15 Тамыз 2013, 09:18
Қазақстандық спортшы Маргарита Мұқашева Мәскеуде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 800 метрге жүгіруде жартылай финалға өте алмады,деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.
27 жастағы қазақстандық спортшы өз тобында 2 минут 2,6 секунд нәтижемен 7-ші орынға табан тіреді. Ал бұл топта американдық Бренд Мартинез 800 метрді 1 минут 59,39 секундта жүгіріп өтіп, үздік нәтиже көрсеттті.
Айта кетерлігі, М.Мұқашева биылғы универсиада ойындары барысында 800 метрді 1 минут 58,96 секундта жүгіріп өткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадан XIV әлем чемпионаты Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтуде. 10 тамызда басталған жарыстар 18 тамызда аяқталады.
ҚазАқпарат