12 Тамыз 2013, 04:10
Дзюдодан Американың Майами қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Бауыржан Жауынтаев жеңімпаз атанды.
16 жасар Сыр өңірінің тумасы 55 келі салмақта өнер көрсетіп, Перу, Украина, Америка, Грузия, Италия елдерінің споршыларынан басым түсті. Осылайша Бауыржан Жауынтаев елімізде жасөспірімдер арасындағы алғашқы Әлем чемпионы ретінде тарихқа енді. Бұған дейін жастар арасында Елдос Сметов топ жарған болатын.