Білім және ғылым министрлігі тамыз кеңесін өткізеді

20 Тамыз 2013, 06:39

22-23 тамызда Білім және ғылым министрлігі Астана қаласында «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдылығы» атты педагогикалық тамыз кеңесін өткізеді. Кеңеске 600-ге жуық адам қатысады, оның ішінде республиканың барлық жерінен келген мұғалімдер, ғалымдар, білім, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, мектеп директорлары және т.б. бар. Кеңес аясында 2013 жылғы 22 тамызда сағат 15.00-де Оқушылар сарайында «Ұлттық құндылықтарды дамыту аясындағы тәрбие жұмысының жаңа бағыттары» атты секция жұмысы жоспарланған. Секция жұмысы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі білім берудің жағдайы мен дамуы, тәрбие жұмысының инновациялық әдістері, жас тұлғаның қалыптасуы мен дамуы, тұлғаның қалыптасуы кезіндегі отбасы институтының маңыздылығы мен рөлі, отбасының әлеуметтік институттарының серіктестігі, ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы патриотизмді қалыптастыру мәселелеріне арналған. Баяндамашылар – республиканың алдыңғы қатарлы оқытушылары, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері. aikyn.kz

22-23 тамызда Білім және ғылым министрлігі Астана қаласында «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдылығы» атты педагогикалық тамыз кеңесін өткізеді.

Кеңеске 600-ге жуық адам қатысады, оның ішінде республиканың барлық жерінен келген мұғалімдер, ғалымдар, білім, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, мектеп директорлары және т.б. бар. Кеңес аясында 2013 жылғы 22 тамызда сағат 15.00-де Оқушылар сарайында «Ұлттық құндылықтарды дамыту аясындағы тәрбие жұмысының жаңа бағыттары» атты секция жұмысы жоспарланған.

Секция жұмысы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі білім берудің жағдайы мен дамуы, тәрбие жұмысының инновациялық әдістері, жас тұлғаның қалыптасуы мен дамуы, тұлғаның қалыптасуы кезіндегі отбасы институтының маңыздылығы мен рөлі, отбасының әлеуметтік институттарының серіктестігі, ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы патриотизмді қалыптастыру мәселелеріне арналған. Баяндамашылар – республиканың алдыңғы қатарлы оқытушылары, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері.

aikyn.kz
Бөлісу: