Елордалық балалар «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде еліміздің тарихымен танысты

19 Тамыз 2013, 09:51

Өзінің жасына қарамастан жетінші сынып оқушысы Айбек Утжанов «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніндегі үздік экскурсоводтарының бірі, деп жазады astana.kz сайты. Ол мұнда туған жерінің батырларымен танысып, елінің тарихын зерттеу үшін келген. Айбек тарихқа әуес, бүгін ол пайдалы ақпаратты тарихшының өз аузынан естіді. «Бүгін «Атамекенге» Қойшығара Салғарин қонаққа келді. Осы ақын-жазушы, тарихшы, философтан көп мағлұматтар алдық. Өскенде мен де осы кісі секілді ақын-жазушы боламын деп ойлаймын. Қойшығара Салғарин секілді тұлғалар Атамекенге келе берсе екен. Осында жұмыс істегенді ұнатамын. «Атамекен» туралы, Қазақстан картасы туралы көп мағлұматтар алдым. Тарихи ізденістерімді ары қарай жалғастырмақпын»,- дейді Астана қаласының №32 МГ 7 сынып оқушысы Айбек Утжанов. Қойшығара Салғарин өткеніміздің тарихына тоқталып, өзінің ой-пікірімен бөлісті. Балалар да қарап қалған жоқ. Біреулері өлең оқыса, басқалары тарихи оқиғалардан сыр шертті. «Атамекеніңді білу үшін, туған жеріңді білу үшін сол жердің атын шығарған, сол елдің, жердің тарих шаңында қалып қоймай, бұрынғы өткен тарихын жеткізген тарихи тұлғалар болған, сол тұлғаларды білу арқылы, төл тарихыңды, төл болмысыңды тану арқылы сен өз еліңді, жеріңді, бүгінгі замандасыңды білесің, ертеңге бағыт-бағдар ала аласың»,- дейді тарихшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғарин. Кездесу балалардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Балалар мұражайды аралап, еліміздің барлық көрікті жерлерін тамашалады.

Өзінің жасына қарамастан жетінші сынып оқушысы Айбек Утжанов «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніндегі үздік экскурсоводтарының бірі, деп жазады astana.kz сайты.

Ол мұнда туған жерінің батырларымен танысып, елінің тарихын зерттеу үшін келген. Айбек тарихқа әуес, бүгін ол пайдалы ақпаратты тарихшының өз аузынан естіді.

«Бүгін «Атамекенге» Қойшығара Салғарин қонаққа келді. Осы ақын-жазушы, тарихшы, философтан көп мағлұматтар алдық. Өскенде мен де осы кісі секілді ақын-жазушы боламын деп ойлаймын. Қойшығара Салғарин секілді тұлғалар Атамекенге келе берсе екен. Осында жұмыс істегенді ұнатамын. «Атамекен» туралы, Қазақстан картасы туралы көп мағлұматтар алдым. Тарихи ізденістерімді ары қарай жалғастырмақпын»,- дейді Астана қаласының №32 МГ 7 сынып оқушысы Айбек Утжанов.

Қойшығара Салғарин өткеніміздің тарихына тоқталып, өзінің ой-пікірімен бөлісті. Балалар да қарап қалған жоқ. Біреулері өлең оқыса, басқалары тарихи оқиғалардан сыр шертті.

«Атамекеніңді білу үшін, туған жеріңді білу үшін сол жердің атын шығарған, сол елдің, жердің тарих шаңында қалып қоймай, бұрынғы өткен тарихын жеткізген тарихи тұлғалар болған, сол тұлғаларды білу арқылы, төл тарихыңды, төл болмысыңды тану арқылы сен өз еліңді, жеріңді, бүгінгі замандасыңды білесің, ертеңге бағыт-бағдар ала аласың»,- дейді тарихшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғарин.

Кездесу балалардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Балалар мұражайды аралап, еліміздің барлық көрікті жерлерін тамашалады.

Бөлісу: