Шаян өсіру

11 Тамыз 2013, 15:51

Өзен шаяндары – жер шарының барлық өңірлерінде үлкен сұраныспен пайдаланылатын омыртқасыз бағалы жәндік түріне жатады. Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады. Өзен шаяндарын өсіру, саудалау өте пайдалы табыс көзі. Себебі, бұл шаяндардан жоғары сапалы диеталық әрі дәмді ет алынады.Ет құрамының 16 пайызы ақуыздардан, 0,5 пайызы майлардан тұрады. Шаяндарды негізінен алғанда сорпалар, са­латтар және ас мәзірлеріне қоспалар үшін пайдаланады. Қайнатылған шаянды балықтан жасалған тағамдарға тұздық есебінде ұсынады. Осы қасиеті арқылы ол сыра ішкен кезде ауыздың дәмін келтіретін бағалы тіскебасар есебінде де қолданылады. Шаян түрлері. Біздің Қазақ­станда өзен шаяндарының екі түрі көбірек кездеседі. Олар еуро­палық және қиыршығыстық деп аталады. Осылардың ішінде еуропалық шаяндар өнеркәсіптік мақсатқа жиі пайдаланылады. Еуропалық шаяндардың өзі кең иықты және ұзын кеуделі болып екі түрге бөлі­неді. Осылардың ішінде кең иықты шаяндарды табыспен өсіруге болады. Аты да айтып тұрғандай, ол кең иықты, аяқтары етті болып келеді. Денесінде де ет мол кездеседі. Мұндай шаяндарды жас күйінде және консервілеп пайдалануға болады. Шаянды күту. Шаяндарды ұстап өсіру үшін қолдан жасалған тоғандарды пайдаланудың мүм­кіндіктері мол. Мұндай тоғандарды жасау үшін арнаулы білім мен дағды қажет емес. Тек тоған суының таза болуын ескерген жөн. Мұндай тоғандардың тереңдігі әдетте 2-5 метр болып келеді. Тіпті, кейбір жағдайда 8-15 метрге дейін жетеді. Шаяндарды өсіру үшін не­ліктен жеке тоғандарды пай­даланған жөн. Себебі, көп­те­ген өзендер қазір­гі уа­қыт­та тұрмыстық және өнер­кә­сіптік қалдықтармен ластануда. Мұндай жерлерде шаян өсірудің өз қиындықтары бар. Оның үстіне өндірілген шаян етінің экологиялық тұрғыдан қан­шалықты таза болып шы­ғатындығына да кепілдік жоқ. Сондықтан өндірістік және тұр­мыстық қалдықтарды төгуге кел­мейтін, жеке немесе заңды тұл­ғалардың бақылауында болатын жеке тоғаннан пайдалысы жоқ. Осындай тоғандарды қолдан жасаудың жолдарын мына сайттан алуға болады: www.crayfishmaster.narod2.ru Шаяндарды азықтандыру. Өзен шаяндары дафний, цик­лоп, коловраток секілді ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қорек­тенеді. Мұндай жәндіктер тоғандар мен шағын су көздерінде табиғи жолдар арқылы өсіп жетіледі. Сондай-ақ, шаяндарды қосымша азықтандырып отыру қажет. Бұл істі кеш уақытында, шаяндар неғұрлым молынан жиналатын жерлерде ұйымдастыру керек. Осындай жерлерге бұзылған ет пен балық бөлшектерін, әртүр­лі көкөніс кесінділерін, нан қал­дықтарын, астық дәндерін, май өндірісінің қалдықтарын су бетіне шашады. Тоғанда өсіп-жетілетін табиғи жәндіктердің тұрақты болуы шаян ұстаудың шығындарын азайта түседі. Шаяндар көп жағдайда осылар арқылы қорек­теніп жетіледі. Шаян өсіру. Шаян өсірудің негізгі екі түрі бар. Оларды тоған­дық және зауыттық әдіс арқылы өсіруге болады. Бастапқы кез үшін тоғандық әдіс пайдалы. Ол үшін тоғанға әрбір 40-50 аналық шаянға бірнеше аталық шаянды қондырып жіберіп отыру керек. Шамамен алғанда үш аналыққа бір аталықтан айнал­ғаны жөн. Шаяндар көктем шы­ғысымен көбейе бастайды. Аталықпен қосылған әрбір ана­лық шаян жұмыртқалар шашады. Ол жұмыртқалар табиғи жолдар арқылы өсіп-жетіледі. Тоған шаруашылықтарындағы өзен шаяндарын міне, осындай жолдармен көбейтуге болады. Бұл реттегі шаруашылық иесінің негізгі міндеті тоғандағы судың жағдайын тұрақты түрде бақылап отыру. Соның ішінде судағы оттегі режіміне, судың қатаң, жұмсақтығына ден қойып отыру керек. Олар өзен шаяндарын өсіру экологиясына сәйкес болғаны жөн. Сондай-ақ тоғандағы басқа да жәндіктер мен басқа да тіршілік көздерінің болуын ескерген жөн. Егер шаян азығы ретінде пайдаланылатын мұндай тіршілік көздері жеткіліксіз болса, шаяндарды қолдан азықтандыруға тура келеді. Шаян өнімдерін өткізу. Бұл бизнес түрі ұйымдастырылған маркетинг жағдайында ғана пайдалы болып, жоғары табыс беретіндігін ескертеміз. Ол үшін өзіңіз мекен ететін қаладағы барлық ресторандарға хабарласып, шаян өнімдерін тұтыну деңгейін анықтап алыңыз. Егер бұл ортада шаян өнімдерін тұрақ­ты тұтынушылар сіз жос­парлаған көлемнен аз болса, онда базарларға барып, ондағы саудагерлермен сөйлескен жөн болады. Бұл ортадан да тұрақты тұтынушыңызды іздеп көріңіз. Тұрақты тұтынушы болмай, шаян өсіріп сату бизнесінің пай­дасы да ауытқымалы болып келетіндігін есіңізге саламыз. Шаян өсіру шығындары. Жалпы, шаян өсірудің тоған салудан басқа көп шығыны жоқ. Сіз өз тоғаныңызды әзірлегеннен кейін шаяндарды басқа су көз­дерінен аулап әкеліп, оны өз тоғаныңызға жібере аласыз. Ал мұндай мүмкін­дік болмаған жағдайда шаяндарды сатып алуға тура келеді. 1 килограмм тірі шаяндардың бағасы 1 200 теңге аралығында. Бірінші кезек үшін 10 килограмм тірі шаян сатып алсаңыз, соның өзі жетіп жатыр. Бұған сіз 10-12 мың теңге қаржы жұмсайсыз. Шаян өсіру кірістері. Бір аналық шаян жылына 60-900-ге дейін жұмыртқа шашады. Орта есеппен алғанда бір аналық 400 жұмыртқа шашты деп есепке алатын болсақ, сіздің сатып алған 10 килограмм тірі шаяныңыз бір жылда кем дегенде 20 мың жұмыртқа беруі тиіс. Бұдан сіз 1 мың килограмм шаян етін өндіре аласыз. Яғни сіз бастапқы бір жылдың ішінде ғана 1 миллион теңге кіріс аласыз. Мұнан кейінгі жылдары бұл бизнестің сізге беретін пайдасы сіздің өз ілкімділігіңізге байланысты болатындығын ескертеміз. Егемен Қазақстан

Өзен шаяндары – жер шарының барлық өңірлерінде үлкен сұраныспен пайдаланылатын омыртқасыз бағалы жәндік түріне жатады. Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады.

Өзен шаяндарын өсіру, саудалау өте пайдалы табыс көзі. Себебі, бұл шаяндардан жоғары сапалы диеталық әрі дәмді ет алынады.Ет құрамының 16 пайызы ақуыздардан, 0,5 пайызы майлардан тұрады. Шаяндарды негізінен алғанда сорпалар, са­латтар және ас мәзірлеріне қоспалар үшін пайдаланады. Қайнатылған шаянды балықтан жасалған тағамдарға тұздық есебінде ұсынады. Осы қасиеті арқылы ол сыра ішкен кезде ауыздың дәмін келтіретін бағалы тіскебасар есебінде де қолданылады.

Шаян түрлері. Біздің Қазақ­станда өзен шаяндарының екі түрі көбірек кездеседі. Олар еуро­палық және қиыршығыстық деп аталады. Осылардың ішінде еуропалық шаяндар өнеркәсіптік мақсатқа жиі пайдаланылады. Еуропалық шаяндардың өзі кең иықты және ұзын кеуделі болып екі түрге бөлі­неді. Осылардың ішінде кең иықты шаяндарды табыспен өсіруге болады. Аты да айтып тұрғандай, ол кең иықты, аяқтары етті болып келеді. Денесінде де ет мол кездеседі. Мұндай шаяндарды жас күйінде және консервілеп пайдалануға болады.

Шаянды күту. Шаяндарды ұстап өсіру үшін қолдан жасалған тоғандарды пайдаланудың мүм­кіндіктері мол. Мұндай тоғандарды жасау үшін арнаулы білім мен дағды қажет емес. Тек тоған суының таза болуын ескерген жөн. Мұндай тоғандардың тереңдігі әдетте 2-5 метр болып келеді. Тіпті, кейбір жағдайда 8-15 метрге дейін жетеді.

Шаяндарды өсіру үшін не­ліктен жеке тоғандарды пай­даланған жөн. Себебі, көп­те­ген өзендер қазір­гі уа­қыт­та тұрмыстық және өнер­кә­сіптік қалдықтармен ластануда. Мұндай жерлерде шаян өсірудің өз қиындықтары бар. Оның үстіне өндірілген шаян етінің экологиялық тұрғыдан қан­шалықты таза болып шы­ғатындығына да кепілдік жоқ. Сондықтан өндірістік және тұр­мыстық қалдықтарды төгуге кел­мейтін, жеке немесе заңды тұл­ғалардың бақылауында болатын жеке тоғаннан пайдалысы жоқ. Осындай тоғандарды қолдан жасаудың жолдарын мына сайттан алуға болады: www.crayfishmaster.narod2.ru

Шаяндарды азықтандыру. Өзен шаяндары дафний, цик­лоп, коловраток секілді ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қорек­тенеді. Мұндай жәндіктер тоғандар мен шағын су көздерінде табиғи жолдар арқылы өсіп жетіледі. Сондай-ақ, шаяндарды қосымша азықтандырып отыру қажет. Бұл істі кеш уақытында, шаяндар неғұрлым молынан жиналатын жерлерде ұйымдастыру керек. Осындай жерлерге бұзылған ет пен балық бөлшектерін, әртүр­лі көкөніс кесінділерін, нан қал­дықтарын, астық дәндерін, май өндірісінің қалдықтарын су бетіне шашады. Тоғанда өсіп-жетілетін табиғи жәндіктердің тұрақты болуы шаян ұстаудың шығындарын азайта түседі. Шаяндар көп жағдайда осылар арқылы қорек­теніп жетіледі.

Шаян өсіру. Шаян өсірудің негізгі екі түрі бар. Оларды тоған­дық және зауыттық әдіс арқылы өсіруге болады. Бастапқы кез үшін тоғандық әдіс пайдалы. Ол үшін тоғанға әрбір 40-50 аналық шаянға бірнеше аталық шаянды қондырып жіберіп отыру керек. Шамамен алғанда үш аналыққа бір аталықтан айнал­ғаны жөн. Шаяндар көктем шы­ғысымен көбейе бастайды. Аталықпен қосылған әрбір ана­лық шаян жұмыртқалар шашады. Ол жұмыртқалар табиғи жолдар арқылы өсіп-жетіледі. Тоған шаруашылықтарындағы өзен шаяндарын міне, осындай жолдармен көбейтуге болады. Бұл реттегі шаруашылық иесінің негізгі міндеті тоғандағы судың жағдайын тұрақты түрде бақылап отыру. Соның ішінде судағы оттегі режіміне, судың қатаң, жұмсақтығына ден қойып отыру керек. Олар өзен шаяндарын өсіру экологиясына сәйкес болғаны жөн. Сондай-ақ тоғандағы басқа да жәндіктер мен басқа да тіршілік көздерінің болуын ескерген жөн. Егер шаян азығы ретінде пайдаланылатын мұндай тіршілік көздері жеткіліксіз болса, шаяндарды қолдан азықтандыруға тура келеді.

Шаян өнімдерін өткізу. Бұл бизнес түрі ұйымдастырылған маркетинг жағдайында ғана пайдалы болып, жоғары табыс беретіндігін ескертеміз. Ол үшін өзіңіз мекен ететін қаладағы барлық ресторандарға хабарласып, шаян өнімдерін тұтыну деңгейін анықтап алыңыз. Егер бұл ортада шаян өнімдерін тұрақ­ты тұтынушылар сіз жос­парлаған көлемнен аз болса, онда базарларға барып, ондағы саудагерлермен сөйлескен жөн болады. Бұл ортадан да тұрақты тұтынушыңызды іздеп көріңіз. Тұрақты тұтынушы болмай, шаян өсіріп сату бизнесінің пай­дасы да ауытқымалы болып келетіндігін есіңізге саламыз.

Шаян өсіру шығындары. Жалпы, шаян өсірудің тоған салудан басқа көп шығыны жоқ. Сіз өз тоғаныңызды әзірлегеннен кейін шаяндарды басқа су көз­дерінен аулап әкеліп, оны өз тоғаныңызға жібере аласыз. Ал мұндай мүмкін­дік болмаған жағдайда шаяндарды сатып алуға тура келеді. 1 килограмм тірі шаяндардың бағасы 1 200 теңге аралығында. Бірінші кезек үшін 10 килограмм тірі шаян сатып алсаңыз, соның өзі жетіп жатыр. Бұған сіз 10-12 мың теңге қаржы жұмсайсыз.

Шаян өсіру кірістері. Бір аналық шаян жылына 60-900-ге дейін жұмыртқа шашады. Орта есеппен алғанда бір аналық 400 жұмыртқа шашты деп есепке алатын болсақ, сіздің сатып алған 10 килограмм тірі шаяныңыз бір жылда кем дегенде 20 мың жұмыртқа беруі тиіс. Бұдан сіз 1 мың килограмм шаян етін өндіре аласыз. Яғни сіз бастапқы бір жылдың ішінде ғана 1 миллион теңге кіріс аласыз. Мұнан кейінгі жылдары бұл бизнестің сізге беретін пайдасы сіздің өз ілкімділігіңізге байланысты болатындығын ескертеміз.


Егемен Қазақстан

Бөлісу: