Жетістіктері

12 Тамыз 2013, 04:35

Мұрат Тілешов 2009 жылы «Ақтөбеге» келді. Владмир Муханов жаттықтырған команда ерекше стиль қалыптастырған, допқа толықтай иелік еткенді жақсы көретін еуропалық үлгідегі ұжым еді. Бас бапкер үш бірдей сайысқа қатысатын команда болғандықтан мерген шабуылшының қажет екенін жақсы түсінді. Тілешов те артылған сенімді ақтауға тырысып бақты. Бұл жылдары Самат пен Мұрат бар ғой деп «Ақтөбенің» құрамындағы қазақтарға қазіргідей алаңдамайтын едік. Сол жылы чемпиондар лигасына қатысқан «Ақтөбе» футболшылары екінші айналымда «Хафнарфьордур» клубымен кездесіп, Исландиялықтардың қақпасына алты доп соқты. Соғылған алты доптың екеуін Мұрат өз атына жазды. Өкінішке қарай, үшінші айналымда Израилдің «Маккаби Хайфа» командасынан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Алғашқы 15 минуттың ішінде үш доп соққан жерлестеріміз қақпаларына төрт допты бірінен соң бірін өткізіп алады. Ал Еуропа лигасында «Вердерге» жол берді. Дегенмен Қазақстан чемпонатында «Ақтөбе» өздерінің мықтылықтарын тағы бір мойындатты. Маусым қорытындысы бойынша 25 ойында 20 гол соққан Мұрат Тілешов Қазақстан біріншілігінің үшінші мәрте үздік сұрмергені атанды. Оның шеберлігі Қазақстанға ғана емес әлемге танытқан керемет ойындардың бірі –Еуропа лигасының төртінші айналымындағы «Ақтөбе» – «АЗ Алкмар» арасында болды. Сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылып келген жерлестеріміз «Қобыланды батыр» алаңында өткен қарымта ойында қақпаларына жылдам гол жіберіп алды. Бірақ, соған қарамастан намысқа тырысқан жігіттер Голландияның үздік ұжымдарының бірі саналатын «АЗ Алкмардың» екі аяғын бір етікке тықты. Толассыз шабуыл нәтижесінде Мұрат екі доп (дубль) соқты. Бұл ойын жанкүйерлердің жүрегінен әлі күнге өше қоймаған болса керек. Жалпы ол еурододаларда 11 ойында 6 голды өз атына жазған. Сол маусымда ел біріншілігінде 10 доп соққаны тағы бар. «Ақтөбеден» кеткен соң, «Ертісте» бір маусым өткізіп, кейіннен талдықорғандық «Жетісумен» келісімшартқа отырды. «Жетісу» сапында ел чемпионаты аясында 2012 жылы «Атыраудың» қақпасына өзінің 135-ші голын соқты. Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапына 2004 жылы Ресей клубтарының құрамасына қарсы ресми емес кездесуге шақырылған. Ұлттық құрама сапында барлығы 8 ойын өткізіп, Тәжікстанға қарсы ойында бір гол соққан. Кейіннен бас бапкерлікке Бернд Шторк келгенде, артық салмағы бар деген желеумен ұлттық құрамаға шақырмай қойды. Мұрат Тілешов – Қазақстан чемпионатында осы уақытқа дейін –138, Қазақстан кубогында –21, «Достастық кубогында –3, еурододаларда – 6, ұлттық құрамада – 1 гол соққан. Жалпы барлығын қосқанда – 168 гол. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003, 2006, 2009 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2010 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2008 жылы Қазақстан кубогының иегері: 2000/01 жылдары Қазақстан суперкубогының иегері: 2010 жылы Жеке жетістіктері: Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені: 2005, 2008, 2009 жылдары.   Бек Төлеуов «Sport»  

Мұрат Тілешов 2009 жылы «Ақтөбеге» келді. Владмир Муханов жаттықтырған команда ерекше стиль қалыптастырған, допқа толықтай иелік еткенді жақсы көретін еуропалық үлгідегі ұжым еді. Бас бапкер үш бірдей сайысқа қатысатын команда болғандықтан мерген шабуылшының қажет екенін жақсы түсінді. Тілешов те артылған сенімді ақтауға тырысып бақты. Бұл жылдары Самат пен Мұрат бар ғой деп «Ақтөбенің» құрамындағы қазақтарға қазіргідей алаңдамайтын едік. Сол жылы чемпиондар лигасына қатысқан «Ақтөбе» футболшылары екінші айналымда «Хафнарфьордур» клубымен кездесіп, Исландиялықтардың қақпасына алты доп соқты. Соғылған алты доптың екеуін Мұрат өз атына жазды. Өкінішке қарай, үшінші айналымда Израилдің «Маккаби Хайфа» командасынан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Алғашқы 15 минуттың ішінде үш доп соққан жерлестеріміз қақпаларына төрт допты бірінен соң бірін өткізіп алады. Ал Еуропа лигасында «Вердерге» жол берді. Дегенмен Қазақстан чемпонатында «Ақтөбе» өздерінің мықтылықтарын тағы бір мойындатты. Маусым қорытындысы бойынша 25 ойында 20 гол соққан Мұрат Тілешов Қазақстан біріншілігінің үшінші мәрте үздік сұрмергені атанды. Оның шеберлігі Қазақстанға ғана емес әлемге танытқан керемет ойындардың бірі –Еуропа лигасының төртінші айналымындағы «Ақтөбе» – «АЗ Алкмар» арасында болды. Сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылып келген жерлестеріміз «Қобыланды батыр» алаңында өткен қарымта ойында қақпаларына жылдам гол жіберіп алды. Бірақ, соған қарамастан намысқа тырысқан жігіттер Голландияның үздік ұжымдарының бірі саналатын «АЗ Алкмардың» екі аяғын бір етікке тықты. Толассыз шабуыл нәтижесінде Мұрат екі доп (дубль) соқты. Бұл ойын жанкүйерлердің жүрегінен әлі күнге өше қоймаған болса керек. Жалпы ол еурододаларда 11 ойында 6 голды өз атына жазған. Сол маусымда ел біріншілігінде 10 доп соққаны тағы бар. «Ақтөбеден» кеткен соң, «Ертісте» бір маусым өткізіп, кейіннен талдықорғандық «Жетісумен» келісімшартқа отырды. «Жетісу» сапында ел чемпионаты аясында 2012 жылы «Атыраудың» қақпасына өзінің 135-ші голын соқты.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрама сапына 2004 жылы Ресей клубтарының құрамасына қарсы ресми емес кездесуге шақырылған. Ұлттық құрама сапында барлығы 8 ойын өткізіп, Тәжікстанға қарсы ойында бір гол соққан. Кейіннен бас бапкерлікке Бернд Шторк келгенде, артық салмағы бар деген желеумен ұлттық құрамаға шақырмай қойды.

Мұрат Тілешов – Қазақстан чемпионатында осы уақытқа дейін –138, Қазақстан кубогында –21, «Достастық кубогында –3, еурододаларда – 6, ұлттық құрамада – 1 гол соққан. Жалпы барлығын қосқанда – 168 гол.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003, 2006, 2009 жылдары

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2010 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2008 жылы

Қазақстан кубогының иегері: 2000/01 жылдары

Қазақстан суперкубогының иегері: 2010 жылы

Жеке жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені: 2005, 2008, 2009 жылдары.

 

Бек Төлеуов «Sport»

 

Бөлісу: