Олимпиада чемпиондары айына мың доллардан астам зейнетақы алады – Спорт агенттігі

16 Тамыз 2013, 08:14

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Үкіметтің қарауына ұсынған жаңа заң жобасына сәйкес, Олимпиада чемпиондарының зейнетақысы 2 есе дерлік ұлғаятын болады. Бұл туралы агенттік төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.  «Біз бұқаралық спортты дамытуға ықпал ететін жаңа нормалар туралы үкіметке заң ұсындық. Мысалы, оған құрылыс салу, спорттық инфрақұрылымдарды дамыту, осы органдарда тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерді тарту бойынша жергілікті билік органдарының міндеттері кіреді», - деп атап өтті Ерлан Қожағапанов.  Сонымен бірге, мектептердегі дене шынықтыру сабақтары 2-ден 3 сағатқа дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің айлық жалақысын 100%-ға көбейту қарастырылған.  «Олимпиада ойындарының чемпионы айына мың доллардан астам зейнетақы алатын болады», - деді ведомство басшысы.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Үкіметтің қарауына ұсынған жаңа заң жобасына сәйкес, Олимпиада чемпиондарының зейнетақысы 2 есе дерлік ұлғаятын болады. Бұл туралы агенттік төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады. 

«Біз бұқаралық спортты дамытуға ықпал ететін жаңа нормалар туралы үкіметке заң ұсындық. Мысалы, оған құрылыс салу, спорттық инфрақұрылымдарды дамыту, осы органдарда тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерді тарту бойынша жергілікті билік органдарының міндеттері кіреді», - деп атап өтті Ерлан Қожағапанов. 

Сонымен бірге, мектептердегі дене шынықтыру сабақтары 2-ден 3 сағатқа дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің айлық жалақысын 100%-ға көбейту қарастырылған. 

«Олимпиада ойындарының чемпионы айына мың доллардан астам зейнетақы алатын болады», - деді ведомство басшысы.

Бөлісу: