2013 жылдың 7 айында Астанада 3 617 пәтер тапсырылды

15 Тамыз 2013, 09:29

2013 жылдың қаңтар-шілде айларында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 195,0% құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Статистика департаментінен хабарлады. Жалпы, негізгі капиталға тартылған инвестицияда тұрғын үй құрылысында игерілген негізгі қаржының үлесі 19,8% болды. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 388 195 шаршы метрді құрайтын 3617 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2012 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 49,6% төмен. Жеке тұрғын үй салушылар өткен жылдың қаңтар-шілде айларындағы деңгейге шаққанда жалпы ауданы 49 567 шаршы метрлік тұрғын жай салды. Жалпы тапсырылған үйлердің ішінде жеке тұрғын үй салушылардың үлесі өткен жылдың алғашқы жеті айындағы 4,1% қарағанда 12,8% құрады. «2013 жылғы қаңтар-шілде айларында елордада тұрғын үй салудың орташа құны іс жүзінде жалпы ауданның 1 ш метрі 86,6 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар-шілдеде 90,2 мың теңге), ал тұрғын үйдің пайдалы ауданын салудың орташа құны іс жүзінде 1 шаршы метр 113,0 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар-шілдеде 122,2 мың теңге), соның ішінде жеке тұрғын үй салушылар салған үйлерде 53,7 мың теңгені құрады», - делінген ақпаратта. astana.kz

2013 жылдың қаңтар-шілде айларында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 195,0% құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Статистика департаментінен хабарлады.

Жалпы, негізгі капиталға тартылған инвестицияда тұрғын үй құрылысында игерілген негізгі қаржының үлесі 19,8% болды.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 388 195 шаршы метрді құрайтын 3617 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2012 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 49,6% төмен. Жеке тұрғын үй салушылар өткен жылдың қаңтар-шілде айларындағы деңгейге шаққанда жалпы ауданы 49 567 шаршы метрлік тұрғын жай салды. Жалпы тапсырылған үйлердің ішінде жеке тұрғын үй салушылардың үлесі өткен жылдың алғашқы жеті айындағы 4,1% қарағанда 12,8% құрады.

«2013 жылғы қаңтар-шілде айларында елордада тұрғын үй салудың орташа құны іс жүзінде жалпы ауданның 1 ш метрі 86,6 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар-шілдеде 90,2 мың теңге), ал тұрғын үйдің пайдалы ауданын салудың орташа құны іс жүзінде 1 шаршы метр 113,0 мың теңгені (2012 жылғы қаңтар-шілдеде 122,2 мың теңге), соның ішінде жеке тұрғын үй салушылар салған үйлерде 53,7 мың теңгені құрады», - делінген ақпаратта.

astana.kz

Бөлісу: