Әкімшілік құрылымы

11 Тамыз 2013, 13:31

Тарихи кезең Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы Ресей империясына қосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Жоғарғы және Төменгі Адай дистанцияларына бөлінеді. Олар болыстардан (волость) тұрды. Болыстар ең төменгі әкімшілік-саяси құрылым ретінде 1928 жылға дейін өмір сүрді. Территориялық, сандық тұрғыдан тұрақсыз болған болыстар саны 20-30 шамасында болатын. 1869 жылы "Жаңа ережеге" сәйкес Орал облысының құрамында Маңғыстау приставтығы құрылып, ол 20 мың қазақ шаңырағын біріктірді. Сол жылы Иса-Досан бастаған халық көтерілісіне байланысты бұл приставтық Кавказ әскери округіне қаратылды. 1881 жылы приставтық Маңғыстау уезіне айналып, 1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысының (орталығы - Ашхабад қаласы) құрамына кіргізілді. Сол кездері уездің жер ауданы 190 мың шаршы километр болды. 1920 жылдың шілдесінде Кеңес билігі толық орнаған соң, үлкен Адай уезі құрылып, ол губерниялық құқықққа ие болды. Тобанияз Әлниязұлының басшылығымен бұл өлке Қазақ АКСР-інің құрамына еніп, өзінің ұлттық мемлекетіне түпкілікті қосылды. 1928 жылы Адай уезі таратылып, Маңғыстау округі аз уақыттан соң Маңғыстау ауданы болып қайта құрылды. 1930-81 жылдары аралығында Маңғыстау-Үстірт жері оқтын-оқтын қайта пішінделіп, әр кезеңде Шевченко, Мұнайлы бөлікке бөлінді. 1973 жылы 20 наурызында жеке әкімшілік облысқа айналып, өзінің территориялық құрылымын 1990 жылы қалыптастырып болды. Бүгінгі жағдайы Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады [4]. Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам). Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды. Уикипедия

Тарихи кезең

Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы Ресей империясына қосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Жоғарғы және Төменгі Адай дистанцияларына бөлінеді. Олар болыстардан (волость) тұрды. Болыстар ең төменгі әкімшілік-саяси құрылым ретінде 1928 жылға дейін өмір сүрді. Территориялық, сандық тұрғыдан тұрақсыз болған болыстар саны 20-30 шамасында болатын.

1869 жылы "Жаңа ережеге" сәйкес Орал облысының құрамында Маңғыстау приставтығы құрылып, ол 20 мың қазақ шаңырағын біріктірді. Сол жылы Иса-Досан бастаған халық көтерілісіне байланысты бұл приставтық Кавказ әскери округіне қаратылды. 1881 жылы приставтық Маңғыстау уезіне айналып, 1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысының (орталығы - Ашхабад қаласы) құрамына кіргізілді. Сол кездері уездің жер ауданы 190 мың шаршы километр болды.

1920 жылдың шілдесінде Кеңес билігі толық орнаған соң, үлкен Адай уезі құрылып, ол губерниялық құқықққа ие болды. Тобанияз Әлниязұлының басшылығымен бұл өлке Қазақ АКСР-інің құрамына еніп, өзінің ұлттық мемлекетіне түпкілікті қосылды. 1928 жылы Адай уезі таратылып, Маңғыстау округі аз уақыттан соң Маңғыстау ауданы болып қайта құрылды. 1930-81 жылдары аралығында Маңғыстау-Үстірт жері оқтын-оқтын қайта пішінделіп, әр кезеңде Шевченко, Мұнайлы бөлікке бөлінді.

1973 жылы 20 наурызында жеке әкімшілік облысқа айналып, өзінің территориялық құрылымын 1990 жылы қалыптастырып болды.

Бүгінгі жағдайы

Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады [4]. Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды.

Уикипедия

Бөлісу: