Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

15 Тамыз 2013, 04:37

Бүгін Қазақстанның халық артисі, қазақ вальсінің королі, танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Бүгін осыған орай «Қазақстан» ұлттық арнасында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы түсірген «Шәмші» деректі-көркем фильмінің тұсаукесері болмақ. Біз туынды режиссері Тілеген Ахметовке жолығып, жаңа туындының қалай жүзеге асқанын сұраған едік.  Актер-режиссер Тілеген Ахметов Шәмші туралы фильм түсіру туралы алғаш 1990 жылы тамыз айының басында шешім қабылдайды. Бірде радио тыңдап отырып, композитордың сұхбатын естіп қалады. Сонда «Менің жасым 37-ге келді. Бала кезден әнін тыңдап өссек те, осы уақытқа дейін түрін теледидардан көрмеппіз. Бізден кейінгі ұрпақ тек дауысын естіп, дидарын тек суреттен ғана тамашалай ма?» деген ойға келеді. Сөйтіп, бірегей тұлға туралы фильм түсірмекке бел буады. Бірақ ол кезде қазіргідей техниканың дамып, бейнекамераның кез келген дүкенде сатыла қоймаған уақыты. Өзі жұмыс істейтін «Қазақфильм» студиясына тапсырыс беріп, басшылар келісім беріп, жоспарға бекіткенше арада бір жыл өтеді. Бас кейіпкерді табу да оңайға түспейді. Біледі-ау деген кісілерден сұрастырып көргенде, композитордың көбіне Жамбыл, Шымкент өңірін аралап, Алматыға сирек келетіні белгілі болады. «Іздеген жетер – мұратқа» дегендей, ақыры шымқалада тұратын бір туысқан інісінің телефонын алып, қоңырау шалады. Мән-жайды түсіндіріп, сол үйге келе қалған жағдайда хабарласуын өтінеді. Көп ұзамай, өнер иесі өзі байланысқа шығып, тамыз айының басында Алматыға келетінін айтады. Сөзінде тұрып, тамыз айының алғашқы аптасында Құрманғазы оркестрінің ғимаратына шақырып, кездесуге әзірлігін жеткізеді.  – Дереу такси ұстап, құстай ұшып бардым. Бірақ түрін білмейтіндіктен, қалай танимын деп қобалжыдым. Есіктен кіріп келсем, фойеде Зейнеп Қойшыбаевамен бір кісі әңгімелесіп тұр екен. Басында қарапайым тақиясы бар. Іздеген адамым дәу де болса, осы кісі екенін бірден сездім. Қасына барып, «Ассалаумағалейкум, аға» деп амандасып, қолын алдым. Ол да жалпақтап, жағдайымды сұрап жатыр. Кішіпейілділігіне шек жетпейді екен. Екеуміз біраз сөйлескеннен кейін «Қазір Шымкентте біраз шаруам бар еді. Соларды бітіріп, бір айдан кейін келемін» деді. Мен ақырындап материал іздей бастадым. Сөйтсем, кинопленкаға түскен бірде-бір кадр жоқ екен. Ең болмаса, алыста кетіп бара жатқан бейнесін таба алмадым. «Жарайды бір сағат сөйлетермін, әрі қарай не көрсетемін» деп саса бастадым. Қуанышқа қарай, дәл сол кезде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде Оразбек Бодықовтың «Шәмші туралы жыр» деген әңгіме-естеліктерінен үзінділер жариялана бастады. Бірін қалдырмай оқып, біраз деректерге қанықтым. Әскер қатарында Сахалинде болып, азаматтық борышын өтегенін біліп, фильмнің бір бөлігін сонда түсіргім келді. Қазан айының төртіне билет те алып қойдық. Менің ойым Шәкеңнің сонда жүріп, ел-жұртын қалай сағынғанын, қандай әндер жазғанын сұрау. Жігіттік шағын есіне түсіру. Фильм барысында композитор ретінде емес, адам ретіндегі болмысын көбірек ашу. Бір сағат өзін сөйлету. Шәкеңді алғаш көргеннен байқағаным, өте терең білімді, шежіреші, ән тарихынан хабары мол кісі екен. Содан не керек, мен жоспарларымды пісіріп біткенше, қыркүйек айы да келді. Бірақ кейіпкерімнің төбесі көрінбейді. Уайымдай бастадым. Баяғы інісіне хабарласып едім, «ол кісі қатты ауырып қалды, емделіп жатыр» деді. Не істерімді білмей қалдым. «Сабырхан Асанов бір хабарын біледі» дегенді естіп, жай-күйін сұрастырып едім, «Ертерек қимылдамасаңдар, кеш қаласыңдар-ау» дегендей айтты. Бірден Шымкентке жолға шығып, Шәкеңнің қарындасының үйіне бардық. Көшеде бір жан баласы жоқ. Әзер дегенде алдымыздан біреу шығып, сұрастырып едік, жөн сілтеді. Үш күн ес-түссіз жатып, беті бері қарағаны сол көрінеді. Есік алдындағы жалғыз ағаштың көлеңкесінде отыр екен. Біз кіріп келгенде аң-таң болды. Бір ай бұрын көрген адамыма ұқсамайды. Ауру меңдеп, әбден жанының қиналғаны көрініп тұр. Бізді көріп, ауырып қалғанына өзі ыңғайсызданып қалғандай болды. Жағдайын түсініп, «Сізді көп қинамайық, кішкене әңгіме айтыңыз» дедім. Қарасам, шашы ақ қырау тартып, ұйпаланып кетіпті. Ертең көрген көзден ыңғайсыз болмасын деп, «Шәке, басыңызға не кигізсек екен, бірдеңе керек болып тұр» дедім. Қарындасы жүгіріп барып, қаракөл шапка алып келді. Кигізіп көріп едік, әлгі керемет жараса кетті. Шәкең далада отырғандықтан, камераны жақын ұстауға тура келді. Бірақ, ауырып отырғандықтан, көп сөйлей алмады, – дейді режиссер.  Тілеген Ахметов композитор кішкене ес жиып, әлденіп алсын, содан кейін асықпай тағы жазармын деп ойлайды. Оның үстіне, алда Сахалин сапары күтіп тұрады. Бірегей тұлға дастарқан үстінде «Сендерді дұрыстап қарсы ала алмадым. Келесі келгенде Шардара ауданында ауқатты інілерім бар, жақсылап күтіп алады. Фильм түсіруді сол жерден бастаймыз» деп, қазан көтеріп, ет аса алмағанына ыңғайсызданғандай күй танытады. Режиссер разылығын білдіріп, қонақ үйге тұрақтайды. Ертесі «қосымша материал болсын» деп, Шәмшінің әкесі Қалдаяқтың бейітін, сол ауылда өтіп жатқан ат бәйгесін таспаға тартады. Сөйтіп жүргенде композитор бұларды іздеп келіп кетеді. Алайда орындарынан таппай, кері қайтады. Көп ұзамай, Шәмші Қалдаяқов Алматы қаласындағы «Совминнің» ауруханасына түседі.  – Күн сайын барып, жағдайын сұрап тұрдым. Бұрынғыдай көп әңгіме жоқ. Үнемі ой үстінде отырады. Желтоқсан айында «Халық артисі» атағы берілді. Газетке шыққан жарлықты алып барып едім, ешқандай реакция болған жоқ. Қуанғанын байқамадым. «Елегендеріне рақмет» деді де қойды. Менің ойымда түк жоқ, Шәкең көп ұзамай жазылып кетеді, фильмді жалғастырамын деп жүрмін. Сол оймен жаңа жыл қарсаңында мерекені отбасында өткізсін деп, ауруханадан сұрап, үйіне алып келдік. Сол жерде тағы біраз кадр түсірдім. Фортепианоға отырып, кішкене ойнаттым. Бірақ одан арғыға шамасы келмеді, – дейді Тілеген Ахметов.  Не керек, режиссер осыған дейін түсірген материалдарын жинақтап, арасына әншілердің әңгімесін қосып, жарты сағаттық «Қайран, Шәмші» деректі фильмін монтажға ұсынады. 1992 жылы ақпан айының соңғы күндері Шәмші Қалдаяқов «киносы дайын болған шығар» деп режиссерді іздейді. Бірақ іс-сапараға кеткен Тілеген Ахметовты таба алмайды. Ауруханада жатып, өзі туралы түсірілген фильмді көріп кетсем деген арманы орындалмайды. Ал режиссер жол үстінде композитордың қайтыс болғанын естіп, пойыздан түсе сала, бірден Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына келіп, ақтық сапарға шығарып салады. Одан кейін арада 20 жыл өтсе де Шәмші туралы фильмін әрі қарай жалғастыруды ойлап, армандауын тоқтатпайды. Бірақ қаражат көзі табылмайды. «Менің Қазақстаным» әні Әнұранға айналғанша ресми билік өкілдері де Шәмшіні іздей қоймайды. Тек, 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының директоры Қалдыбек Құрманәліге жолығып, өз ұсынысын ортаға салады. Соның нәтижесінде Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке хат жазылады. Хат «Қазақфильм» студиясына жіберіледі. Өз кезегінде Ермек Аманшаев та қолдау білдіріп, 50 минуттық екінші фильм жарық көреді.  – Бұрынғы кадрлер фильмнің діңгегі сияқты пайдаланылды. Актерлер шақырып, көркем фильмнің әдісін қостық. Бөлінген 10 млн теңгені барымен базар қылып, жеткізуге тырыстық. Бірінші фильм Шәкең аяқ астынан өмірден өткеннен кейін ойлағанымдай жүзеге аспады. Екінші рет қолға алғанымда да дайын кадрларым өшіп қалып, күтпеген мистикалық жағдайларға тап болдық. Соның салдарынан, 2010 жылы түсірген туындым, міне, 2013 жылдың тамыз айына дейін монтаждалды. Енді, алдағы уақытта бірнеше сериалы фильм түсіруді армандаймын. Оған арқау болатын Шәкеңнің өмірінен материалдар жеткілікті, – дейді Тілеген Ахметов. Байдәулет Қаншайым  aikyn.kz

Бүгін Қазақстанның халық артисі, қазақ вальсінің королі, танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Бүгін осыған орай «Қазақстан» ұлттық арнасында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы түсірген «Шәмші» деректі-көркем фильмінің тұсаукесері болмақ. Біз туынды режиссері Тілеген Ахметовке жолығып, жаңа туындының қалай жүзеге асқанын сұраған едік. 

Актер-режиссер Тілеген Ахметов Шәмші туралы фильм түсіру туралы алғаш 1990 жылы тамыз айының басында шешім қабылдайды. Бірде радио тыңдап отырып, композитордың сұхбатын естіп қалады. Сонда «Менің жасым 37-ге келді. Бала кезден әнін тыңдап өссек те, осы уақытқа дейін түрін теледидардан көрмеппіз. Бізден кейінгі ұрпақ тек дауысын естіп, дидарын тек суреттен ғана тамашалай ма?» деген ойға келеді. Сөйтіп, бірегей тұлға туралы фильм түсірмекке бел буады. Бірақ ол кезде қазіргідей техниканың дамып, бейнекамераның кез келген дүкенде сатыла қоймаған уақыты. Өзі жұмыс істейтін «Қазақфильм» студиясына тапсырыс беріп, басшылар келісім беріп, жоспарға бекіткенше арада бір жыл өтеді. Бас кейіпкерді табу да оңайға түспейді. Біледі-ау деген кісілерден сұрастырып көргенде, композитордың көбіне Жамбыл, Шымкент өңірін аралап, Алматыға сирек келетіні белгілі болады. «Іздеген жетер – мұратқа» дегендей, ақыры шымқалада тұратын бір туысқан інісінің телефонын алып, қоңырау шалады. Мән-жайды түсіндіріп, сол үйге келе қалған жағдайда хабарласуын өтінеді. Көп ұзамай, өнер иесі өзі байланысқа шығып, тамыз айының басында Алматыға келетінін айтады. Сөзінде тұрып, тамыз айының алғашқы аптасында Құрманғазы оркестрінің ғимаратына шақырып, кездесуге әзірлігін жеткізеді. 
– Дереу такси ұстап, құстай ұшып бардым. Бірақ түрін білмейтіндіктен, қалай танимын деп қобалжыдым. Есіктен кіріп келсем, фойеде Зейнеп Қойшыбаевамен бір кісі әңгімелесіп тұр екен. Басында қарапайым тақиясы бар. Іздеген адамым дәу де болса, осы кісі екенін бірден сездім. Қасына барып, «Ассалаумағалейкум, аға» деп амандасып, қолын алдым. Ол да жалпақтап, жағдайымды сұрап жатыр. Кішіпейілділігіне шек жетпейді екен. Екеуміз біраз сөйлескеннен кейін «Қазір Шымкентте біраз шаруам бар еді. Соларды бітіріп, бір айдан кейін келемін» деді. Мен ақырындап материал іздей бастадым. Сөйтсем, кинопленкаға түскен бірде-бір кадр жоқ екен. Ең болмаса, алыста кетіп бара жатқан бейнесін таба алмадым. «Жарайды бір сағат сөйлетермін, әрі қарай не көрсетемін» деп саса бастадым. Қуанышқа қарай, дәл сол кезде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде Оразбек Бодықовтың «Шәмші туралы жыр» деген әңгіме-естеліктерінен үзінділер жариялана бастады. Бірін қалдырмай оқып, біраз деректерге қанықтым. Әскер қатарында Сахалинде болып, азаматтық борышын өтегенін біліп, фильмнің бір бөлігін сонда түсіргім келді. Қазан айының төртіне билет те алып қойдық. Менің ойым Шәкеңнің сонда жүріп, ел-жұртын қалай сағынғанын, қандай әндер жазғанын сұрау. Жігіттік шағын есіне түсіру. Фильм барысында композитор ретінде емес, адам ретіндегі болмысын көбірек ашу. Бір сағат өзін сөйлету. Шәкеңді алғаш көргеннен байқағаным, өте терең білімді, шежіреші, ән тарихынан хабары мол кісі екен. Содан не керек, мен жоспарларымды пісіріп біткенше, қыркүйек айы да келді. Бірақ кейіпкерімнің төбесі көрінбейді. Уайымдай бастадым. Баяғы інісіне хабарласып едім, «ол кісі қатты ауырып қалды, емделіп жатыр» деді. Не істерімді білмей қалдым. «Сабырхан Асанов бір хабарын біледі» дегенді естіп, жай-күйін сұрастырып едім, «Ертерек қимылдамасаңдар, кеш қаласыңдар-ау» дегендей айтты. Бірден Шымкентке жолға шығып, Шәкеңнің қарындасының үйіне бардық. Көшеде бір жан баласы жоқ. Әзер дегенде алдымыздан біреу шығып, сұрастырып едік, жөн сілтеді. Үш күн ес-түссіз жатып, беті бері қарағаны сол көрінеді. Есік алдындағы жалғыз ағаштың көлеңкесінде отыр екен. Біз кіріп келгенде аң-таң болды. Бір ай бұрын көрген адамыма ұқсамайды. Ауру меңдеп, әбден жанының қиналғаны көрініп тұр. Бізді көріп, ауырып қалғанына өзі ыңғайсызданып қалғандай болды. Жағдайын түсініп, «Сізді көп қинамайық, кішкене әңгіме айтыңыз» дедім. Қарасам, шашы ақ қырау тартып, ұйпаланып кетіпті. Ертең көрген көзден ыңғайсыз болмасын деп, «Шәке, басыңызға не кигізсек екен, бірдеңе керек болып тұр» дедім. Қарындасы жүгіріп барып, қаракөл шапка алып келді. Кигізіп көріп едік, әлгі керемет жараса кетті. Шәкең далада отырғандықтан, камераны жақын ұстауға тура келді. Бірақ, ауырып отырғандықтан, көп сөйлей алмады, – дейді режиссер. 
Тілеген Ахметов композитор кішкене ес жиып, әлденіп алсын, содан кейін асықпай тағы жазармын деп ойлайды. Оның үстіне, алда Сахалин сапары күтіп тұрады. Бірегей тұлға дастарқан үстінде «Сендерді дұрыстап қарсы ала алмадым. Келесі келгенде Шардара ауданында ауқатты інілерім бар, жақсылап күтіп алады. Фильм түсіруді сол жерден бастаймыз» деп, қазан көтеріп, ет аса алмағанына ыңғайсызданғандай күй танытады. Режиссер разылығын білдіріп, қонақ үйге тұрақтайды. Ертесі «қосымша материал болсын» деп, Шәмшінің әкесі Қалдаяқтың бейітін, сол ауылда өтіп жатқан ат бәйгесін таспаға тартады. Сөйтіп жүргенде композитор бұларды іздеп келіп кетеді. Алайда орындарынан таппай, кері қайтады. Көп ұзамай, Шәмші Қалдаяқов Алматы қаласындағы «Совминнің» ауруханасына түседі. 
– Күн сайын барып, жағдайын сұрап тұрдым. Бұрынғыдай көп әңгіме жоқ. Үнемі ой үстінде отырады. Желтоқсан айында «Халық артисі» атағы берілді. Газетке шыққан жарлықты алып барып едім, ешқандай реакция болған жоқ. Қуанғанын байқамадым. «Елегендеріне рақмет» деді де қойды. Менің ойымда түк жоқ, Шәкең көп ұзамай жазылып кетеді, фильмді жалғастырамын деп жүрмін. Сол оймен жаңа жыл қарсаңында мерекені отбасында өткізсін деп, ауруханадан сұрап, үйіне алып келдік. Сол жерде тағы біраз кадр түсірдім. Фортепианоға отырып, кішкене ойнаттым. Бірақ одан арғыға шамасы келмеді, – дейді Тілеген Ахметов. 
Не керек, режиссер осыған дейін түсірген материалдарын жинақтап, арасына әншілердің әңгімесін қосып, жарты сағаттық «Қайран, Шәмші» деректі фильмін монтажға ұсынады. 1992 жылы ақпан айының соңғы күндері Шәмші Қалдаяқов «киносы дайын болған шығар» деп режиссерді іздейді. Бірақ іс-сапараға кеткен Тілеген Ахметовты таба алмайды. Ауруханада жатып, өзі туралы түсірілген фильмді көріп кетсем деген арманы орындалмайды. Ал режиссер жол үстінде композитордың қайтыс болғанын естіп, пойыздан түсе сала, бірден Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына келіп, ақтық сапарға шығарып салады. Одан кейін арада 20 жыл өтсе де Шәмші туралы фильмін әрі қарай жалғастыруды ойлап, армандауын тоқтатпайды. Бірақ қаражат көзі табылмайды. «Менің Қазақстаным» әні Әнұранға айналғанша ресми билік өкілдері де Шәмшіні іздей қоймайды. Тек, 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының директоры Қалдыбек Құрманәліге жолығып, өз ұсынысын ортаға салады. Соның нәтижесінде Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке хат жазылады. Хат «Қазақфильм» студиясына жіберіледі. Өз кезегінде Ермек Аманшаев та қолдау білдіріп, 50 минуттық екінші фильм жарық көреді. 
– Бұрынғы кадрлер фильмнің діңгегі сияқты пайдаланылды. Актерлер шақырып, көркем фильмнің әдісін қостық. Бөлінген 10 млн теңгені барымен базар қылып, жеткізуге тырыстық. Бірінші фильм Шәкең аяқ астынан өмірден өткеннен кейін ойлағанымдай жүзеге аспады. Екінші рет қолға алғанымда да дайын кадрларым өшіп қалып, күтпеген мистикалық жағдайларға тап болдық. Соның салдарынан, 2010 жылы түсірген туындым, міне, 2013 жылдың тамыз айына дейін монтаждалды. Енді, алдағы уақытта бірнеше сериалы фильм түсіруді армандаймын. Оған арқау болатын Шәкеңнің өмірінен материалдар жеткілікті, – дейді Тілеген Ахметов.
Байдәулет Қаншайым 


aikyn.kz

Бөлісу: