22 жастағы капитан

12 Тамыз 2013, 04:44

Ол небәрі 22 жасында «СКИФ-Ордабасы» командасының капитаны болды. 1994 жылғы Қазақстанның үздік ойыншысы атанды. 90-жылдардың еліміздегі ең үздік тасқамал қорғаушылардың бірі – Қанат Мұсатаев. Қанат Бектілеуұлы Мұсатаев 1970 жылы 6 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда жерінде өмір есігін ашқанымен, балалық шағы негізінен шырайлы Шымкент шаһарында өткен. Ата-анасы Шымкентке қоныс аударған соң, бала Қанат балабақшадан бастап, мектепке де осы жерде барды. Алғаш ауладағы достарымен доп қуалап өскен бала кейіннен мамандандырылған спорт мектебінде шындалады. Бұл жерде Сергей Александрович Максимовтен алғаш кәсіби түрде футболдың қыр-сырын үйренеді. ­Кезінде  Диего Марадонаның жасыл алаңдағы шеберлігіне теледидар арқылы тәнті болып өскен жас футболшы Аргентинаның ұлы футболшысы секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз болмаса да, еліміздегі ең танымал футболшылардың біріне айналды. Қанаттың нағыз бабына келіп, шиыршық атып тұрған кезі 90-жылдармен тұспа-тұс келді. Жаңадан құрылып жатқан мемлекет, қаржы тапшылығы, футболдың дамуына қолбайлау болды. Бірақ, ол кездегі футболшылар қазіргідей ақша үшін ай сайын бір команда ауыстыра бермейтін. Барды қанағат тұтып, өз командасының намысын абыроймен қорғауға күш салатын. Қанат Мұсатаев алғаш карьерасын Шымкенттің «СКИФ-Арсенал» командасынан бастаған. Бұл команда 1992 жылғы тұңғыш Қазақстан чемпионатында екінші орын алды. Мәреге бірінші келген «Қайраттан» бар-жоғы бір ұпай ғана қалып қойған болатын. Кейіннен команданың атауы «СКИФ-Ордабасы» болып өзгерді. Ол небары 22 жасында осы команданың капитаны болды. Қарап отырсаныз, қазір мұндай жаста капитан болмақ түгілі футболшылар лимит болып өнер көрсетіп жүреді ғой. Қорғаушы болса да, бір маусымда 10 гол соғып, кейбір шабуылшылардың өзін артқа тастады. Негізінен голдарының көпшілігін стандартты жағдайларда енгізетін. Сол жылы жас қорғаушыны Қазақстан футбол федерациясы үздік 33 футболшысының қатарына қосты. Бұл тізімге жай ғана еніп қойған жоқ, өз шебінде Қайрат Айманов, Виталий Спарышевті артқа тастап, бірінші нөмір атанады. Ал келесі маусымда командасы біріншілікте бесінші орыннан көрінді. Ол тағы үздік 33 футболшының алдыңғы легінде болды. Біз сөз етіп отырған қорғаушының футболдағы карьерасы, ойын өрнегі жыл сайын өсіп отырды. Жаттығудан қалмай, талмай еңбектенуі өз жемісін берді десек те болады. Бұл сөзіміздің дәлелі футболшының 1994 жылы Қазақстанның үздік ойыншысы атануы. Кез келген футболшы жылдың үздігі атана бермейді. Оның үстіне оның алаңдағы міндеті қорғаушы болса. Негізінен табысқа кенелетіндер алдынғы шепте өнер көрсететін жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар. Сол жылдары біздің елде бірнеше талантты, бір маусымда 30-ға жуық гол соғатын шабуылшылар да болды. Бірақ сол шабуылшылардың аяғындағы добын тартып алатын, қақпасына соққы дарытпау үшін бірінші аяғын қоятын қорғаушы Мұсатаевтың өнерін футбол мамандары жоғары бағалады. Қазақстандағы жылдың үздік ойыншысы атанған тұңғыш қорғаушы болды. Қанаттан кейін қақпашылардан Олег Воскобойников, Давид Лория, Юрий Новиков, қорғаушылардан Игорь Авдеев, Самат Смақов, Қайрат Нұрдәулетов сияқты артқы шепте ойнайтын футболшылар да осы атаққа қол жеткізді.

Ол небәрі 22 жасында «СКИФ-Ордабасы» командасының капитаны болды. 1994 жылғы Қазақстанның үздік ойыншысы атанды. 90-жылдардың еліміздегі ең үздік тасқамал қорғаушылардың бірі – Қанат Мұсатаев.

Қанат Бектілеуұлы Мұсатаев 1970 жылы 6 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда жерінде өмір есігін ашқанымен, балалық шағы негізінен шырайлы Шымкент шаһарында өткен. Ата-анасы Шымкентке қоныс аударған соң, бала Қанат балабақшадан бастап, мектепке де осы жерде барды. Алғаш ауладағы достарымен доп қуалап өскен бала кейіннен мамандандырылған спорт мектебінде шындалады. Бұл жерде Сергей Александрович Максимовтен алғаш кәсіби түрде футболдың қыр-сырын үйренеді. ­Кезінде  Диего Марадонаның жасыл алаңдағы шеберлігіне теледидар арқылы тәнті болып өскен жас футболшы Аргентинаның ұлы футболшысы секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз болмаса да, еліміздегі ең танымал футболшылардың біріне айналды.

Қанаттың нағыз бабына келіп, шиыршық атып тұрған кезі 90-жылдармен тұспа-тұс келді. Жаңадан құрылып жатқан мемлекет, қаржы тапшылығы, футболдың дамуына қолбайлау болды. Бірақ, ол кездегі футболшылар қазіргідей ақша үшін ай сайын бір команда ауыстыра бермейтін. Барды қанағат тұтып, өз командасының намысын абыроймен қорғауға күш салатын.

Қанат Мұсатаев алғаш карьерасын Шымкенттің «СКИФ-Арсенал» командасынан бастаған. Бұл команда 1992 жылғы тұңғыш Қазақстан чемпионатында екінші орын алды. Мәреге бірінші келген «Қайраттан» бар-жоғы бір ұпай ғана қалып қойған болатын. Кейіннен команданың атауы «СКИФ-Ордабасы» болып өзгерді. Ол небары 22 жасында осы команданың капитаны болды. Қарап отырсаныз, қазір мұндай жаста капитан болмақ түгілі футболшылар лимит болып өнер көрсетіп жүреді ғой. Қорғаушы болса да, бір маусымда 10 гол соғып, кейбір шабуылшылардың өзін артқа тастады. Негізінен голдарының көпшілігін стандартты жағдайларда енгізетін. Сол жылы жас қорғаушыны Қазақстан футбол федерациясы үздік 33 футболшысының қатарына қосты. Бұл тізімге жай ғана еніп қойған жоқ, өз шебінде Қайрат Айманов, Виталий Спарышевті артқа тастап, бірінші нөмір атанады. Ал келесі маусымда командасы біріншілікте бесінші орыннан көрінді. Ол тағы үздік 33 футболшының алдыңғы легінде болды. Біз сөз етіп отырған қорғаушының футболдағы карьерасы, ойын өрнегі жыл сайын өсіп отырды. Жаттығудан қалмай, талмай еңбектенуі өз жемісін берді десек те болады. Бұл сөзіміздің дәлелі футболшының 1994 жылы Қазақстанның үздік ойыншысы атануы. Кез келген футболшы жылдың үздігі атана бермейді. Оның үстіне оның алаңдағы міндеті қорғаушы болса. Негізінен табысқа кенелетіндер алдынғы шепте өнер көрсететін жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар. Сол жылдары біздің елде бірнеше талантты, бір маусымда 30-ға жуық гол соғатын шабуылшылар да болды. Бірақ сол шабуылшылардың аяғындағы добын тартып алатын, қақпасына соққы дарытпау үшін бірінші аяғын қоятын қорғаушы Мұсатаевтың өнерін футбол мамандары жоғары бағалады. Қазақстандағы жылдың үздік ойыншысы атанған тұңғыш қорғаушы болды. Қанаттан кейін қақпашылардан Олег Воскобойников, Давид Лория, Юрий Новиков, қорғаушылардан Игорь Авдеев, Самат Смақов, Қайрат Нұрдәулетов сияқты артқы шепте ойнайтын футболшылар да осы атаққа қол жеткізді.

Бөлісу: