Беларусь Ресейдің ізінше украиндық шоколадқа шектеу қоюы мүмкін

14 Тамыз 2013, 04:54

Беларусь Мемлекеттік стандарттау комитеті Roshen кондитерлік өнімдерін тексеруге кірісті. Украиндық өнімді тасымалдауға тыйым салу мүмкіндігі туралы шешім апта соңына дейін қабылдануы тиіс, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Тексерістер мен мониторинг жұмыстары кезінде Беларусь Мемлекеттік стандартының инспекторлары украиндық өнімдердің сапа, қауіпсіздік және маркалау талаптарына сәйкестігіне көңіл бөледі», - деп атап өтті ведомство басшылығы.  Ресей Roshen конфеттерін тасымалдауға 29 шілдеде тыйым салды. Ресей тұтынушыларын қадағалау қызметінің басшысы Геннадий Онищенко өнімнің құрамынан бензопирен канцерогені табылғанын мәлімдеді. Дегенмен, кейіннен кондитерлік өнімдердің сыннан өтпей қалуына «азық-түлік өнімдерін маркалау талаптарының орындалмауы – этикеткада көрсетілген өнімдердің тамақ құнары туралы ақпаратпен сәйкес келмеуі» негізгі себеп болғаны анықталды. Осылайша, Ресей Федерациясының кеден органдары Roshen компаниясының кондитерлік өнімдерін ел аумағына кіргізуге тыйым салып отыр.  Беларусь Мемлекеттік стандарттау комитеті тексерістердің алғашқы нәтижелерін таяу күндері жариялауы мүмкін. Алайда соңғы шешім украиндық кондитерлік өнімдерге өз алдына жеке тексеріс жүргізіп жатқан Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгеннен кейін қабылданады.

Беларусь Мемлекеттік стандарттау комитеті Roshen кондитерлік өнімдерін тексеруге кірісті. Украиндық өнімді тасымалдауға тыйым салу мүмкіндігі туралы шешім апта соңына дейін қабылдануы тиіс, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Тексерістер мен мониторинг жұмыстары кезінде Беларусь Мемлекеттік стандартының инспекторлары украиндық өнімдердің сапа, қауіпсіздік және маркалау талаптарына сәйкестігіне көңіл бөледі», - деп атап өтті ведомство басшылығы. 

Ресей Roshen конфеттерін тасымалдауға 29 шілдеде тыйым салды. Ресей тұтынушыларын қадағалау қызметінің басшысы Геннадий Онищенко өнімнің құрамынан бензопирен канцерогені табылғанын мәлімдеді. Дегенмен, кейіннен кондитерлік өнімдердің сыннан өтпей қалуына «азық-түлік өнімдерін маркалау талаптарының орындалмауы – этикеткада көрсетілген өнімдердің тамақ құнары туралы ақпаратпен сәйкес келмеуі» негізгі себеп болғаны анықталды. Осылайша, Ресей Федерациясының кеден органдары Roshen компаниясының кондитерлік өнімдерін ел аумағына кіргізуге тыйым салып отыр. 

Беларусь Мемлекеттік стандарттау комитеті тексерістердің алғашқы нәтижелерін таяу күндері жариялауы мүмкін. Алайда соңғы шешім украиндық кондитерлік өнімдерге өз алдына жеке тексеріс жүргізіп жатқан Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгеннен кейін қабылданады.

Бөлісу: