Қазақтар көп демалатын мемлекеттер анықталды.
Қазақстан Туристік қауымдастығы мен Қонақүйлер мен мейманханалар қауымдастығы директорының орынбасары Шакира Әділбекованың айтуынша, қазақтар көп баратын елдер қатарында Азия мен Еуропаның белді мемлекеттері тұрса, керісінше, шетелдіктер Қазақстанның Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының демалу аймақтарына ерекше құмартады екен. Бұл туралы «Айқын» газеті бүгінгі санында жазып отыр (авторы - Кәмшат Тасболат).
«Жалпы, біздің азаматтарымыз шетелге көп шығады. Әрине, ең алдымен, таңдау Түркияға, оның ішінде, әсіресе, Анталияға түседі. Жыл сайын бұл елге бару деңгейі 16-20 пайызға артып отырады. Мұның себебі де ұғынықты: қол жетімді бағаға сапалы қызметтің көрсетілуі, визасыз жүйе, туроператорлар мен чартер ұстаушылардың көптеген ыңғайлы ұсыныстар жасауы мен ұшу мерзімінің қысқалығы. Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерінде ем-дом қабылдайтын, танымдық туризмнен бөлек, шоп-туризм мен жағажай туризмі ерекше дамыған. Біздің туристер Италия, Испания, Францияның жағажайларын ұнатады, бірақ бұл елдерге туристер көптеп бара бермейді, себебі шенген зонасына виза алу оңайға соқпайды. Елшіліктер сыртқа шығу құжаттарын рәсімдеуде жеңілдіктер қарастыратын кездері әрине, сұраныс та күрт артып кетеді, - дейді Шакира Әділбекова.
Күзгі-қысқы бағыттар - теңіз жағалауларындағы суы жылы Таиланд, Малайзия болып отыр.Туристік компаниялардың біраз жылдан бері Хайнань аралдарын ұсынып отырғаны тағы белгілі. Тау-шаңғы тебу ұсынысымен ұштасатын туризм түрі Австрия, Швейцария, Болгарияда дамыған. Төртінші жыл қатарынан біздің нарықта Финляндияның Лапландия өңірі, оның ішінде «Леви» курорты белсенді түрде өз ұсыныстарымен шығып отыр.
«Ал Қазақстанға сырттан келетін туристердің дені іскерлік туризмге жатады. Конгрестік туризмге адамдар көп келген сайын, мұнда демалатын туристер саны да күрт көбейеді. 2013 жылы іскерлік мақсатпен келген туристердің ең көп барған жерлеріне Алматы, Астана, Атырау, Оңтүстік Қазақстан мен Қарағандының іскерлік және қаржы орталықтары жатса, демалуға көбіне Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарына жиі баратындары анықталған. Шетелдіктер арасында экотуризм ерекше сұранысқа ие. Олар табиғатына әлі де адам қолы тимеген жерлерде демалғанды ұнатады. Мұндай жерлерге Сайрам-Өгем жоталарындағы ұлттық парк, Ақсу-Жабағылы қорығының биік шыңдары, Қаратау қорығының жайлаудағы тау жоталары, ЮНЕСКО-ның әлемдік табиғи мұрасына кіретін Теңіз бен Қорғалжын көлдері, Көкшетау, Алтын Емел, Саты, т.б. ну ормандары мен көл-бұлақтарына ықылас ерекше. Тиісінше инфрақұрылым да даму үстінде. Бұл салаға кәсіпкерлер аздап ақша құя бастады. Демалу аймақтарындағы үй қожайындары бір-екі бөлмесін туристерге бөлетін болған. Бағалар да аса қымбат емес: үш реттік ас берілетін мұндай қонақ бөлмелерде тұру күніне 4 мың мен 7 мың теңгеге тең. Мұндай баға саясаты шетелдіктерді қызықтырады», - деп атап өтті ішкі туризмнің ахуалына тоқталған маман.
Айқын