Америкалық ғалымдар сүтқоректінің жаңа түрін анықтады. Бір ғасырдан астам уақыт бойы оны қателесіп оған ұқсас олинго ретінде танып келген, деп хабарлады РБК.
Зерттеушілер жануардың тістерін, бас сүйегін және терісін зерттеп, аталған түрдің өте сирек кездесетінін анықтады, деп хабаралады Би-Би-Си.
Соңғы рет сүтқоректіні 2006 жылы жабайы табиғат аясынан байқаған. Кейін ғалымдар Чикаго университетінде олингоның тұтас етін зерттеуге кірісіп, экспонаттардың ішінде басқа да осы түрге ұқсамайтындары бар екенін анықтаған. Осылайша, зерттеушілер жаңа тіршілік иесін анықтады.
Жанаттың (енот) көлеміндей жануардың тұмсығы қонжыққа ұқсас, оған олингито деген ат қойған (ғылыми атауы - Bassaricyon neblina). Сүтқоректі Эквадор мен Колумбияның тауларын мекендейді. Бұл - соңғы 35 жыл ішінде табылған ет қоректі жануардың біріншісі.
Сүтқоректіні табиғат аясынан кезіктіру өте қиын. Ол ағаштың ұшар басында 30 метр биіктікте өмір сүреді және көзге түспеуге тырысады.
ҚазАқпарат.