Бапкер

12 Тамыз 2013, 05:02

Серік Қайыркенұлы Әбдуәлиев 1966 жылы, 17 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы «Қайраттың» нағыз жұлдызды кезімен тұспа-тұс болғаннан кейін ол одақ көлемінде ойнақ салып жүрген алматылық футболшыларды көргенде, өзінің болашағын футболмен байланыстыруды жоспарлайды. Жас кезінде допқа икемі бар балалардың барлығы бірдей керемет футболшы бола алмайды. Футболда өзге спорт түрлері тәрізді тынымсыз еңбек пен талантты қажет етеді. Өзінің алдына үлкен мақсат қойған Серік алдымен «Қайраттың» қосалқы құрамында доп тебеді. Ол кезде «Қайраттың» негізгі құрамы «сен тұр, мен атайын» дейтіндей, кілең сайдың тасындай жігіттер еді. Оның үстіне бас бапкері Леонид Остроушко футболшыларынан тек жоғары деңгейлі ойын талап ететін. Сонымен қатар, солақай сая­сат қазақ футболшыларын аса жақтыра қоймайтын. Соның салдарынан бірнеше талантты қазақ футболшылары «Қайраттың» негізгі құрамында ойнай алмай кетті. Серікке КСРО чемпионатының Жоғары лигасында үш ойын ойнау мүмкіндігі бұйырды. Бұл 1988 жыл болатын. Сондай-ақ, сол жылы КСРО футбол федерациясы кубогына қатысып, жеңімпаз атанды. Кейіннен КСРО чемпио­натында өнер көрсететін «Жетісу» мен павлодарлық «Трактор» сапында ойнақ салды. Еліміз тәуелсіздік алған соң, Қазақстан біріншілігінің сегіз жыл көрігін қыздырды. Серікті танытқан ол «Аңсат» (қазіргі «Ертіс») болды. Футболдағы карьерасының көп жылын осы команда сапында өткізді. Тұңғыш Қазақстан чемпионатында Виктор Ярышевтан тәлім алатын жігіттер жүлделі үшінші орынға табан тірейді. Арада бір жыл өткенде команда тізгінін Виктор Веретнов ұстады. Осы бапкердің келуімен Виктор Антонов, Серік Әбдуәлиев бастаған жігіттер қоланы алтынға айырбастады. Бұл «Ертістің» алғашқы алтыны болатын. Нәтижесінде Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарында осы Серік те енді. Бұл жігіттер 1994 жылы да жүлденің ауылынан алыс кетпеді. Семейдің «Елімай» клубын алға жіберіп, чемпионатты екінші орынмен аяқтады. Үш жыл қатарынан жүлделі орыннан түспеген команда Владимир Чеботарёв келген кезде чемпионатты бар-жоғы жетінші орынмен аяқтайды. Осыдан соң клуб басшылары қайтадан бұрынғы бапкер Виктор Веретновты шақырады. Команданың тыныс-тіршілігін, футболшылардың қарымын толық білетін бапкер павлодарлық команданы жеңісті жолға қайтадан бастай білді. Бесінші біріншіліктің алтынын «Тараз» олжаласа, күмісі осы командаға бұйырды. «Қоржындағы қос күміс келесі маусымда алтынға айнала ма?» деген жанкүйерлердің үкілі үміті ақталды. 

Бөлісу: