ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қыркүйекте Қазақстанға келеді

19 Тамыз 2013, 06:57

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қыркүйекте Қазақстанға келеді. Бұл жөнінде бүгін дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Осы апта Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды егжей-тегжейлі талқылап, оның келешегін талқылау мәселесімен басталып отыр. Атап айтар болсақ, бүгін Қазақстанның Премьер-министрі Серік Ахметов Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И мырзаны қабылдайды. Сонымен қатар саяси ведомствоның басшысымен Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та келіссөздер өткізуде. Астанада өтіп отырған келіссөздердің басты мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы, ҚХР коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпиннің елімізге қыркүйек айының 6-7-інде жасайтын ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың бүгіні мен келешегін жан-жақты талқылау», - деді Алтай Әбибуллаев. Оның айтуынша, 2012 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағысауда-экономикалық айналым 24 млрд 500 млн долларға жеткен. Айымгүл ӘБІЛЕВА

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қыркүйекте Қазақстанға келеді. Бұл жөнінде бүгін дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Осы апта Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды егжей-тегжейлі талқылап, оның келешегін талқылау мәселесімен басталып отыр. Атап айтар болсақ, бүгін Қазақстанның Премьер-министрі Серік Ахметов Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И мырзаны қабылдайды. Сонымен қатар саяси ведомствоның басшысымен Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та келіссөздер өткізуде. Астанада өтіп отырған келіссөздердің басты мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы, ҚХР коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпиннің елімізге қыркүйек айының 6-7-інде жасайтын ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың бүгіні мен келешегін жан-жақты талқылау», - деді Алтай Әбибуллаев.

Оның айтуынша, 2012 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағысауда-экономикалық айналым 24 млрд 500 млн долларға жеткен.

Айымгүл ӘБІЛЕВА
Бөлісу: