Фантастикалық телехикая түсірілуде

16 Тамыз 2013, 07:18

«Балапан» телеарнасының тапсырысымен балаларға арналған «Томпақ» атты фантастикалық телехикая түсірілуде. Барлығы 30 минуттық 12 бөлімнен тұратын телехикаяның режиссері, әрі сценарий авторы Батырхан Дәуренбеков.    Бұл туынды өзгелерден кино мен анимация жанрының қатар қолданылуымен ерекшеленбек. Ал басты рөлдерінде Жүсіп Ақшораев, Нұрлан Еспанов сынды танымал актерлермен қатар Шымкент қаласының 70-ке жуық мектеп оқушысы қатысады екен.    Фильмнің желісі бойынша, бір ауылда тұратын кішкентай үш дос түнде көршілерінің алма бағына ұрлыққа түседі. Сол кезде олар кенеттен аспаннан бір сәуленің жерге зымырап келе жатқанын көріп сол жаққа қаратай бет бұрады. Сәуленің құлаған жеріне жақындаса онда ұшатын табақша қирап, жанында ес-түссіз жат планеталық жатыр. Достар оны "Томапақ" деп атап үйлеріне алып кетеді. "Томапақ" есін жиғаннан соң балалардың өмірінде нешетүрлі ғажайынтар бола бастайды.     Батырхан Дәуренбеков, режиссер, сценарист: – Фильмге негізінен, мектеп оқушылары түскендіктен, оларды көптеп көрсетуге тырыстық. Жаңа оқу маусымы басталысымен олар мектеп директорларының рұқсатымен сабақтан уақытша босатылады. Бірақ бұл оқушылар жыл соңына дейін сабақтан қалады дегенді білдірмейді. Сәтін салса, жаңа туынды қыркүйектің соңында аяқталмақ. Сол кезде үлкен экранға шығады деп жоспарланып отыр. baq.kz  

«Балапан» телеарнасының тапсырысымен балаларға арналған «Томпақ» атты фантастикалық телехикая түсірілуде.

Барлығы 30 минуттық 12 бөлімнен тұратын телехикаяның режиссері, әрі сценарий авторы Батырхан Дәуренбеков.
   Бұл туынды өзгелерден кино мен анимация жанрының қатар қолданылуымен ерекшеленбек. Ал басты рөлдерінде Жүсіп Ақшораев, Нұрлан Еспанов сынды танымал актерлермен қатар Шымкент қаласының 70-ке жуық мектеп оқушысы қатысады екен.

   Фильмнің желісі бойынша, бір ауылда тұратын кішкентай үш дос түнде көршілерінің алма бағына ұрлыққа түседі. Сол кезде олар кенеттен аспаннан бір сәуленің жерге зымырап келе жатқанын көріп сол жаққа қаратай бет бұрады. Сәуленің құлаған жеріне жақындаса онда ұшатын табақша қирап, жанында ес-түссіз жат планеталық жатыр. Достар оны "Томапақ" деп атап үйлеріне алып кетеді. "Томапақ" есін жиғаннан соң балалардың өмірінде нешетүрлі ғажайынтар бола бастайды.
    Батырхан Дәуренбеков, режиссер, сценарист:

– Фильмге негізінен, мектеп оқушылары түскендіктен, оларды көптеп көрсетуге тырыстық. Жаңа оқу маусымы басталысымен олар мектеп директорларының рұқсатымен сабақтан уақытша босатылады. Бірақ бұл оқушылар жыл соңына дейін сабақтан қалады дегенді білдірмейді. Сәтін салса, жаңа туынды қыркүйектің соңында аяқталмақ. Сол кезде үлкен экранға шығады деп жоспарланып отыр.

baq.kz

 

Бөлісу: