Жасанды ет халал ма?

14 Тамыз 2013, 04:13

Ғалымдар зертханада сиырдың ствол жасушасын етке айналдырды. Muslim kz сайтының жазуынша, осыған орай жасанды жолмен алынған етті мұсылман баласы жеуіне бола ма деген қызу пікірталас өрбіген еді. Жақында Лондонда голландиялық ғалымдар сиырдың ствол жасушасынан алынған еттен жасалған котлетті жұрттың назарына ұсынды. Тағам сарапшылары баспасөз мәслихатында осындай жолмен дайындалған котлетке жоғары баға берген көрінеді. Бұл жаңалық етті аузына алмайтын вегетариандар мен жануарларды қорғау ұйымдарын бір желпінтіп тастады. «Мал сойылуы керек» Десе де, асыл дінімізде азық ретінде пайдаланылатын малдың еті тәкбір айтылып сойылуы әрі қаны ағуы тиіс. Иудейлер де осындай пікірде екенін айта кету керек. Олардың дінінде ет пен сүтті бір ыдыста дайындауға және бір мезгілде тұтынуға тыйым салынған. Сол себепті, иудейлер «чизбургерді» ауыздарына да алмайды. Алайда, иудейлердің бұл ережесі зертханада алынған етке жүрмейтін секілді. Раввин Менахама Генаканың сөзіне қарағанда, зертханада алынған «ет өнімі» не етке де, не сүтке де жатпайды. Десе де, Генаканың айтуынша, жасуша сойылған малдың етінен алынуы тиіс. Дін білгірлері: «Егер өнім таза болса, ешқандай мәселе жоқ» Айдын университетінің әлеуметтік зерттеулер директоры, дінтанушы профессор Саим Йелрымның пікірі де осыған саяды: «Адам тұтынатын зат шариғат бойынша таза болмағы ләзім. Адам ағзасына зияны тимейтінді харам деудің негізі жоқ». Ал Анкара университетінің дінтану факультетінің құрметті профессоры Бейза Білгін: «Бұл тараптағы зерттеу әлі аяғына жеткен жоқ. Десе де, тазалықтың мәні зор. Қатты ашыққан жағдайда харам нәрселерді де жеуге болады»,- деп қайырды өз ойын.

Ғалымдар зертханада сиырдың ствол жасушасын етке айналдырды. Muslim kz сайтының жазуынша, осыған орай жасанды жолмен алынған етті мұсылман баласы жеуіне бола ма деген қызу пікірталас өрбіген еді.

Жақында Лондонда голландиялық ғалымдар сиырдың ствол жасушасынан алынған еттен жасалған котлетті жұрттың назарына ұсынды. Тағам сарапшылары баспасөз мәслихатында осындай жолмен дайындалған котлетке жоғары баға берген көрінеді. Бұл жаңалық етті аузына алмайтын вегетариандар мен жануарларды қорғау ұйымдарын бір желпінтіп тастады.

«Мал сойылуы керек»

Десе де, асыл дінімізде азық ретінде пайдаланылатын малдың еті тәкбір айтылып сойылуы әрі қаны ағуы тиіс. Иудейлер де осындай пікірде екенін айта кету керек. Олардың дінінде ет пен сүтті бір ыдыста дайындауға және бір мезгілде тұтынуға тыйым салынған. Сол себепті, иудейлер «чизбургерді» ауыздарына да алмайды. Алайда, иудейлердің бұл ережесі зертханада алынған етке жүрмейтін секілді. Раввин Менахама Генаканың сөзіне қарағанда, зертханада алынған «ет өнімі» не етке де, не сүтке де жатпайды. Десе де, Генаканың айтуынша, жасуша сойылған малдың етінен алынуы тиіс.

Дін білгірлері: «Егер өнім таза болса, ешқандай мәселе жоқ»

Айдын университетінің әлеуметтік зерттеулер директоры, дінтанушы профессор Саим Йелрымның пікірі де осыған саяды: «Адам тұтынатын зат шариғат бойынша таза болмағы ләзім. Адам ағзасына зияны тимейтінді харам деудің негізі жоқ».
Ал Анкара университетінің дінтану факультетінің құрметті профессоры Бейза Білгін: «Бұл тараптағы зерттеу әлі аяғына жеткен жоқ. Десе де, тазалықтың мәні зор. Қатты ашыққан жағдайда харам нәрселерді де жеуге болады»,- деп қайырды өз ойын.

Бөлісу: