Ең көп гол соққан

12 Тамыз 2013, 04:49

Ұлттық құраманың сапында ең көп гол және ең көп ойын өткізген ұлттық құраманың экс-капитаны,футболдағы мансабын жақында ғана аяқтаған үздікфутболшыларымыздың бірі – Руслан Балтиев. Руслан Балтиев есімі аталған кезде қазақ футболының соңғы15 жылдағы тарихы көз алдымызға келеді. Оның орынды себебі де бар. Ұлттық құраманың өзіндік рекордтарының көпшілігі осы жігітпен тікелей байланысты. Ендеше, бірнеше жыл қазақ футболының жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы болған Руслан жайлы сыр шертіп көрсек.       Руслан Тахирович Балтиев 1978 жылы 16 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Өзге балалар сияқты оның да бала кездегі ермегі осы аладоп болды. «Арбаған мені бір сиқыр» деп Сейдахмет Бердіқұлов ағамыз айтпақшы, Русланды да футбол сиқыры дуалағандай болды. Өзінің болашағын футболсыз елестете алмайтынын түсінген соң, осы жолға біржола бет бұрады. Ең алғаш 18 жасында «Қайнар» (қазіргі «Жетісу») командасына қабылданады. Үлкен спорттағы қадамын енді бастаған бозбала жігіт Талдықорған қаласының командасының жейдесін 13 рет киіп шығып, бір нәтижелі соққымен көзге түседі. Жас баланың болашағы зор екенін футбол мамандары осы кезде байқады. Жас болса да алаңды көре білу, әріптестеріне ыңғайлы пас шығарып беру, техникалық шеберлігінің жоғарлығы «Қайрат» командасының селекционерлерінің назарын аударды. Содан 1997 жылы «Қайрат» сапына ауысады. Қырсық шалғанда, дәл сол жылы «халықтық команда» атанған «Қайрат» екіге бөлінеді. Руслан сол кезде ЦСКА – «Қайратты» таңдайды. Осы жылдары өзінің нағыз жұлдызды шақтарын өткізеді. Жаңа ғасырға қадам басқан жылы АФК Балтиевті Азия футболының жұлдызды құрамасына шақырады. Азия футболының жұлдыздарының сапында Иран мемлекетінің тәуелсіздік күніне арнайы ұйымдастырылған футбол мерекесіне қатысып қайтты. 2000 жылы Петропавлдың «Аксесс-Голден Грейн» (қазіргі«Қызылжар») командасымен ортақ келісімге келеді. «Аксесс-Индастриз» компаниясының едәуір қаржылық инвестиция салғанының арқасында сол кездегі еліміздің ең үздік ойыншылары осы командадан табылды. Украиналық Владимир Стрижевский бапкердің командасында Балтиевтен бөлек, Игорь Авдеев, Болат Есмағанбетов, Александр Фамильцев секілді ұлттық құраманың белді мүшелерінің болғаны белгілі. Ел біріншілігінің соңғы турына дейін астаналық «Жеңіспен» үзеңгі қағыстырып келген қызылжарлық команда «Алтын матч» үшін кездесуде қарсыластарына 2:0 есебімен есе жіберіп, күмісті місе тұтады. Команда екі жыл қатарынан күміспен күптелсе, ал Руслан Қазақстан чемпионатындағы өзінің тұңғыш жүлдесіне қол жеткізді. Келесі жылы Ресей чемпионатында өнер көрсететін Саратов қаласының «Сокол» командасы футболшымыздың өнеріне қызығушылық танытады. Ол бұл команда сапында қатардағы ойыншылардың қатарында қалып қойған жоқ, нағыз көшбасшы футболшылардың бірі болды. Бірақ команда алдыңғы жылғы жетістігін қайталай алмай, біріншілікті соңғы болып аяқтап, Бірінші лигаға қайта оралады. Жоғары лигада өз орнын сақтай алмаған команда сапында қалуды құп көрмей, Саратов қаласынан кетеді. «Соколдан» кеткенімен Ресей чемпионатынан кеткен жоқ. Тарихы тереңге кеткен әйгілі мәскеулік «Динамоға» ауысады. Бұл жылдар оның нағыз тәжірибесі толысып, шеберлігі шындалған кезең еді. 

Ұлттық құраманың сапында ең көп гол және ең көп ойын өткізген ұлттық құраманың экс-капитаны,футболдағы мансабын жақында ғана аяқтаған үздікфутболшыларымыздың бірі  Руслан Балтиев.

Руслан Балтиев есімі аталған кезде қазақ футболының соңғы15 жылдағы тарихы көз алдымызға келеді. Оның орынды себебі де бар. Ұлттық құраманың өзіндік рекордтарының көпшілігі осы жігітпен тікелей байланысты. Ендеше, бірнеше жыл қазақ футболының жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы болған Руслан жайлы сыр шертіп көрсек.

      Руслан Тахирович Балтиев 1978 жылы 16 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Өзге балалар сияқты оның да бала кездегі ермегі осы аладоп болды. «Арбаған мені бір сиқыр» деп Сейдахмет Бердіқұлов ағамыз айтпақшы, Русланды да футбол сиқыры дуалағандай болды. Өзінің болашағын футболсыз елестете алмайтынын түсінген соң, осы жолға біржола бет бұрады. Ең алғаш 18 жасында «Қайнар» (қазіргі «Жетісу») командасына қабылданады. Үлкен спорттағы қадамын енді бастаған бозбала жігіт Талдықорған қаласының командасының жейдесін 13 рет киіп шығып, бір нәтижелі соққымен көзге түседі. Жас баланың болашағы зор екенін футбол мамандары осы кезде байқады. Жас болса да алаңды көре білу, әріптестеріне ыңғайлы пас шығарып беру, техникалық шеберлігінің жоғарлығы «Қайрат» командасының селекционерлерінің назарын аударды. Содан 1997 жылы «Қайрат» сапына ауысады. Қырсық шалғанда, дәл сол жылы «халықтық команда» атанған «Қайрат» екіге бөлінеді. Руслан сол кезде ЦСКА – «Қайратты» таңдайды. Осы жылдары өзінің нағыз жұлдызды шақтарын өткізеді. Жаңа ғасырға қадам басқан жылы АФК Балтиевті Азия футболының жұлдызды құрамасына шақырады. Азия футболының жұлдыздарының сапында Иран мемлекетінің тәуелсіздік күніне арнайы ұйымдастырылған футбол мерекесіне қатысып қайтты.

2000 жылы Петропавлдың «Аксесс-Голден Грейн» (қазіргі«Қызылжар») командасымен ортақ келісімге келеді. «Аксесс-Индастриз» компаниясының едәуір қаржылық инвестиция салғанының арқасында сол кездегі еліміздің ең үздік ойыншылары осы командадан табылды. Украиналық Владимир Стрижевский бапкердің командасында Балтиевтен бөлек, Игорь Авдеев, Болат Есмағанбетов, Александр Фамильцев секілді ұлттық құраманың белді мүшелерінің болғаны белгілі. Ел біріншілігінің соңғы турына дейін астаналық «Жеңіспен» үзеңгі қағыстырып келген қызылжарлық команда «Алтын матч» үшін кездесуде қарсыластарына 2:0 есебімен есе жіберіп, күмісті місе тұтады. Команда екі жыл қатарынан күміспен күптелсе, ал Руслан Қазақстан чемпионатындағы өзінің тұңғыш жүлдесіне қол жеткізді. Келесі жылы Ресей чемпионатында өнер көрсететін Саратов қаласының «Сокол» командасы футболшымыздың өнеріне қызығушылық танытады. Ол бұл команда сапында қатардағы ойыншылардың қатарында қалып қойған жоқ, нағыз көшбасшы футболшылардың бірі болды. Бірақ команда алдыңғы жылғы жетістігін қайталай алмай, біріншілікті соңғы болып аяқтап, Бірінші лигаға қайта оралады. Жоғары лигада өз орнын сақтай алмаған команда сапында қалуды құп көрмей, Саратов қаласынан кетеді. «Соколдан» кеткенімен Ресей чемпионатынан кеткен жоқ. Тарихы тереңге кеткен әйгілі мәскеулік «Динамоға» ауысады. Бұл жылдар оның нағыз тәжірибесі толысып, шеберлігі шындалған кезең еді. 

Бөлісу: