Лон Сноуден мен Брюс Фейн Мәскеуге баруға ниетті, деп хабарлады Би-Би-Си.
Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі Ресейдегі баласына барып келу үшін виза алды. Олардың айтуына қарағанда, Ресейге олар бірге барады.
Э. Сноуденнің әкесі мен Фейн нақты күні баратындарын айтпады, алайда заңгер Ресейге «өте жақын арада» жолға шығатындарын айтып қалды.
Қорғаушының қатысуымен Лон Сноуден ұлымен АҚШ тарапынан Эдвардқа тыңшылық жасады деген тағылып отырған айыпты қалай жоққа шығару керектігін қарастырмақ.
«Менің ұлым өзінің бұдан былай қайда тұратынын өзі шешеді. Алайда мен ол үшін АҚШ-қа қайтып келу мүмкіндігі пайда болғанын қалаймын», - деді Лон Сноуден.
Алайда Эдвард Сноуденнің әкесінің сөзіне қарағанда, оған өз Отанында америкалық билік өкілдері тарапынан әділ сот шешімі шығарылады дегенге сену қиын.
Орталық барлау басқармасының қашқын қызметкерінің әкесі ұлымен ол АҚШ-тан кеткеннен бері тілдеспегенін айтты. Осыған дейін Ресейдің билік өкілдері Сноуденге баспана берген болатын.
Еске сала кетсек, Эдвард Сноуден батыс БАҚ-на америкалық арнайы қызмет жүзеге асыратын телефон қоңырауларын тыңдау, интернет арқылы ақпаратпен алмасудың көлемді бағдарламасын жария еткен болатын.
ҚазАқпарат.