Қайрат Сіләмбеков

16 Тамыз 2013, 03:05

Семей футболының түлегі, «Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасында бірнеше жыл өнер көрсеткен, 2007 жылғы «Қазақстанның ең үздік төрешісі» атанған футболшы Қайрат Сіләмбеков Қайрат Қуанышұлы Сіләмбеков 1966 жылы, 20  маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ футболының отаны саналатын Семейде алғаш аладопты жанына серік етті. Футболшы ретінде осы өлкеде қалыптасты. Кейіннен 1984 жылы 18  жасында КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсететін Алматының СКИФ клубы жас футболшының өнеріне қызығушылық танытады. Осыдан соң, әскер қатарына шақырылады. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, 1987 жылы Талдықорғанның «Жетісу» клубында ойнады. Келесі жылы туған жеріне оралады. Семейдің «Спартагы» сапында КСРО чемпионатының екінші лигасында алғашқы жылы 32 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Екінші жылы 34 рет жасыл алаңға шықты. 1990 жылы алғаш рет Алматының бас командасы «Қайраттан» шақырту алады. Бұл кездері «Қайрат» Бірінші лигада ойнап жүрген болатын. Қайрат бара сала негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. КСРО чемпионатының соңғы екі маусымда 65 рет «Қайарттың» жейдесін киіп шықты. Ал 1992 жылы өзіміздің дербес Қазақстан чемпионатында доп қуалады. Тұңғыш Қазақстан чемпионаты «Қайрат» командасына болсын, Қайрат Сіләмбековке болсын жаман болған жоқ. Алматылықтар КСРО чемпионатында өнер көрсеткен футболшыларының көбін өздерінде сақтап қалған болатын.Сол құрам Қазақстан біріншілгінде қинала қойған жоқ, Ә, дегеннен тізгінді қолдарына алған қазақ футболының флагманы ел біріншілігімен қатар, Қазақстан кубогына да иелік етті. «Қайраттан» соң, Шымкенттің «Жігеріне» ауысты. «Жігердің» жігерлі жігіттері 1993 жылы жақсы өнер көрсетті. Мәреге қарсыластарымен үзеңгі қағысытырып келгенімен, соңғы сәтте үшінші орынға тек бір ұпай ғана жетпей қалды. Әйткенмен, шымкенттік команда  бұл олқылықтың орнын келесі жыл толтырды. «Елімай» мен «Аңсатты» алға жіберіп, қола жүлдеге қол созды. Осы екі жыл ішінде өзі 76 ойынға қатысты. Үздік 33 футболшының қатарына енді.  1995 жылы «Цесна» ( қазіргі «Астана 1964») командасынан ұсыныс түседі. Ақмоланың командасы сол жылы біріншілікті 10-шы орынмен аяқтап, чемпионаттағы өз орнын сақтап қалды. Ал 1996 жылы Станислав Каминский бапкер «Мұнайшы» командасын жаттықтырады. Ақтаудың командасының сол жылы қаржылық жағдайы жақсарып, көптеген ойыншыларды сатып алады. Қанат Мұсатаев, Қайрат Айманов, Роман Вороговский, Иван Яремчук, Ренат Атаулин, Валерий Глушаков, Марат Есмұратов сияқты футболшылардың қатарында Қайрат Сламбеков та осы командамен келісім-шартқа отырды. Батыс командасы жүлдеге жетпесе де, біріншілікті төртінші орынмен аяқтады. Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жеткен болатын. Бұл әзірге клубтың тарихындағы ең үздік нәтиже. Кейіннен команданың қаржылық жағдай нашарлап, ойыншылар өзге командаларды жағалай бастады. Қанат Мұсатаев пен Қайрат Сіләмбеков екеуі қарағандылық «Шахтерге» ауысады. Бауыржан Баймұхамедовтің шақыруымен «кеншілердің» құрамын толықтырды. Ол осы Қарағандыда қатарынан төрт жыл ойнады. Сол төрт маусымда бірнеше бапкер ауысса да, командадан кетпеді. Бауыржан Баймұхамедов, Виктор Ивашкин. Роберт Анторян, Вахид Масудов та Қайраттың өнеріне тәжірибесіне сенім артты. Төрт маусымда «кеншілердің» жейдесін 100 рет киіп шыққан екен. Футболдағы карьерасында осы Қарағандыда аяқтады. Жалпы футболдағы карьерасында 413 ойын өткізіп, 13 гол соққан. Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапында алғаш еліміз жеке өз құрамасын жасақтаған 1992  жылы шақырылды. Сол жылы Орталық Азия елдерінің жолдастық кездесуі аясында Өзбекстан құрамасына қарсы өзінің дебюттік кездесуін өткізді.  Жалпы 1992-1996 жылдар аралығында алты ойын өткізді. Ол кездері ұлттық құраманың ойындары өте аз болатын. Оның үстіне 1993 жылы ешқандай кездесу өткізген жоқ. Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, төрешілік жолды таңдады. Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогына төрешілік етті. 2002-2013 жылдар аралығында 125 кездесуде бас төреші болды. 2007 жылы «Қазақстанның ең үздік төрешісі» атанды. 2007 және 2012 жылдары Қазақстан кубогының финалдық бәсекесінде төрелік етті. Ал биыл тізесінен алған ескі жарақаты сыр беріп, төрешілік қызметпен де қоштасты. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1992 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1994 жылы Қазақстан кубогының иегері: 1992 жылы    Бек Төлеуов «Sport»  

Семей футболының түлегі, «Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасында бірнеше жыл өнер көрсеткен, 2007 жылғы «Қазақстанның ең үздік төрешісі» атанған футболшы Қайрат Сіләмбеков

Қайрат Қуанышұлы Сіләмбеков 1966 жылы, 20  маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ футболының отаны саналатын Семейде алғаш аладопты жанына серік етті. Футболшы ретінде осы өлкеде қалыптасты. Кейіннен 1984 жылы 18  жасында КСРО чемпионатының екінші лигасында өнер көрсететін Алматының СКИФ клубы жас футболшының өнеріне қызығушылық танытады. Осыдан соң, әскер қатарына шақырылады. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, 1987 жылы Талдықорғанның «Жетісу» клубында ойнады. Келесі жылы туған жеріне оралады. Семейдің «Спартагы» сапында КСРО чемпионатының екінші лигасында алғашқы жылы 32 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Екінші жылы 34 рет жасыл алаңға шықты. 1990 жылы алғаш рет Алматының бас командасы «Қайраттан» шақырту алады. Бұл кездері «Қайрат» Бірінші лигада ойнап жүрген болатын. Қайрат бара сала негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. КСРО чемпионатының соңғы екі маусымда 65 рет «Қайарттың» жейдесін киіп шықты. Ал 1992 жылы өзіміздің дербес Қазақстан чемпионатында доп қуалады. Тұңғыш Қазақстан чемпионаты «Қайрат» командасына болсын, Қайрат Сіләмбековке болсын жаман болған жоқ. Алматылықтар КСРО чемпионатында өнер көрсеткен футболшыларының көбін өздерінде сақтап қалған болатын.Сол құрам Қазақстан біріншілгінде қинала қойған жоқ, Ә, дегеннен тізгінді қолдарына алған қазақ футболының флагманы ел біріншілігімен қатар, Қазақстан кубогына да иелік етті.

«Қайраттан» соң, Шымкенттің «Жігеріне» ауысты. «Жігердің» жігерлі жігіттері 1993 жылы жақсы өнер көрсетті. Мәреге қарсыластарымен үзеңгі қағысытырып келгенімен, соңғы сәтте үшінші орынға тек бір ұпай ғана жетпей қалды. Әйткенмен, шымкенттік команда  бұл олқылықтың орнын келесі жыл толтырды. «Елімай» мен «Аңсатты» алға жіберіп, қола жүлдеге қол созды. Осы екі жыл ішінде өзі 76 ойынға қатысты. Үздік 33 футболшының қатарына енді.  1995 жылы «Цесна» ( қазіргі «Астана 1964») командасынан ұсыныс түседі. Ақмоланың командасы сол жылы біріншілікті 10-шы орынмен аяқтап, чемпионаттағы өз орнын сақтап қалды. Ал 1996 жылы Станислав Каминский бапкер «Мұнайшы» командасын жаттықтырады. Ақтаудың командасының сол жылы қаржылық жағдайы жақсарып, көптеген ойыншыларды сатып алады. Қанат Мұсатаев, Қайрат Айманов, Роман Вороговский, Иван Яремчук, Ренат Атаулин, Валерий Глушаков, Марат Есмұратов сияқты футболшылардың қатарында Қайрат Сламбеков та осы командамен келісім-шартқа отырды. Батыс командасы жүлдеге жетпесе де, біріншілікті төртінші орынмен аяқтады. Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жеткен болатын. Бұл әзірге клубтың тарихындағы ең үздік нәтиже. Кейіннен команданың қаржылық жағдай нашарлап, ойыншылар өзге командаларды жағалай бастады. Қанат Мұсатаев пен Қайрат Сіләмбеков екеуі қарағандылық «Шахтерге» ауысады. Бауыржан Баймұхамедовтің шақыруымен «кеншілердің» құрамын толықтырды. Ол осы Қарағандыда қатарынан төрт жыл ойнады. Сол төрт маусымда бірнеше бапкер ауысса да, командадан кетпеді. Бауыржан Баймұхамедов, Виктор Ивашкин. Роберт Анторян, Вахид Масудов та Қайраттың өнеріне тәжірибесіне сенім артты. Төрт маусымда «кеншілердің» жейдесін 100 рет киіп шыққан екен. Футболдағы карьерасында осы Қарағандыда аяқтады.

Жалпы футболдағы карьерасында 413 ойын өткізіп, 13 гол соққан.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрама сапында алғаш еліміз жеке өз құрамасын жасақтаған 1992  жылы шақырылды. Сол жылы Орталық Азия елдерінің жолдастық кездесуі аясында Өзбекстан құрамасына қарсы өзінің дебюттік кездесуін өткізді.  Жалпы 1992-1996 жылдар аралығында алты ойын өткізді. Ол кездері ұлттық құраманың ойындары өте аз болатын. Оның үстіне 1993 жылы ешқандай кездесу өткізген жоқ.

Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, төрешілік жолды таңдады. Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогына төрешілік етті. 2002-2013 жылдар аралығында 125 кездесуде бас төреші болды. 2007 жылы «Қазақстанның ең үздік төрешісі» атанды. 2007 және 2012 жылдары Қазақстан кубогының финалдық бәсекесінде төрелік етті. Ал биыл тізесінен алған ескі жарақаты сыр беріп, төрешілік қызметпен де қоштасты.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1992 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1994 жылы

Қазақстан кубогының иегері: 1992 жылы

 

 Бек Төлеуов «Sport»

 

Бөлісу: