12 Тамыз 2013, 05:03
Виктор Зубарев, Болат Есмағанбетов, Ойрат Садуов, Серік Әбдуәлиев сынды футболшылар өздерінің шеберліктерін жасыл алаңда көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ол өзі осыдан кейін командадан кету жайлы шешім қабылдайды. Кереку жерінде 7-8 жыл доп тепкен футболшы КСРО чемпионатында 42 ойын, Қазақстан біріншілігінде 178 рет алаңға осы команданың жейдесімен шығыпты. «Ертістен» кеткен соң, қызылордалық «Қайсарға» ауысады. Бұл клуб сол кезде жаңа демеушінің арқасында үлкен қаржылық мүмкіндікке ие болған. Тіпті, атауын сол үшін «Қайсар-Hurricane» деп өзгерткен болатын. Еліміздегі үздік футболшылардың біразын жинаған команда алдына үлкен мақсат қояды. «Тараздан» Нұркен Мәзбаев, еліміздің үш рет үздік ойыншысы атанған Олег Воскобойников сынды футболшылар келді. Қызылордалық команда тұңғыш рет Қазақстан чемпионатындағы ең жоғары жетістігі төртінші орынға табан тірейді. Сондай-ақ, Қазақстан Кубогының жартылай финалына дейін жетті (келесі жылы чемпион атанған болатын). «Қайсардан» соң, Көкшетаудың «Көкше» (қазіргі «Оқжетпес»), қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсетті. Ал футболдағы карьерасын өзінің сүйікті командасы Павлодарлық клуб сапында аяқтады.
Ойыншы ретіндегі карьерасын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке біржола бет бұрады. Алдымен Талғардағы футбол академиясында жаттықтырушы болып бастады. Кейіннен «Қайрат», «Локомотив» (Астана) командаларының қосалқы құрамын жаттықтырды. 2010 жылы Талғат Байсуфиновпен бірге «Ертісті» баптайды. Алғашқы аяқ алыстары жаман болған жоқ. Команда сол жылы ел біріншілігінде үшінші орынға табан тіреп, еурододаларға қатысуға мүмкіндік алды. Осыдан соң, тағы бір қазақстандық футболшы Асқар Қожабергеновпен тізе қосып, «Жетісуді» баптады. Қос маманның арқасында талдықорғандық команда өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдесін еншілейді. Ал қазіргі кезде Бірінші лигада өнер көрсететін көкшетаулық «Оқжетпес» командасының бас бапкері. Команда әзірге қарсыластарынан оқ бойы озып, көш бастап келеді.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Футболшы ретінде
КСРО футбол федерация кубогының жеңімпазы: 1988 жылы
Қазақстан чемпионы: 1993, 1997 жылдары
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1994, 1996 жылдары
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1992 жылы
Бапкер ретінде
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011 жылы
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2010 жылы
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011 жылы
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2010 жылы
Бек Төлеуов «Sport»