Ақтөбенің үздік мектептеріне 150 мың теңге көлеміндегі сертификаттар табыс етілді

19 Тамыз 2013, 06:37

Ақтөбеде облыстық драма театрда «Сапалы білім мен тәрбие беру - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» деген атпен педаготардың тамыз жиналысы өтті. Қаланың білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева жаңа мемлекеттік білім беру стандартын енгізу, мемлекеттік тіл дәрежесін көтеру, орыс тілінің көп жылғы тәжірибесін сақтау, ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытуды енгізу және жүзеге асыру, функционалды сауаттылықты дамыту сұрақтарына тоқталды. Кейін салтанатты жиын барысында қала әкімі Ерхан Омаров мұғалімдер қауымын жаңа оқу жылының бастылуымен құттықтап, №33 мектептке дейінгі мекемені, №21 мектеп-гимназияны, қалалық оқушылар сарайын алғыс хатпен марапаттап, 150 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Кәсібилік және үздіксіз еңбегі үшін 11 педагог 50 мың теңге көлемінде сыйақы алды, сонымен қатар №8 орта мектеп, №43 мектепке дейінгі мекеме, №40 орта мектептің шағын орталығы, «Кен және Барби» мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің де еңбектері жоғары бағаланды. Ата-аналар комитетінің 3 төрағасына алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тарту етілді. ҚазАқпарат.

Ақтөбеде облыстық драма театрда «Сапалы білім мен тәрбие беру - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» деген атпен педаготардың тамыз жиналысы өтті.

Қаланың білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева жаңа мемлекеттік білім беру стандартын енгізу, мемлекеттік тіл дәрежесін көтеру, орыс тілінің көп жылғы тәжірибесін сақтау, ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытуды енгізу және жүзеге асыру, функционалды сауаттылықты дамыту сұрақтарына тоқталды.

Кейін салтанатты жиын барысында қала әкімі Ерхан Омаров мұғалімдер қауымын жаңа оқу жылының бастылуымен құттықтап, №33 мектептке дейінгі мекемені, №21 мектеп-гимназияны, қалалық оқушылар сарайын алғыс хатпен марапаттап, 150 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Кәсібилік және үздіксіз еңбегі үшін 11 педагог 50 мың теңге көлемінде сыйақы алды, сонымен қатар №8 орта мектеп, №43 мектепке дейінгі мекеме, №40 орта мектептің шағын орталығы, «Кен және Барби» мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің де еңбектері жоғары бағаланды. Ата-аналар комитетінің 3 төрағасына алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тарту етілді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: