Облыс тарихы

11 Тамыз 2013, 12:10

Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, 1763 ж. Бұқтырма бекіністері) салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер (“Иртышская десятиверстная полоса”) қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды. Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 18 ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағында Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан “поляктар” деп аталған шаруалар келіп қоныстанды. 18 ғасырдың соңында Кенді Алтайдың шегінде кен өнеркәсібі пайда болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер (1784), Зырянов (1794), Белоусов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті металл кеніштері іске қосылды. 1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауытттарының шикізат базасына айналды. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуы салдарынан арзан жұмыс күшінен айрылған және тех. қайта құруды керек еткен Алтайдың кен өнеркәсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтайдың кен өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналатын – күміс бағасының арзандауы ушықтырып жіберді. Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге Алтайдың басыбайлылық кен өнеркәсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері австралиялық, ағылшындық, франциялық, т.б. шетелдік капиталға концессияға берді. 19 ғасырдың соңынан бастап Семей қаласында өңдеу өнеркәсібі біршама дами бастады. Оның негізгі салалары: ұн тарту мен жүн жуу болды. Жиналған астық пен бидай ұны Ертіс арқылы кемемен 600 км-дей жердегі Сібір темір жолына жеткізіліп тұрды. Ал Қазақстанның бүкіл шығыс бөлігінен және ішінара Шыңжаң аймағынан (Қытайдан) жиналып әкелініп Семейде жуылған жүн алғашқы өңдеуден өткеннен соң, еуропалық Ресейдің шұға фабрикаларына жеткізілді. Өнеркәсіптің бұл екі саласынан басқа облыс жерінің әр тұсында орналасқан ірі елді мекендерде арақ-шарап пен сыра қайнату, сондай-ақ тері илеу, тон тігу, май және сабын қайнату өндірістері де болды. Зайсан,Марқакөл, Алакөл көлдері мен Ертіс өзенінің салаларында балық аулау кәсібі, Риддер мен Зыряновта ағаш және темір ұсталық кәсіптер орын алды. 19 ғасырдың екінші жартысында Ертіс өзенінде пайда болған кеме жол қатынасының маңызы күшейді. Кемелер Семейден Омбыға дейін, Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойымен жоғары көтерілді. Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды. Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды. Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан – Сібір темір жолы мен Локоть – Риддер және Өскемен – Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе стансасынан басталатын “Шығыс айналма жолы” деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды. Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі электр стасасылары салынды. Кенді Алтай бойында түсті металл өндіретін жаңа кеніштер мен оны өңдейтін металлургиялық кәсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының қуаты артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек комбинаты сияқты көптеген өнеркәсіп орындары пайда болды. Республикалық маңызы бар Алматы – Семей және облыс ішінде өнеркәсіп орындарын темір жолы стансасыларымен және ауылдық елді мекендерді ірі қалалармен, аудан орталықтарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар көптеген автомобильдік жолдары салынды. Уикипедия

Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, 1763 ж. Бұқтырма бекіністері) салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер (“Иртышская десятиверстная полоса”) қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды. Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 18 ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағында Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан “поляктар” деп аталған шаруалар келіп қоныстанды. 18 ғасырдың соңында Кенді Алтайдың шегінде кен өнеркәсібі пайда болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер (1784), Зырянов (1794), Белоусов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті металл кеніштері іске қосылды. 1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауытттарының шикізат базасына айналды. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуы салдарынан арзан жұмыс күшінен айрылған және тех. қайта құруды керек еткен Алтайдың кен өнеркәсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтайдың кен өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналатын – күміс бағасының арзандауы ушықтырып жіберді. Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге Алтайдың басыбайлылық кен өнеркәсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері австралиялық, ағылшындық, франциялық, т.б. шетелдік капиталға концессияға берді. 19 ғасырдың соңынан бастап Семей қаласында өңдеу өнеркәсібі біршама дами бастады. Оның негізгі салалары: ұн тарту мен жүн жуу болды. Жиналған астық пен бидай ұны Ертіс арқылы кемемен 600 км-дей жердегі Сібір темір жолына жеткізіліп тұрды. Ал Қазақстанның бүкіл шығыс бөлігінен және ішінара Шыңжаң аймағынан (Қытайдан) жиналып әкелініп Семейде жуылған жүн алғашқы өңдеуден өткеннен соң, еуропалық Ресейдің шұға фабрикаларына жеткізілді. Өнеркәсіптің бұл екі саласынан басқа облыс жерінің әр тұсында орналасқан ірі елді мекендерде арақ-шарап пен сыра қайнату, сондай-ақ тері илеу, тон тігу, май және сабын қайнату өндірістері де болды. Зайсан,Марқакөл, Алакөл көлдері мен Ертіс өзенінің салаларында балық аулау кәсібі, Риддер мен Зыряновта ағаш және темір ұсталық кәсіптер орын алды. 19 ғасырдың екінші жартысында Ертіс өзенінде пайда болған кеме жол қатынасының маңызы күшейді. Кемелер Семейден Омбыға дейін, Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойымен жоғары көтерілді. Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды. Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды. Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан – Сібір темір жолы мен Локоть – Риддер және Өскемен – Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе стансасынан басталатын “Шығыс айналма жолы” деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды. Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі электр стасасылары салынды. Кенді Алтай бойында түсті металл өндіретін жаңа кеніштер мен оны өңдейтін металлургиялық кәсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының қуаты артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек комбинаты сияқты көптеген өнеркәсіп орындары пайда болды. Республикалық маңызы бар Алматы – Семей және облыс ішінде өнеркәсіп орындарын темір жолы стансасыларымен және ауылдық елді мекендерді ірі қалалармен, аудан орталықтарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар көптеген автомобильдік жолдары салынды.

Уикипедия

Бөлісу: