Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында Қазақстанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 7,1%-ға артты, деп хабарлады Статистика агенттігі.
Статистика агенттігі төрағасының Әлихан Смайыловтың айтуынша, елімізге 2821,6 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Мұндай алға іргелілеушілік өндірістің түрлі салаларында да байқалды. Атап айтатын болсақ, өнеркәсіптік өндіріс көлемі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 1,9% артып, әрекеттегі бағалармен 10228,8 млрд теңгені құраған.
- Ал тау-кен өнеркәсібінде және карьер жасауда өндіріс 2,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 1,3-ға, электрмен жабдықтауда, газ, бу жеткізуде және әуе кондициялауда - 0,8%-ға артты. Оған қоса, ауыл шаруашылық өнімдерін жалпы шығару көлемі ұлғайып, 681,1 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-шілдесінен 1,8%-ға көп, - дейді агенттік төрағасы.
Сонымен қатар, көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 2013 жылдың қаңтар-шілдесінде 107,2%, ал «Байланыс» - 114,4% болса, «Сауда» - 112,5 пайызды құраған.
baq.kz