4-қаңтар

21 Тамыз 2013, 04:16

Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. 1945 жылы Қырым конференциясы басталды. Онда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үштігі елдерінің басшылары екінші рет бас қосты. 1963 жылы Маргарет Хантерге автокөлік жүргізгені үшін айыппұл салды. Адамды азаптаудың түрлері сан алуан. Иван Грозный уақытында боярларды патшасын сатқаны үшін асып, әйелдерді күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін тірілей жерге көмген, қазыққа отырғызған. Иван Грозныйдың енгізген тағы бір жазасы – күнәлі адамға аю терісін тігіп, иттерді қоя беру болды. Тіпті қатал патша бірнеше күнәһар монахты атылатын дәрі салынған жәшікке таңып, жарған. Жазаның ең ерекше түрі – қылмыскерді майда, шарапта, ыстық суда қайнату болды. Жасанды ақша жасаушылардың тамағына қорғасын құйған. Жазалаудың ең көне түрі - өртеу. Әсіресе діни қылмыскерлерді солай жазалаған. Сатқындарды аямаған. Степан Разин солай қаза болды. Сиқыршы деп күдіктенген адамды терең суға лақтырып жіберіп, бату батпауын қадағалаған. Ал ол уақыттан кейін қаншама уақыт өтті. Алайда адамзат азаптаудан толықтай бас тарта алмады. Жұрт бұрынғыша, өлім жазасы қылмыстың азаюына септігін тигізеді деп ойлайды, алайды одан қылмыс азаймады.   Мьянма одағының (Бирма) Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948). Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндіқытай түбегінде орналасқан мемлекет. Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралған. Астанасы - Янгон қаласы. Мемлекеттік тілі - бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер де қолданылады. Діни наным-сенімі әртүрлі. Ақша бірлігі - кьят (чжа). Басқару жүйесі - республика. Жоғарғы заң шығарушы органы - Бейбітшілік пен дамудың мемлекеттік кеңесі (БПДМК). Жоғары атқарушы органы - үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы - БПДМК-інің төрағасы. Негізгі шаруашылығы - егіншілік. Әсіресе күріш өсіру жақсы дамыған. Мьянмада әртүрлі пайдалы қазбалар мұнай, қалайы, мырыш, мыс, қорғасын, көмір, табиғи газ, қымбат бағалы тастар кездеседі. Қазақстан Республикасы мен Мьянма одағы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1999 жылғы қыркүйектің 23-інде орнатылды.   1907 жылы Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 4 қаңтар - 27 сәуір аралығында Аталмыш басылымның не бары 31 саны шыққан. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. Ресей өкіметіне «Ашық хат» жариялады. Онда қазақ еңбекшілерінің атамекенінен көшіріліп, құнарлы жерлерінен айырылып жатқаны жазылып, Екінші Мемлекеттік Думадан жер мәселесін әділ шешуді талап етті.

Халықаралық зорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 1985 жылдан бері аталып келеді. 1945 жылы Қырым конференциясы басталды. Онда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үштігі елдерінің басшылары екінші рет бас қосты. 1963 жылы Маргарет Хантерге автокөлік жүргізгені үшін айыппұл салды.
Адамды азаптаудың түрлері сан алуан. Иван Грозный уақытында боярларды патшасын сатқаны үшін асып, әйелдерді күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін тірілей жерге көмген, қазыққа отырғызған. Иван Грозныйдың енгізген тағы бір жазасы – күнәлі адамға аю терісін тігіп, иттерді қоя беру болды. Тіпті қатал патша бірнеше күнәһар монахты атылатын дәрі салынған жәшікке таңып, жарған. Жазаның ең ерекше түрі – қылмыскерді майда, шарапта, ыстық суда қайнату болды. Жасанды ақша жасаушылардың тамағына қорғасын құйған. Жазалаудың ең көне түрі - өртеу. Әсіресе діни қылмыскерлерді солай жазалаған. Сатқындарды аямаған. Степан Разин солай қаза болды. Сиқыршы деп күдіктенген адамды терең суға лақтырып жіберіп, бату батпауын қадағалаған. Ал ол уақыттан кейін қаншама уақыт өтті. Алайда адамзат азаптаудан толықтай бас тарта алмады. Жұрт бұрынғыша, өлім жазасы қылмыстың азаюына септігін тигізеді деп ойлайды, алайды одан қылмыс азаймады.

 

Мьянма одағының (Бирма) Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948). Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндіқытай түбегінде орналасқан мемлекет. Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралған. Астанасы - Янгон қаласы. Мемлекеттік тілі - бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер де қолданылады. Діни наным-сенімі әртүрлі. Ақша бірлігі - кьят (чжа). Басқару жүйесі - республика. Жоғарғы заң шығарушы органы - Бейбітшілік пен дамудың мемлекеттік кеңесі (БПДМК). Жоғары атқарушы органы - үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы - БПДМК-інің төрағасы.

Негізгі шаруашылығы - егіншілік. Әсіресе күріш өсіру жақсы дамыған. Мьянмада әртүрлі пайдалы қазбалар мұнай, қалайы, мырыш, мыс, қорғасын, көмір, табиғи газ, қымбат бағалы тастар кездеседі.

Қазақстан Республикасы мен Мьянма одағы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1999 жылғы қыркүйектің 23-інде орнатылды.

 

1907 жылы Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 4 қаңтар - 27 сәуір аралығында Аталмыш басылымның не бары 31 саны шыққан. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. Ресей өкіметіне «Ашық хат» жариялады. Онда қазақ еңбекшілерінің атамекенінен көшіріліп, құнарлы жерлерінен айырылып жатқаны жазылып, Екінші Мемлекеттік Думадан жер мәселесін әділ шешуді талап етті.

Бөлісу: