Тарихи зерттеулер үшін теориялық социологияның әдістерін қолдану өте тиімді. Мұндай пікірді ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шәукенова BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында білдірді.
Оның сөзіне қарағанда, зерттеулерде ұғынықты социологияның әдісін қолдануға болады.
«Ұғынықты социология бізге нақты тарихи кезеңдегі ойлау құралдарын ұсынып, оның сан алуан ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік-психологиялық климат тұрғысынан келгенде ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастар құрылымын анықтайды», - деп атап өтті З. Шәукенова.
Сонымен қатар, Шәукенованың айтуынша, қазір тарихи зерттеулердің проблемасы сол олар сана-сезімді зерттемейді, тек заң жүйелері, элитаның қызметі, ірі қоғамдық оқиғалар мен соғыстар шеңберінде шектеледі. Оның пікірінше, бүгінде рухты көтеретін ұғынықты зерттеулер керек.