Қазақ тарихына қатысты шетел мұрағаттарындағы тың деректер

12 Тамыз 2013, 04:13

Қазақ тарихына қатысты тағы бір тың дерек табылды. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында бас қосқан ғалымдар Қытай мен Ресейден әкелінген құжаттардың тарихи маңызын талқылады. Қатты мұқабамен қапталған кітапта қазақ халқының шамамен 200 жылдық тарихы сипатталған. Нақты айтқанда, 1730 жылдан бастап 1911 жылға дейінгі аралықтағы тарихи оқиғалар қамтылған. Бұл – Цинь патшалығы дәуіріндегі Шыңжаңға қатысты мәнжу тілді мұрағат құжаттар жинағының І томы. Былтыр Бейжің қаласында жарық көрген еңбек 283 томнан тұрады. Қытайдың бірінші тарихи мұрағатында сақталған жинаққа Қазақстан тарихына қатысты 3 мыңға жуық құжат енгізілген. Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы: - 1750 жылдан бастап 1820 жылға дейінгі қазақ хандары, сұлтандары көптеген дипломатиялық миссия жіберген екен. Сол миссияларға қатысты әртүрлі құжаттар бар. Елшінің құрамы, олардың жүріп өткен жері, Пекиндегі әртүрлі кездесу, қабылдауы секілді көптеген құжат табылып жатыр. «Мыңжылдық көкжиек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бейжіңге барып қайтқан ғалымдар көп томды жинаққа ензігілмеген тарихи маңызы бар XVIII-XIX ғасырларға жататын қазақ хан-сұлтандарының хаттарын тапқан. Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы: - Өкінішке орай, Қытай мұрағатшыларының өз ережесі, заңдылығы бойынша көптеген өзге тілдегі, мысалы, шағатай, тот-моңғол тіліндегі, өздеріне біраз жаттау тілдегі құжаттар бұл жинаққа кіргізілмеген. Мәнжу, шағатай, қытай тіліндегі мұрағат құжаттарын зерттеген қазақ ғалымдары еліміздің кейбір тарихи кезеңдері бойынша нақты деректер тапқанын қуана әңгімеледі. Мысалы, Ақтабан шұбырынды жылдары қазақтардың Жетісу, Тарбағатай өңірлерінен айрылғаны белгілі. «Ал сол жерлерді қайтарып алғаны туралы мәлімет тек ауызекі тарихи әңгімелерде, дастандарда ғана бар», – дейді Бахыт Еженханұлы. Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы: - 1730 жылдан бастап қайтадан азаттық соғысы басталып, 1750 жылға дейін Жетісу, Тарбағатай төңірегін алып қалғанбыз. Ал енді осыған қатысты көптеген тарихи құжат бар. Сондай-ақ Санкт-Петербордағы Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатынан алынған деректерден XIX-XX ғасырларда қазақ атқамінерлерінің шенеунік дәрежесіне өтуі, Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы және оның қоғам дамуына ықпалы туралы айтылады. Ел тарихындағы елеулі кезеңдерден сыр шертетін құнды құжаттар лег-легімен келіп жетуде. Ендігі мақсат – сол деректерді түбегейлі зерттеу. 24 KZ

Қазақ тарихына қатысты тағы бір тың дерек табылды. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында бас қосқан ғалымдар Қытай мен Ресейден әкелінген құжаттардың тарихи маңызын талқылады.

Қатты мұқабамен қапталған кітапта қазақ халқының шамамен 200 жылдық тарихы сипатталған. Нақты айтқанда, 1730 жылдан бастап 1911 жылға дейінгі аралықтағы тарихи оқиғалар қамтылған. Бұл – Цинь патшалығы дәуіріндегі Шыңжаңға қатысты мәнжу тілді мұрағат құжаттар жинағының І томы. Былтыр Бейжің қаласында жарық көрген еңбек 283 томнан тұрады. Қытайдың бірінші тарихи мұрағатында сақталған жинаққа Қазақстан тарихына қатысты 3 мыңға жуық құжат енгізілген.

Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы:

- 1750 жылдан бастап 1820 жылға дейінгі қазақ хандары, сұлтандары көптеген дипломатиялық миссия жіберген екен. Сол миссияларға қатысты әртүрлі құжаттар бар. Елшінің құрамы, олардың жүріп өткен жері, Пекиндегі әртүрлі кездесу, қабылдауы секілді көптеген құжат табылып жатыр.

«Мыңжылдық көкжиек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бейжіңге барып қайтқан ғалымдар көп томды жинаққа ензігілмеген тарихи маңызы бар XVIII-XIX ғасырларға жататын қазақ хан-сұлтандарының хаттарын тапқан.

Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы:

- Өкінішке орай, Қытай мұрағатшыларының өз ережесі, заңдылығы бойынша көптеген өзге тілдегі, мысалы, шағатай, тот-моңғол тіліндегі, өздеріне біраз жаттау тілдегі құжаттар бұл жинаққа кіргізілмеген.

Мәнжу, шағатай, қытай тіліндегі мұрағат құжаттарын зерттеген қазақ ғалымдары еліміздің кейбір тарихи кезеңдері бойынша нақты деректер тапқанын қуана әңгімеледі. Мысалы, Ақтабан шұбырынды жылдары қазақтардың Жетісу, Тарбағатай өңірлерінен айрылғаны белгілі. «Ал сол жерлерді қайтарып алғаны туралы мәлімет тек ауызекі тарихи әңгімелерде, дастандарда ғана бар», – дейді Бахыт Еженханұлы.

Бахыт ЕЖЕНХАНҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы:

- 1730 жылдан бастап қайтадан азаттық соғысы басталып, 1750 жылға дейін Жетісу, Тарбағатай төңірегін алып қалғанбыз. Ал енді осыған қатысты көптеген тарихи құжат бар.

Сондай-ақ Санкт-Петербордағы Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатынан алынған деректерден XIX-XX ғасырларда қазақ атқамінерлерінің шенеунік дәрежесіне өтуі, Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы және оның қоғам дамуына ықпалы туралы айтылады. Ел тарихындағы елеулі кезеңдерден сыр шертетін құнды құжаттар лег-легімен келіп жетуде. Ендігі мақсат – сол деректерді түбегейлі зерттеу.


24 KZ

Бөлісу: