3-қаңтар

21 Тамыз 2013, 04:08

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөнінде бірлескен мазмұндамаға қол қойылды.   2006 жылы Әзербайжанда жаңа ақшалар айналымға енгізілді. Олардың әрқайсысы 5 мың ескі ақшаға тең деноминацияланған (ірілендірілген) манаттар. Әзірбайжанда ақшаны ірілендіру туралы шешім 2005 жылдың ақпан айында қабылданған.   2007 жылы Парижде қазақтың танымал жазушысы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досановтың «Белая Аруана» атты кітабы француз тілінде жарық көрді. Кітаптың алғы сөзін көрнектi әдеби сыншы Альбер Фишлер жазса, ал аудармасын белгiлi француз аудармашысы Анри Авриль жасаған. 2008 жылы алғаш рет Варшавадағы Қазақстанның Елшілігі қоғамға және поляктардың жас буын өкілдеріне орта-азиялық Барыс және Қазақстан туралы көркем суреттермен безендірілген кітаптың компакт-дискісін жарыққа шығарды. Бірінші таныстырылым «Менің Қазақстаным» деп аталады. Онда ҚР-ның мәдени мұрасы, тарихи ескерткіштердің әсерлі фотосуреттері, әдебиет және музыка өнерінің белгілі қайраткерлері, Қазақстандағы 130 ұлттың киімдері, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа республикалардың басшыларымен халықаралық кездесулері, Астана және Алматы қалалары туралы толық ақпарат 142 слайдта бейнелденген. Екінші таныстырылым «Қазақстанның инвестициясы» деп аталады. Бұл ҚР-ның инвестициялық және инновациялық жобалары, экономикалық ахуалы, экономикалық саясаты туралы толық ақпарат беретін 22 слайдтан тұрады.   2005 жылы Павлодар облысында Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа ескерткіш тақта орнатылды. Махмет Қайырбав - 1943 жылы Калинин және Беларус майдандарында полк, батареяны басқарған. Соғыс жылдары 2 рет Отан соғысы, Александр Невский ордендерiмен, медальдармен марапатталған. 1944 жылы 19жастағы қазақстандық Шауляй түбіндегі шайқасы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейiнгі жылдары да ерен еңбегі үшін екi рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталған.   2007 жылы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «ХХІ ғасыр және Шәкәрім әлемі» атты ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері зерттеулер жүргізу барысында қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтарын тапты. Ғалымдар Шәкәрiмнің ұлы Зият ақын және режиссер болғаны туралы куәландыратын құжаттар тапты. Ол Қытайда өмiр сүрiп және жұмыс iстеген және сол жерде қазақ мәдениетiн белсене насихаттаған. Сонымен бiрге оның жазған әндері де табылған.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөнінде бірлескен мазмұндамаға қол қойылды.

 

2006 жылы Әзербайжанда жаңа ақшалар айналымға енгізілді. Олардың әрқайсысы 5 мың ескі ақшаға тең деноминацияланған (ірілендірілген) манаттар. Әзірбайжанда ақшаны ірілендіру туралы шешім 2005 жылдың ақпан айында қабылданған.

 

2007 жылы Парижде қазақтың танымал жазушысы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досановтың «Белая Аруана» атты кітабы француз тілінде жарық көрді. Кітаптың алғы сөзін көрнектi әдеби сыншы Альбер Фишлер жазса, ал аудармасын белгiлi француз аудармашысы Анри Авриль жасаған.

2008 жылы алғаш рет Варшавадағы Қазақстанның Елшілігі қоғамға және поляктардың жас буын өкілдеріне орта-азиялық Барыс және Қазақстан туралы көркем суреттермен безендірілген кітаптың компакт-дискісін жарыққа шығарды. Бірінші таныстырылым «Менің Қазақстаным» деп аталады. Онда ҚР-ның мәдени мұрасы, тарихи ескерткіштердің әсерлі фотосуреттері, әдебиет және музыка өнерінің белгілі қайраткерлері, Қазақстандағы 130 ұлттың киімдері, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа республикалардың басшыларымен халықаралық кездесулері, Астана және Алматы қалалары туралы толық ақпарат 142 слайдта бейнелденген. Екінші таныстырылым «Қазақстанның инвестициясы» деп аталады. Бұл ҚР-ның инвестициялық және инновациялық жобалары, экономикалық ахуалы, экономикалық саясаты туралы толық ақпарат беретін 22 слайдтан тұрады.

 

2005 жылы Павлодар облысында Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа ескерткіш тақта орнатылды.

Махмет Қайырбав - 1943 жылы Калинин және Беларус майдандарында полк, батареяны басқарған. Соғыс жылдары 2 рет Отан соғысы, Александр Невский ордендерiмен, медальдармен марапатталған. 1944 жылы 19жастағы қазақстандық Шауляй түбіндегі шайқасы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейiнгі жылдары да ерен еңбегі үшін екi рет Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталған.

 

2007 жылы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «ХХІ ғасыр және Шәкәрім әлемі» атты ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері зерттеулер жүргізу барысында қазақ ақыны және философы Шәкәрiм Құдайбердиевтiң өмірбаянының осы уақытқа дейін белгiсiз болып келген айғақтарын тапты.

Ғалымдар Шәкәрiмнің ұлы Зият ақын және режиссер болғаны туралы куәландыратын құжаттар тапты. Ол Қытайда өмiр сүрiп және жұмыс iстеген және сол жерде қазақ мәдениетiн белсене насихаттаған. Сонымен бiрге оның жазған әндері де табылған.

Бөлісу: