16 Тамыз 2013, 08:22
Бұл енді сылдыр сөз емес, нағыз шындық. АҚШ-тың Гавайи және Ыстамбұл университеттерінің ғалымдары ортақ тәжірибе жүргізіп, мұны анық дәлелдеп шықты.
Мамандар жануарлардың ұрық кезінде ағзасына медузаның ДНК-сын қосып жіберген. Осындай сәтті будандастырудан кейін, қояндар сәуле шығаратын болды. Ғалымдар мұндай тәжірибені бұған дейін мысықтар мен жәндіктерге де қолданған. Профессор Стефан Мойсиадидің айтуынша, бұл тың жаңалықтың түпкі мақсаты – жарық шығару емес, дәрі-дәрмек жасаудың заманауи әрі арзан тәсілін игеру. Олардың ойынша, жануардың бойында арнайы емдік зат түзіліп, кейін ол қояндардың сүті арқылы бөлінуі мүмкін.
ҚазАқпарат.