11 Тамыз 2013, 12:53
Қазіргі кезенде аймақтың демографиялық дамуының басты ерекшелігі тұрғындардың абсолютті санының динамикалық өзгеріп отыруымен сипатталады. Республика тұрғындарының 1989-1992 жыддар аралығында өсіп-енуінің орташа жылдық қарқыны 0,7%-ға жетсе, 1999 ж. орташа жылдық төмендеу қарқыны 0,9%ды құрады. Келесі жылдары тұрғындар санының төмендеу деңгені шұғыл түрде азайды. 2005 ж. алғаш рет тұрақты өсім көрсеткіші тіркелді.
Бұл кезең халық санының азаюына себепші болған қолайсыз демографиялық жағдаймен сипатталады. Қазақстан Республикасы тұрғындар санының тіркелуі бойынша 1999 ж. Орталық Қазақстан тұрғындарының саны 1 410 218 адам, яғни 1989 жылмен салыстырғанда 19,1%, келесі жылдары тағы 5,6%-ға азайып, 2006 жылдың басында 1 331 702 адамға түсті. Аймақта қалаға шоғырлану үрдісі жалғасып жатыр. Облыс тұрғындарының құрамында кала тұрғындарының үлесі үнемі өсуде, ал ауыл тұрғындарының үлес салмағы керісінше азаюда. Мысалы, егер 1989 ж. қала мен ауыл тұрғындары санының қатынасы 82,1% және 17,9% болса, 2006 жылдың басында — 83,8% және 16,2% болды. Ұлттық құрылымда 1980 жылдың аяғында басталған аймақтың компоненттерінің абсолютті және қатысты көрсеткіштердің өзгеру үрдісі жалғасуда. Егер 1989 - 2005 ж. аралығында қазақтардың абсолютті саны 18,4%-ға өсіп, 551 536 адамға жетті, ал аймақ тұрғындарының құрамындағы үлесі 41,4%-ды құрады, бұл көрсеткіш 1989 ж. 25,8% болған еді. Орыстардың саны 553 058 адамға дейін немесе 48%-ға жуық азайған, ал үлес салмағы 41,5%-ға тең болды, бұл көрсеткіш 1989 ж. 46,9% болатын. Аймақтың басқа да көптеген этностарының абсолютті саны да азайды: немістер 4 есе (1899 ж. - 159 208 адам; 2005 жылдың басында - 40 135 адам); белорустар — 2 есеге жуық (35331 -ден 18229-ға); украиндықтар - 2 есе (128547-ден 67496-ға); татарлар - 1,5 есе (52769-дан 35640-қа); корейлер 1,1 есе (14672-ден 13519-ге-түскен) азайған.
Аймақтың ұлттық құрамында төмендегі ұлттардың үлес салмағы да өзгерді: немістер 1989 жылғы 9,1%-дан 2005 жылдың басында 3%-ға; белорустар — 2%-дан 1,4%-ға; украиндар — 7,4%-дан 5,1%-ға; татарлар - 3%-дан 2,7%-ға; корейлер — 0,8%-дан 1%-ға дейін өзгерген. Орталық Қазақстан тұрғындарының табиғи қозғалыс ерекшелігі аталған аймақтың ұлттық құрамындағы орыс тұрғындарының үлес салмағының жоғары болу ерекшелігіне байланысты. Табиғи өсім қазақтар (13,5 промилле) мен өзбектер (22,0 промилле) арасында біршама жоғары деңгейде; жыл сайын орыстардың (-4,9 промилле), украиндар мен белорустардың (-8,6 промилле) сан жағынан азаюы байқалуда. 90-жылдардың 2-жартысында табиғи өсім коэффициенті бірыңғай теріс мәнге ие болды, яғни аймақта адамдар өлімі туу санына қарағанда жоғары еді. 2002 жылдан бастап, бұл көрсеткіштер тұрақты түрде оң динамиканы көрсете бастады, алайда өсім деңгейі төмен болды — 1,44 промилле (1000 тұрғынға шаққанда).
Жалпы республика бойынша жүрген миграция үрдісі Орталық Қазақстан өнірінде қамтыды. 1991-2003 жылдар аралығында ішкі миграция сальдосы -313 838 адамды құрады.
Халықтың орналасуы аймақ бойынша біркелкі емес. Облыс халқының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 3,1 адамнан келеді. Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті ауданы аймағында бұл көрсеткіш 80 адамнан асты. Облыстың солтүстік және орталық бөлігінде халық тығыздығы 1 шаршы км-ге 5-6 адамнан келеді. Бұкар жырау, Осакаров және Абай аудандарының тұрғындары басқа аудандарға қарағанда тығыз орналасқан — 4,4; 3,5; 1 шаршы км-ге 8,9 адам. Ертіс — Қарағанды каналы аймағында, қала маңында халықтың тығыздығы біршама артты; облыс аумағының батыс бөлігінде 1 шаршы км-ге келетін орташа мөлшер 0,4 адамнан, кей жерлерде Ұлытау, Нұра ауданының батысында тығыздық көрсеткіші 1 адамнан да кем — 0,1 адам. Шығыс бөліктегі, негізінен ауыл шаруашылығына маманданған Қарқаралы ауданының жерінде халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы км-ге 1,3 адамнан келеді. Қарқаралы орманды шұратында халық жиірек қоныстанған.
Жезқазған өңірінің солтүстік-батысыңда және ауылды жерлерде халықтың тығыздығы өте төмен. Мәселен, 1966 ж. әрбір шаршы километрге 1,36 адамнан келсе, бұл көрсеткіш 1976 ж. 1,48, ал 1988 ж. 1,58 адам болды. Жезқазған - Балқаш өңіріңде 5 қала, 4 аудан, 22 қалашық, 53 ауылдық аймақ бар. 1998 ж. 20-дан артық тұрғыны бар 256 елді мекен болды. Халықтың басым көпшілігі Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен оның төңірегіне топтасқан. Онда әрбір шаршы километрде 18,8 адам тұрады. Ұлытау ауданында әрбір шаршы километрге 0,1 ғана адамнан, оның оңтүстігінде 1 шаршы километрге бір адамнан келеді. Ал халықтың тығыздығы Шет ауданында бір шаршы километрге 0,7 адам, Ақтоғай ауданында 0,4 адам, Жаңаарқа ауданында 0,5 адамнан келеді.
Облыс жерінде 11 қала, 39 қалашық және 171 ауыл-селолық округтер (3 ірі қала - Қарағанды, Теміртау және Жезқазған, ауданы жағынан орташа 4 кала — Балқаш, Саран, Шахтинск, Абай және 4 шағын кала - Қарқаралы, Қаражал,Сәтбаев, Приозерск) орналасқан. Аймақтағы ең ірі Қарағанды-Теміртау қалалық агломерациясы соғыстан кейінгі жылдары қалыптасып, дамыған Қарағанды мен Теміртауда бүкіл облыс халқының 42%-ы және қала халқының 70,5%-ы тұрады (2005). Мұның өзі бұл қалаларда халықтың көп шоғырланғандығын сипаттайды. Олардың төңірегіңде Саран (48,2 мың адам), Шахтинск (59,9 мың адам) қалалары және Қарабас, Новодолинка, Топар, Южный, Ақтас, Долинка, Шахан, Ақтау, Мұстафин, Қушоқы сияқты кенттер орналасқан. Бұлардың барлығы көмір кен орындарының қарқынды игерілуіне, шахталар, қара және түсті металлургия, химия, машина жасау кәсіпорындарының салынуына байланысты пайда болды.
Облыста 558 ауылдық елді мекендер бар (2004). Кеңшарлардың тарауы, шаруа қожалықтарының, өндірістік кооперативтердің, акционерлік қоғамдардың құрылуы, ауылда нарық катынастарының қиындықпен енгізілуі жекеменшік шаруашылықтардың көптеп жабылуына өз әсерін тигізді. Қазіргі уақытта тарихи қалыптасқан ауыл-селолық орналасу жүйесін қайта құру іске асырылуда.
Уикипедия