Орынбор облысында Жайық пен Елек өзендерінің тоғысындағы Елек ауданының аумағында І Филипп қорған-бейітінде археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталып келеді.
Приурал археологиялық экспедициясы жұмысының нәтижесінде бай заттық материалдармен бірге көмілген әйел адамның бейіті табылды.
Орынбор үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, атап айтқанда 100-ден астам алтын әшекейлер табылған, олардың арасында алтын сапты қола айна, шытыра моншақ, сүйектен жасалған қасық, қоңырау және алқа түріндегі алтын шашақтар және басқа да көптеген құнды жәдігерлер бар.
«Табылған олжа Орынбор губернаторлығының тарихи-өлкетану мұрайжайының коллекцияларын толықтырады және жақын арада орынборлықтар мен облыс орталығының қонақтары көре алады», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Еске сала кетейік, І Филипп қорған-бейіті Орынбор облысының Елек ауданында Жайық пен Елек өзендерінің тоғысында орналасқан. Онда ХХ ғасырдың басында археолог С.И.Руденко, кейіннен кеңестік кезеңде белгілі сармат зерттеушісі К.Ф.Смирнов зерттеулер жүргізген.
ҚазАқпарат.