Маңғыстау облысы халық ең сирек орналасқан облыстың бірі. Өлкедегі археологиялық ізденістер осындан 180-200 мың жыл бұрын (палеолит) кейінгі неолит, қола дәуірілерінде адам мекендегенін анықтап, Үстірт пен Маңғыстаудағы ежелгі қоныс іздерін тапты. Маңғыстау халқының саны туралы алғашқы мәлімет 1745 жылы тіркелді. Маңғыстауда сол жылы болған капитан В.Копытовскийдің журналында Мұрат Нияз деген кісінің түбекте түрікменнің алты руынан 1400 үй мекендейтінін айтқаны туралы жазылған. Сол кездері түбекті мекендеген қазақ халқымен бірге қосып санағанда бұл ймақта 15-20 мың адам өмір сүрген.
Халық саны
1897 жылы алғашқы халық санағы ол кезде уезд болатын облыс аумағында 63 468 адам тұрғандығын анықтады.
Серікбол Қондыбай Маңғыстаудың демографиялық тарихын 2-3 кезеңге бөледі:
Бірінші кезең - 1916 жылға дейінгі уақыт - Ресей Империясына бағындырылған өлке оқтын оқтын болып тұрған қазақ-хиуа қақтығыстары мен орыс үкіметінің жазалау экспедицияларына қарамастан халықтың баяу да болса табиғи өсімі байқалады.
Екінші кезең - 1916 - 1959 жылдар аралығы - 1916 жылдан басталған көтерілістің арты үлкен азамат соғысына ұласты. Осы жылдары болған соғыс және аштық кесірінен халық санынынң 42 пайызына дейін кеміген. Ал кейінгі байларды тәркілеу уақыты кезінде де халық саны қатты кеміді.
Үшінші кезең - 1959 - 1990 жылдар алағы - Мұнай мен стратегиялық маңызы бар шикізат қорларының игерілуіне байланысты Маңғыстауды қоныстану тез қарқынмен жүрді, небәрі 15-18 жылдың ішінде 10 есе өсті. Сырттан келу қарқынның жоғары болуымен қатар жергілікті халықтың да туу көрсеткіштері өте жоғары дәрежеде болды.
Төртінші кезең - тоқсаныншы жылдар - Кеңес Одағының ыдырауы демографиялық өзгерістерге әкелді. Басқа ұлт өкілдерінің өз тарихи отандарына оралуы мен Иран, Өзбекстан Түрікменстаннан қазақтардың елге орала бастауымен ерекшеленді.
Қала және ауыл халқы
2011 жылдың басында облыста 524.2 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы – 275,8 мың немесе 52,8%, ауыл халқы – 248,3 мың адам (47,4%). 2007 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 133,7 мың адамға немесе 34,2% өсті.
Миграция
Егемендік алған 15 жыл ауқымында көршілес республикалардан Отанына оралған қандастарымыздың есебінен аймақтағы адам саны, оның ішінде қазақтардың үлес салмағы соңғы жылдары едәуір өсті. Есеп-санақ басқармасының (2007) мәліметі бойынша облыс көлеміндегі адам саны 390,0 мыңға жетті. Түбектегі барлық халықтың 1/3-іне жуығы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Олар негізінен осы жердің байырғы тұрғындары.
Ұлттық құрамы
Бұл республика халқының 2,5%-ға жуығы. Халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды (84,1%): қалғандары орыстар (10,5%), әзербайжандар (1,1%), украиндар (0,9%), лезгиндер (0,6%), татарлар (0,6%), армяндар (0,3%), чешендер (0,2%), корейлер (0,2%), беларусьтер (0,1%), немістер (0,1%) басқа ұлттар (1,3%). Облыс тұрғындарының 68%-ы (270,7 мың адам) қалада, 32%-ы (119,4 мың адам) ауылда тұрады. Халқының орташа тығызд. 1 км²-ге 2,3 адамнан келеді. Халық негізінен темір жол бойы және облыстың батысындағы Ақтау, Қаратау таулары етегінде қоныстанған. Кейінгі жылдары мұнай кен орындарының игерілуіне байланысты халық осы кен орындарына шоғырлана бастады. Қалалары – Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко.
Уикипедия

-