жыл бұрын қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні Иосиф пен Марияның отбасында Иисус есімді ұл дүниеге келеді. Назареттен келген Иисустың алдына бүкіл әлемді өзгерту міндеті тұрды. Барлық адамзат баласын құтқарушысының қай жерде, қашан туылатындығы алдын ала белгілі болды. Ол дүниеге келер түні Вифлеемде өмірге келген барлық нәрестелер Ирод патшаның бұйрығымен өлтірілді. Бірақ періштелердің қолдауымен Иисус жарық дүние есігін ашты. Болашақ құтқарушы туылған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болады.
Сондықтан да осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді. Сиқырға толы бұл түні барша христиандықтар бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнайды.
1992 жылы «Қазақстан Республикасындағы ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» Заң жарық көрді.
2003 жылы Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы» Заңы жарық көрді.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасын мақұлдады. Ол бойынша Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні әнұран болып бекітілді.
«Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың иннаугурациясы кезінде орындалды. Әнұранның әуені 1950 жылдардан бері Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні болса, мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді.
1904 жылы Маркони компаниясы «SQD» көмекке шақыру радио дабылын орнатты. Екі жылдан кейін мағынасы белгісіз сөзді SOS-қа алмастырды.
1914 жылы Панама арнасы арқылы алғашқы кеме жүзіп өтті. Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғап тұрған ұзындығы 81 шақырымдық бұл арна әлемдік транзитте ерекше орын алады.