Ұлттық құрама

12 Тамыз 2013, 04:41

Маусымның екінші жартысында жоғарыда айтылған үш футболшы Германия жерінде доп тебуге аттанады. Осы үшеуімен қатар «Достықта» бірге ойнаған Дмитрий Огай да Германияға кеткендердің қатарында болды. Германияның Оберлигасында өнер көрсететін «Пройссен 07» (Хамельн) командасында өз шеберліктерін шыңдап қайтты. Германиядан кейін семейлік «Елімаймен» келісімшартқа отырады. Пасько келген жылы «Елімай» өзінің алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді. Келесі жылы семейліктер тіпті хет-трих жасады (Қазақстан чемпионаты, Қазақстан кубогы, Қазақстан суперкубогы). Ол осы клуб сапында 1994-1997 жылдар аралығында 87 ойынға қатысты. Өзбекстан, Германия жерлерінде доп тепкен кейіпкеріміз үшінші рет тағы да шет елде доп тебуге мүмкіндік алды. Бұл жолы оның алаңдағы өнеріне тәнті болып, қызығушылық танытқан түркіменстандық «Копетдтаг» болды. Бұл Түркіменстанның ең атақты командасы болып табылады. Өз елінің алты дүркін чемпионы. Сергей Пасько барған жылы команда арадағы үш жылғы үзілістен соң қайтадан чемпион атанды. Бірақ, Түркіменстан чемпионының сапында бір жыл ғана ойнады. Осыдан соң, қайтадан Қазақстанға оралады. Ол келгенде «Қайрат» екіге бөлініп жатқан болатын. «ЦСКА-Қайрат» және халықтық команда «Қайрат СОПФК» болып екіге бөлінді. Сергей осы командалардың екеуінде де өнер көрсетті. Сол 1999/00 жылғы маусымда Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Карьерасын аяқтайтын тұста «Атырау» және «Жетісу» командаларында ойнады. Паськоның кезінде мұнайлы өлкенің командасы екі жыл қатарынан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Бұл клуб сапында барлығы 50 ойын өткізді. Талдықорғандық «Жетісу» оның ең соңғы командасы. Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 1992 жылы 6 ойын өткізген. Одан кейінгі жылдары мүлдем шақырылған емес. Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, төрешілік курс бойынша білім алады. Қазақстан чемпионатында 2004-2012 жылдар аралығында 95 ойында бас төреші қызметін атқарған. Ал былтыр Қостанайда өткен «Тобыл» – «Тараз» арасындағы ойынның соңы шуға айналып, төрешілік қызметтен өмір бойы қуылды. Жетістіктері: Жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1984 жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1992,1994,1995 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2001, 2002 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1996 жылы Қазақстан кубогының иегері: 1992, 1995, 2000 жылдары Түркіменстан чемпионатының жеңімпазы: 1998 жылы. Бек Төлеуов «Sport»

Маусымның екінші жартысында жоғарыда айтылған үш футболшы Германия жерінде доп тебуге аттанады. Осы үшеуімен қатар «Достықта» бірге ойнаған Дмитрий Огай да Германияға кеткендердің қатарында болды. Германияның Оберлигасында өнер көрсететін «Пройссен 07» (Хамельн) командасында өз шеберліктерін шыңдап қайтты. Германиядан кейін семейлік «Елімаймен» келісімшартқа отырады. Пасько келген жылы «Елімай» өзінің алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді. Келесі жылы семейліктер тіпті хет-трих жасады (Қазақстан чемпионаты, Қазақстан кубогы, Қазақстан суперкубогы). Ол осы клуб сапында 1994-1997 жылдар аралығында 87 ойынға қатысты. Өзбекстан, Германия жерлерінде доп тепкен кейіпкеріміз үшінші рет тағы да шет елде доп тебуге мүмкіндік алды. Бұл жолы оның алаңдағы өнеріне тәнті болып, қызығушылық танытқан түркіменстандық «Копетдтаг» болды. Бұл Түркіменстанның ең атақты командасы болып табылады. Өз елінің алты дүркін чемпионы. Сергей Пасько барған жылы команда арадағы үш жылғы үзілістен соң қайтадан чемпион атанды. Бірақ, Түркіменстан чемпионының сапында бір жыл ғана ойнады. Осыдан соң, қайтадан Қазақстанға оралады. Ол келгенде «Қайрат» екіге бөлініп жатқан болатын. «ЦСКА-Қайрат» және халықтық команда «Қайрат СОПФК» болып екіге бөлінді. Сергей осы командалардың екеуінде де өнер көрсетті. Сол 1999/00 жылғы маусымда Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Карьерасын аяқтайтын тұста «Атырау» және «Жетісу» командаларында ойнады. Паськоның кезінде мұнайлы өлкенің командасы екі жыл қатарынан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Бұл клуб сапында барлығы 50 ойын өткізді. Талдықорғандық «Жетісу» оның ең соңғы командасы.

Ұлттық құрама

Ұлттық құрама сапында 1992 жылы 6 ойын өткізген. Одан кейінгі жылдары мүлдем шақырылған емес.

Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, төрешілік курс бойынша білім алады. Қазақстан чемпионатында 2004-2012 жылдар аралығында 95 ойында бас төреші қызметін атқарған. Ал былтыр Қостанайда өткен «Тобыл» – «Тараз» арасындағы ойынның соңы шуға айналып, төрешілік қызметтен өмір бойы қуылды.

Жетістіктері:

Жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1984 жылы

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1992,1994,1995 жылдары

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2001, 2002 жылдары

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1996 жылы

Қазақстан кубогының иегері: 1992, 1995, 2000 жылдары

Түркіменстан чемпионатының жеңімпазы: 1998 жылы.

Бек Төлеуов «Sport»

Бөлісу: