Сұрмерген

12 Тамыз 2013, 04:25

Қазақстан чемпионатында 140-қа жуық гол соғып, мергендер көшінің алдынғы легінде келе жатқан, алып денелі шабуылшыларымыздың бірі – Мұрат Тілешов. Мұрат Әзімбекұлы Тілешов 1980 жылы, 18 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Мұрат, Нұрбол, Нұркен, Олег төртеуі қазіргі қазақ футболының голедорлары. Осының ішінде Олег бұл күндері арамызда жоқ. Ал Нұркен футболдағы карьерасын аяқтаған. Тек қазіргі кезде Нұрбол мен Мұрат қана доп теуіп жүргендердің қатарында. Нұрбол Жұмасқалиев жақында Олег Литвиненконың рекордын жаңартып, Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені атанды. Мұраттың еншісінде әзірге 138 соғылған доп бар. Енді Мұрат осынша голды қалай және қандай командалардың сапында соққанына тоқталып өтсек: Ол «Тараз» футбол мектебінің түлегі. Таланттар шоғыры саналатын өлкеде көптеген ойыншылар түлеп шыққаны белгілі. Мұраттың футболдағы карьерасы 20 ғасырдың соңы, яғни 1998-99 жылдары басталды. Алғаш 18 жасында туған командасында 18 ойынға қатысып, үш доп соққаны бар. Келесі маусымда көрсеткішін жақсарта түсті. Нәтижесінде, 21 ойында 6 гол. Осыдан соң, көз тіге бастаған клубтардың қарасы көбейді. Солардың алғашқысы болып ұсыныс жасаған елордалық «Жеңіс» клубы болды. Бірақ, «Жеңістің» дәл «жеңісті жылында» келген Мұраттың жолы бірден оңай болды деп айта алмайсың. Алғашқы айналымда 9 ойында 1 гол соққаннан кейін қарағандылық «Шахтерге» жалға беріледі. Мұрат кеткеннен кейін «Жеңіс» ел чемпионы атанды. Ал келесі маусымда «Жеңіске» қайта оралады. Тағы да бірінші айналымнан соң, жолы болмай алдынғы маусым айна қатесіз қайталанды. Осыдан соң, Қарағанды қайдасың деп тартып тұрады. Елорда командасынан түпкілікті кетіп, 2001-2002 жылғы маусымды орталық Қазақстанның командасында өткізді. Әсіресе 2002 жылы 23 ойында қарсыластар қақпасына 13 голды тулатып, спорттық бабына қайта енгенін байқатады. Кеншілер шаһарынан кейін, сол жылы ел чемпионы атанған павлодарлық «Ертіске» ауысады. «Ертіс» Тілешовтің мергендік қырын кеңінен танытып, атағын шығарған команда болды. Өзі де Дмитрий Огайдың командасының негізгі құрамынан ойып тұрып орын алды. Сондай-ақ, чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіне қатысты. Қарсыластары Кипрдың «Омония» командасынан екі ойын қорытындысы бойынша ұтылып қалды. Дмитрий Огай бапкер 2003 жылы «Ертіспен» тағы чемпиондық жолды жаңылмай тапты. Ал Мұрат 10 гол соғып, Мүсілім Агаевтен кейінгі команданың екінші мергені атанды. Келесі маусымда 12 голмен команданың бірінші мергені болса, 2005 жылы 20 дәл соққы бағыттаған Мұратқа Қазақстанның ең үздік сұрмерген атағы бұйырды. Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» командасының бас бапкерлігіне Арно Пайперс келгеннен кейін елдегі үздік ойыншылар Елордаға жинала бастады. Голландиялық бапкерде өзіне артылған сенімді ақтап, «Астанаға» чемпиондық тәжді алып берді. Міне, Арно бапкердің сенім артқан футболшыларының қатарында болған Тілешов екінші рет ел чемпионы атанды. Әйткенмен еліміздің бас қаласында көп тұрақтап қалмады. Бір маусымын «Ордабасының» сапында өткізіп келіп, Ойрат Садуовтың шақыруымен бұрынғы «Ертісіне» ауысады. Кереку жанкүйерлері өздерінің сүйікті шабуылшысын қуана қарсы алды. Арадағы төрт жылғы үзілістен соң, Садуов команданы жүлдегерлер қатарына қайта қосты. Бес дүркін ел чемпионы атанған «пентакампиондар» бұл жолы мәреге үшінші келді. Біз сөз етіп отырған Мұрат екінші рет Қазақстанның үздік сұрмергені болды. 

Қазақстан чемпионатында 140-қа жуық гол соғып, мергендер көшінің алдынғы легінде келе жатқан, алып денелі шабуылшыларымыздың бірі – Мұрат Тілешов.

Мұрат Әзімбекұлы Тілешов 1980 жылы, 18 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Мұрат, Нұрбол, Нұркен, Олег төртеуі қазіргі қазақ футболының голедорлары. Осының ішінде Олег бұл күндері арамызда жоқ. Ал Нұркен футболдағы карьерасын аяқтаған. Тек қазіргі кезде Нұрбол мен Мұрат қана доп теуіп жүргендердің қатарында. Нұрбол Жұмасқалиев жақында Олег Литвиненконың рекордын жаңартып, Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені атанды. Мұраттың еншісінде әзірге 138 соғылған доп бар. Енді Мұрат осынша голды қалай және қандай командалардың сапында соққанына тоқталып өтсек:

Ол «Тараз» футбол мектебінің түлегі. Таланттар шоғыры саналатын өлкеде көптеген ойыншылар түлеп шыққаны белгілі. Мұраттың футболдағы карьерасы 20 ғасырдың соңы, яғни 1998-99 жылдары басталды. Алғаш 18 жасында туған командасында 18 ойынға қатысып, үш доп соққаны бар. Келесі маусымда көрсеткішін жақсарта түсті. Нәтижесінде, 21 ойында 6 гол. Осыдан соң, көз тіге бастаған клубтардың қарасы көбейді. Солардың алғашқысы болып ұсыныс жасаған елордалық «Жеңіс» клубы болды. Бірақ, «Жеңістің» дәл «жеңісті жылында» келген Мұраттың жолы бірден оңай болды деп айта алмайсың. Алғашқы айналымда 9 ойында 1 гол соққаннан кейін қарағандылық «Шахтерге» жалға беріледі. Мұрат кеткеннен кейін «Жеңіс» ел чемпионы атанды. Ал келесі маусымда «Жеңіске» қайта оралады. Тағы да бірінші айналымнан соң, жолы болмай алдынғы маусым айна қатесіз қайталанды. Осыдан соң, Қарағанды қайдасың деп тартып тұрады. Елорда командасынан түпкілікті кетіп, 2001-2002 жылғы маусымды орталық Қазақстанның командасында өткізді. Әсіресе 2002 жылы 23 ойында қарсыластар қақпасына 13 голды тулатып, спорттық бабына қайта енгенін байқатады. Кеншілер шаһарынан кейін, сол жылы ел чемпионы атанған павлодарлық «Ертіске» ауысады. «Ертіс» Тілешовтің мергендік қырын кеңінен танытып, атағын шығарған команда болды. Өзі де Дмитрий Огайдың командасының негізгі құрамынан ойып тұрып орын алды. Сондай-ақ, чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіне қатысты. Қарсыластары Кипрдың «Омония» командасынан екі ойын қорытындысы бойынша ұтылып қалды. Дмитрий Огай бапкер 2003 жылы «Ертіспен» тағы чемпиондық жолды жаңылмай тапты. Ал Мұрат 10 гол соғып, Мүсілім Агаевтен кейінгі команданың екінші мергені атанды. Келесі маусымда 12 голмен команданың бірінші мергені болса, 2005 жылы 20 дәл соққы бағыттаған Мұратқа Қазақстанның ең үздік сұрмерген атағы бұйырды.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» командасының бас бапкерлігіне Арно Пайперс келгеннен кейін елдегі үздік ойыншылар Елордаға жинала бастады. Голландиялық бапкерде өзіне артылған сенімді ақтап, «Астанаға» чемпиондық тәжді алып берді. Міне, Арно бапкердің сенім артқан футболшыларының қатарында болған Тілешов екінші рет ел чемпионы атанды. Әйткенмен еліміздің бас қаласында көп тұрақтап қалмады. Бір маусымын «Ордабасының» сапында өткізіп келіп, Ойрат Садуовтың шақыруымен бұрынғы «Ертісіне» ауысады. Кереку жанкүйерлері өздерінің сүйікті шабуылшысын қуана қарсы алды. Арадағы төрт жылғы үзілістен соң, Садуов команданы жүлдегерлер қатарына қайта қосты. Бес дүркін ел чемпионы атанған «пентакампиондар» бұл жолы мәреге үшінші келді. Біз сөз етіп отырған Мұрат екінші рет Қазақстанның үздік сұрмергені болды. 

Бөлісу: