Қызылордада 800 жаңа жұмыс орны ашылмақ

13 Тамыз 2013, 04:54

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 17 мыңдай қызылордалық қатыстырылған.Мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуеті төмен елдімекендерден 130 отбасы көшіріліп, 138 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Биыл бағдарламаның барлық бағытын жүзеге асыру мақсатында 6,5 млрд. теңге бөлінді. Қаладағы №13 кәсіптік-техникалық мектепті 1994 жылы тәмамдап, аспаз-даяшы мамандығын меңгерген Марфуға Тәшімоваға сол уақыттан бері орнықты жұмыс бұйырмаған. Жеке қоғамдық тамақтану орындарында нәпақа тапқан азаматша 5 жылдан бері жұмыссыз ретінде тіркеліп, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде балабақшаға жіберілді. Әлеуметтік келісімшарт мезгілі аяқталғанымен, саусағынан бал тамған Марфуғаны бөбекжай басшылығы тұрақты қызметке қалдырды. Марфуға ТӘШІМОВА, қала тұрғыны: - Мен біраз уақыт жұмыссыз жүрдім. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Нұр-Зере» балабақшасына орналасып, жұмыс істеп жатырмын. Жұмысым өзіме ұнайды. Айлық еңбекақым уақытылы қолыма тиеді. Бағдарламаға өте қуаныштымын. "24 kz"  

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 17 мыңдай қызылордалық қатыстырылған.Мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуеті төмен елдімекендерден 130 отбасы көшіріліп, 138 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Биыл бағдарламаның барлық бағытын жүзеге асыру мақсатында 6,5 млрд. теңге бөлінді. Қаладағы №13 кәсіптік-техникалық мектепті 1994 жылы тәмамдап, аспаз-даяшы мамандығын меңгерген Марфуға Тәшімоваға сол уақыттан бері орнықты жұмыс бұйырмаған. Жеке қоғамдық тамақтану орындарында нәпақа тапқан азаматша 5 жылдан бері жұмыссыз ретінде тіркеліп, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде балабақшаға жіберілді. Әлеуметтік келісімшарт мезгілі аяқталғанымен, саусағынан бал тамған Марфуғаны бөбекжай басшылығы тұрақты қызметке қалдырды.

Марфуға ТӘШІМОВА, қала тұрғыны:

- Мен біраз уақыт жұмыссыз жүрдім. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Нұр-Зере» балабақшасына орналасып, жұмыс істеп жатырмын. Жұмысым өзіме ұнайды. Айлық еңбекақым уақытылы қолыма тиеді. Бағдарламаға өте қуаныштымын.

"24 kz"

 

Бөлісу: