Қызылорда мұражайы көшпелі көрме ұйымдастырды

19 Тамыз 2013, 09:57

Қызылорда тарихи-өлкетану мұражайы оқушылар үшін жазғы лагерьлерде көшпелі көрме ұйымдастырды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне мұражайдың археология бөлімі жетекшісі Асхат Сайлау хабарлады.  «Көшпелі көрмелер облыстың барлық аудандарындағы жазғы лагерьлерде болды. Оның негізгі мақсаты аймақтың мәдени мұрасын дәріптеп, өскелең ұрпаққа өлкенің тарихы туралы мағлұмат беру»,-деді ол.  Оқушылар мұражай қорындағы жәдігерлермен танысты. Олардың арасында Арал маңындағы ежелгі қалалардан табылған қыш бұйымдар, ыдыстар, ұлттық киімдер мен тағы да басқалары бар. Сонымен қатар Астанаға арналған фотостенд жеткіншектер назарына ұсынылды. 

Қызылорда тарихи-өлкетану мұражайы оқушылар үшін жазғы лагерьлерде көшпелі көрме ұйымдастырды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне мұражайдың археология бөлімі жетекшісі Асхат Сайлау хабарлады. 

«Көшпелі көрмелер облыстың барлық аудандарындағы жазғы лагерьлерде болды. Оның негізгі мақсаты аймақтың мәдени мұрасын дәріптеп, өскелең ұрпаққа өлкенің тарихы туралы мағлұмат беру»,-деді ол. 

Оқушылар мұражай қорындағы жәдігерлермен танысты. Олардың арасында Арал маңындағы ежелгі қалалардан табылған қыш бұйымдар, ыдыстар, ұлттық киімдер мен тағы да басқалары бар. Сонымен қатар Астанаға арналған фотостенд жеткіншектер назарына ұсынылды. 

Бөлісу: