11 Тамыз 2013, 13:11
«Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражай» ММ
Ы. Алтынсаринның мемориалдық мұражайдың қызметі көп қырлы: мұражай қорларын жинақтау, көрмеліктерді зерттеу және сақтау, есепке алу, экспозициялық-көрме және ғылыми–ағарту қызметі. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасының тарихын, оның ізбасарлары мен оның жалпы пайда болуын қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұражайдағы «Шашу» әдебиет қонақ бөлмесінде жас және атақты ақындармен кездесулер ұйымдастырылады, оқушылардың сәнді қолтаңбалы, көркем жұмыстарының көрмесі, тақырыптық кештер, ғылыми педагогикалық конференциялар өткізіледі. Жыл сайын 30 мыңға жуық.
«Қостанай облыстық тарихи -өлке тану мұражайы» ММ
Мұражай облыста барлық мемлекеттік және қоғамдық мұражай үшін әдістемелік орталық, мәдени және ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Қазіргі мұражай қорының жинағында 107 мыңнан астам мұражай заттары бар, оның ішінде шамамен 65 мың негізгі қордың заттары. Жыл сайын 100 мыңға жуық адам (2008 жылы – 141277 адам) Меңдіқара ауданы Боровской кентіндегі және Жітіқара қаласындағы филиалдарға, Жітіқара ауданы Тоқтарово кентіндегі секторға барады.
Облыстық сурет галереясы
Тақырыптық және жеке суретшілер- бейнелеу өнерінің шеберлері мен жас авторлардың көрмелері өткізіледі, онда қала тұрғындары мен қонақтары ұсынған жұмыстармен таныса алады.
Шығармашылық салонда сыйлыққа тарту, үй мен офистің интерьерін рәсімдеу үшін авторлық жұмыстарды сатып алуға болады. Ол суреттер ұзақ жылдар бойы көңіл-күйіңізді көтереді.
Жертөледе Вадим Быков, Юрий Новоселов, Светлана Шалунова сияқты суретшілердің шығармашылық суреттері орналасқан. Онда суреттерге, кісінің суреті, әсем көрініс бейнеленген суреттер, қызықты композицияларға тапсырыс беруге болады.
Күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін экскурсиялар өткізіледі. 50-20-32 телефоны арқылы көп адамдар келу үшін өтінімдер қабылданады. Сурет галериясының залдарында тұсаукесерлер, көрмелер, мәжілістер, конференциялар, сондай-ақ шығармашылық кездесулерді өткізуге болады.
Қостанай облыстық қазақ драма театры
Театр бірнеше рет республикалық фестивальдарға қатысып, онда актерлер мынадай номинацияда: Қ. Бегайдаров екі рет ең үздік еркек рөлі, З. Балтабаева, А. Қасымова – ең үздік әйел рөлі, бас көркемдеуші М. Нұрмұханов – ең үздік сахна шебері үшін лауреат атанды. Жыл сайын театр тобы Қостанай облысы мен республика қалалары бойынша гастрольдік сапарға барады. Әртістер Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Ноғайбай ауданында гастрольдік сапарда болды. Театрда жас кадрларды оқыту үшін театр студиясы жұмыс істейді. Актерлік шеберлікке үйренгісі келгендер студияға оқуға түсе алады. Бүгінде театр репертуарында 47 қойлым, оның ішінде 10 балалар спектаклі бар.
Орыс драма және қуыршақ театры
1999 жылы И. Горький атындағы облыстық драма театры мен облыстық қуыршақ театры біріктірілді. Осы екі топтың шығармашылық одағы Қазақстанда жалғыз, теңсіз болып табылады, сондықтан көрерменді кішкене кезінен бастап жетелейді және өсіреді. Театр жылына шамамен 45 000 үлкен және кішкентай көрерменге қызмет етеді. Спектакльдардың жоғары кәсіби деңгейі бірнеше рет халықаралық және республикалық фестивальдарда жеңіске жетумен расталады.
Қазіргі күні театр әр түрлі жастағы көрермендерді, яғни мектепке дейінгі балалардан бастап зейнеткерлерге дейін қамтиды.
Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры
Штат саны 55 адамды құрайды. Шығармашылық қызметкерлер – 24, әкімшілік персонал – 5, шығармашылық персонал – 5, техникалық персонал – 21. Отыратын орындар – 320. Жалпы алаңы - 6390 шаршы метр.
http://www.kostanay.gov.kz