Продюсер Диллон Фрэнсис Кэтти Периге ұры деген айып тақты. Оның айтуынша, әнші оның жаңа бейнеклипінің идеясын көшірген.
Әңгіме Кэттидің ағымдағы жылдың тамыз айының басында жарыққа шыққан Roar туындысы турасында болып отыр. Фрэнсис өзінің Твиттердегі жеке парақшасында Messages атты әнімнің әнбаянымның сюжетін ұрлады деп жазған. Екі бейнетүсірілімде де әннің мәтіні экранда көрініс табады. Алайда, Фрэнсис iMessage бағдарламасын қолданса, Перри WhatsApp-қа арналған интерфейс қосымшасын таңдапты.
Продюсер заңның көмегіне жүгіне ме, жоқ па, ол туралы ештеңе айтылмады. Кэтти болса, Твиттеріне продюсерге хат түрінде жауап бердім деп ақталды.
Мақпал ЖҰМАШОВА