Елордада хирургиялық операция барысы трансляцияланады

19 Тамыз 2013, 09:34

Елордада Қазақстанның қан тамырлары хирургтері қоғамының бірінші съезіне қатысушылар жүргізіліп жатқан операция барысын «Тілеп Қобыз» сарайының залында бақылай алады. Бұл туралы astana.kz сайтына Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығынан хабарлады.  22-24 тамызда Астанада № 1 қалалық емхана мен Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының базасында шеберлік сыныптары мен көрнекі операциялар өткізіледі. Съез жұмысына Ресей, Өзбекстан, Литва, Израиль, Германия және Қазақстан елдерінің халықаралық сарапшылары қатысады. Қазақстанның қан тамырлары хирургтері қоғамының алғашқы съезі түрлі емдеу әдістерінің нәтижелерін бағалауға және салыстыруға, қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен, стратегиясымен және тактикасымен танысуға мүмкіндік береді. Аталған іс-шара барысында қазақстандық және шетелдік жетекші мамандардан шынайы ақпарат алып, теориялық және іс жүзінде тәжірибе алмасуға болады. astana.kz

Елордада Қазақстанның қан тамырлары хирургтері қоғамының бірінші съезіне қатысушылар жүргізіліп жатқан операция барысын «Тілеп Қобыз» сарайының залында бақылай алады. Бұл туралы astana.kz сайтына Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығынан хабарлады. 

22-24 тамызда Астанада № 1 қалалық емхана мен Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының базасында шеберлік сыныптары мен көрнекі операциялар өткізіледі. Съез жұмысына Ресей, Өзбекстан, Литва, Израиль, Германия және Қазақстан елдерінің халықаралық сарапшылары қатысады. Қазақстанның қан тамырлары хирургтері қоғамының алғашқы съезі түрлі емдеу әдістерінің нәтижелерін бағалауға және салыстыруға, қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен, стратегиясымен және тактикасымен танысуға мүмкіндік береді. Аталған іс-шара барысында қазақстандық және шетелдік жетекші мамандардан шынайы ақпарат алып, теориялық және іс жүзінде тәжірибе алмасуға болады.

astana.kz

Бөлісу: