Қостанайда Үнді киносының күндері басталды, деп хабарлады BNews.kz тілшісіне Қостанай қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин.
«Қостанайда Үнді киносының күндері алғаш рет өткізіледі. Қалалықтарға бұндай сыйлықты жасау идеясын қала басшылығы ұсынды. Қостанайлықтардың бірнеше ұрпағы үнді фильмдерін көріп өсті, сондықтан бұл күндер бұрынғы кезді еске алу күндері болады. 14-18 тамыз аралығында кино сүйер қауым «Арман» кинотеатрында 2012 жылдың ең танымал үнді фильмдерін көре алады», - деп мәлімдеді ол.
Самат Жанділдиннің айтуынша, Қостанайды Қала күнімен Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ашок Саджанхар құттықтайды.