Жетістіктері

12 Тамыз 2013, 04:46

Еліміздің ең үздік ойыншысын өз қатарларына қосқысы келген клубтардың саны көп болды. Солардың алғашқысы болып ұсыныс жасаған сол кездегі су жаңа ел чемпионы семейлік «Елімай» еді. Тіпті, футболшымен жеке келісімге келіп, оқу-жаттығу жиындарына шақырылды. Қаңтар айында Ресейде өткен «Достастық кубогына» қатысты. Бірақ, шымкенттік команда өзінің үздік футболшысын жібергісі келмеді. Келесі жылы Ресейлік «Жемчужина» (Сочи) командасынан шақырту алады. Бұл командамен де тағы жеке келісімге келген ол Ресейдің Жоғары лигасында ойнауға мүмкіндігі бар еді. Бірақ, тағы да клуб басшылары футболшыны жібермей, жолын байлайды. Осылайша Ресейге сапары басталмай жатып, ерте аяқталды. Дегенмен 1996 жылы келісімшарты аяқталған соң, оңтүстіктің командасынан кетеді. Осы 1992-1995 жылдар аралығында шымкенттік команданың жейдесін 140 ойында киіп шығып, 21 гол соқты. Төрт жыл қатарынан Қазақстанның үздік 33 футболшысының тізіміне енді. Шымкенттен кеткеннен соң, үлкен қаржылық инвестицияға ие болып, жаңадан жасақталып жатқан Ақтаудың «Мұнайшы» командасына ауысады. «Қайраттың» әйгілі футболшысы, әрі кейіннен бапкері болған Станислав Каминскийдің шақыруымен батыс командасының намысын қорғауға бел буады. Кейіннен клуб басшылары команданың тізгінін Құрбан Бердыевке ұстатады. Бұл клуб сол маусымда төртінші орыннан көрінді. Ал келесі жылы команда қаржылық қиындықтарға тап болып, ойыншылары өзге клубтарды жағалай бастайды. Осы кезде кейіпкеріміз қарағандылық «Шахтерге» ауысады. Бауыржан Баймұхамедовтың командасында бір маусымда 36 ойын өткізді. «Шахтерден» соң, қайтадан Шымкентке оралады. Жергілікті «Синтез» командасында өнер көрсеткен жылдары екінші бір тынысы ашылғандай болды. Өзінің спорттық бабына қайта енген футболшы үздіктердің қатарында болды. Бұл жылдары команданың құрамында Қанаттан бөлек, Нұркен Мазбаев, Олег Воскобойников сияқты шеберлер бар еді. Жаңа ғасырға қадам басқан 2000 жылы Павлодардың намысын қорғайды. Сол жылы «Ертіспен» ел чемпионатында қолаға қол созады. «Ертістен» кейін «Тараз», «Ақтөбе», «Қайсар» сияқты командаларда өнер көрсетті. «Таразбен» бірге Азия чемпиондар лигасына қатысты. Футболдағы карьерасын         «Яссы-Сайрам» сапында аяқтады. Футболшының өзі «Яссы-Сайрамға» ауысуын былай түсіндіреді. «Мен футболда біраз жетістіктерге жеттім, Қазақстанның үздік ойыншысы атандым, ұлттық құрама сапында тер төктім, футболдағы карьерамды аяқтайтын тұста алдарына үлкен мақсат қойған «Яссы-Сайрам» өз қатарларына шақырды. Команда басшылары менің осы командада ойнағанымды қалады. Мен келсем өзге де футболшылардың командаға қосылатынын олар жақсы түсінді. Осы команданың капитаны болдым, әрі жастарға өз тәжірибемді бөлісуге тырыстым» деп түйіндеді. Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуін 1992 жылы Түркіменстанға қарсы өткізді. Жалпы ұлттық құрама сапында 1992-1996 жылдар аралығында 9 ойын өткізген. Қанат Бектілеуұлы футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкер болып та, басшылық қызметтерді де атқарды. Алдымен «Ордабасы» командасында бапкерлер қосынында болды. Кейіннен қарағандылық «Шахтердің» менеджері, «Железнодорожник» командасында бапкерлік қызмет атқарды. «Қайраттың» қосалқы құрамы болып табылатын  командада ол танымал футболшы Марат Есмұратовпен бірге қызмет істеді. Негізінен осы команда сапынан бірнеше талантты футболшылар өсіп шыққан. Ал 2011 жылы «Тарлан» (қазіргі «Қыран») командасының бас бапкері болды. 2012 жылдан бастап, Қазақстан футбол федерациясының спорттық директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы уақыт аралығында бірнеше игілікті істердің басын қайырды. «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту» бағдарламасының 2012-2022 жылдардағы жоспары аясында облыс орталықтарында балаларға арналған футбол мектептерін ашуға өз үлесін қосып жүрген азамат.  Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1992 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2000 жылы Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарына енді: 1992, 1993, 1994, 1995, 1999 жылдары. Қазақстанның үздік футболшысы: 1994 жылы.  Бек Төлеуов «Sport»    

Еліміздің ең үздік ойыншысын өз қатарларына қосқысы келген клубтардың саны көп болды. Солардың алғашқысы болып ұсыныс жасаған сол кездегі су жаңа ел чемпионы семейлік «Елімай» еді. Тіпті, футболшымен жеке келісімге келіп, оқу-жаттығу жиындарына шақырылды. Қаңтар айында Ресейде өткен «Достастық кубогына» қатысты. Бірақ, шымкенттік команда өзінің үздік футболшысын жібергісі келмеді. Келесі жылы Ресейлік «Жемчужина» (Сочи) командасынан шақырту алады. Бұл командамен де тағы жеке келісімге келген ол Ресейдің Жоғары лигасында ойнауға мүмкіндігі бар еді. Бірақ, тағы да клуб басшылары футболшыны жібермей, жолын байлайды. Осылайша Ресейге сапары басталмай жатып, ерте аяқталды. Дегенмен 1996 жылы келісімшарты аяқталған соң, оңтүстіктің командасынан кетеді. Осы 1992-1995 жылдар аралығында шымкенттік команданың жейдесін 140 ойында киіп шығып, 21 гол соқты. Төрт жыл қатарынан Қазақстанның үздік 33 футболшысының тізіміне енді. Шымкенттен кеткеннен соң, үлкен қаржылық инвестицияға ие болып, жаңадан жасақталып жатқан Ақтаудың «Мұнайшы» командасына ауысады. «Қайраттың» әйгілі футболшысы, әрі кейіннен бапкері болған Станислав Каминскийдің шақыруымен батыс командасының намысын қорғауға бел буады. Кейіннен клуб басшылары команданың тізгінін Құрбан Бердыевке ұстатады. Бұл клуб сол маусымда төртінші орыннан көрінді. Ал келесі жылы команда қаржылық қиындықтарға тап болып, ойыншылары өзге клубтарды жағалай бастайды. Осы кезде кейіпкеріміз қарағандылық «Шахтерге» ауысады. Бауыржан Баймұхамедовтың командасында бір маусымда 36 ойын өткізді. «Шахтерден» соң, қайтадан Шымкентке оралады. Жергілікті «Синтез» командасында өнер көрсеткен жылдары екінші бір тынысы ашылғандай болды. Өзінің спорттық бабына қайта енген футболшы үздіктердің қатарында болды. Бұл жылдары команданың құрамында Қанаттан бөлек, Нұркен Мазбаев, Олег Воскобойников сияқты шеберлер бар еді. Жаңа ғасырға қадам басқан 2000 жылы Павлодардың намысын қорғайды. Сол жылы «Ертіспен» ел чемпионатында қолаға қол созады. «Ертістен» кейін «Тараз», «Ақтөбе», «Қайсар» сияқты командаларда өнер көрсетті. «Таразбен» бірге Азия чемпиондар лигасына қатысты. Футболдағы карьерасын         «Яссы-Сайрам» сапында аяқтады.

Футболшының өзі «Яссы-Сайрамға» ауысуын былай түсіндіреді. «Мен футболда біраз жетістіктерге жеттім, Қазақстанның үздік ойыншысы атандым, ұлттық құрама сапында тер төктім, футболдағы карьерамды аяқтайтын тұста алдарына үлкен мақсат қойған «Яссы-Сайрам» өз қатарларына шақырды. Команда басшылары менің осы командада ойнағанымды қалады. Мен келсем өзге де футболшылардың командаға қосылатынын олар жақсы түсінді. Осы команданың капитаны болдым, әрі жастарға өз тәжірибемді бөлісуге тырыстым» деп түйіндеді.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуін 1992 жылы Түркіменстанға қарсы өткізді. Жалпы ұлттық құрама сапында 1992-1996 жылдар аралығында 9 ойын өткізген.

Қанат Бектілеуұлы футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкер болып та, басшылық қызметтерді де атқарды. Алдымен «Ордабасы» командасында бапкерлер қосынында болды. Кейіннен қарағандылық «Шахтердің» менеджері, «Железнодорожник» командасында бапкерлік қызмет атқарды. «Қайраттың» қосалқы құрамы болып табылатын  командада ол танымал футболшы Марат Есмұратовпен бірге қызмет істеді. Негізінен осы команда сапынан бірнеше талантты футболшылар өсіп шыққан. Ал 2011 жылы «Тарлан» (қазіргі «Қыран») командасының бас бапкері болды. 2012 жылдан бастап, Қазақстан футбол федерациясының спорттық директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы уақыт аралығында бірнеше игілікті істердің басын қайырды. «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту» бағдарламасының 2012-2022 жылдардағы жоспары аясында облыс орталықтарында балаларға арналған футбол мектептерін ашуға өз үлесін қосып жүрген азамат.

 Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1992 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2000 жылы

Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарына енді: 1992, 1993, 1994, 1995, 1999 жылдары.

Қазақстанның үздік футболшысы: 1994 жылы.

 Бек Төлеуов «Sport»

 

 

Бөлісу: