Мал ұрлаған барымташы байқамай сыбайласын өлтіріп алды

9 Тамыз 2013, 05:25

Мал ұрлаймын деп жүріп, өзінің сыбайласын өлтіріп алды. Барымташылардың қылмысы Оңтүстік Қазақстанның Төлеби ауданында тіркелді.  Түнделетіп ішімдіктен біраз сілтеген 37 мен 24 жастағы азаматтар  көршінің қорасындағы жылқыны ұрламақшы болыпты. Олардың бірі кіші калибрлі және шолақ мылтықтар ала шыққан екен. Қоңсының жылқысын жетектеп бара жатқанда, мал иесі шығып қалып айғайға басады. Ізін суыту үшін шүріппені басқан жігіт ағасы өзінің серігін байқамай өлтіріп қойған. Осыдан кейін, жолдасының мәйітін ауыл маңына тастап, қаруды жақын маңға көміп кеткен. Дегенмен барымташы алысқа ұзай алмады. Қамауға алынған күдікті қазір қылмысын толықтай мойындады. КТК

Мал ұрлаймын деп жүріп, өзінің сыбайласын өлтіріп алды. Барымташылардың қылмысы Оңтүстік Қазақстанның Төлеби ауданында тіркелді.

 Түнделетіп ішімдіктен біраз сілтеген 37 мен 24 жастағы азаматтар  көршінің қорасындағы жылқыны ұрламақшы болыпты. Олардың бірі кіші калибрлі және шолақ мылтықтар ала шыққан екен. Қоңсының жылқысын жетектеп бара жатқанда, мал иесі шығып қалып айғайға басады. Ізін суыту үшін шүріппені басқан жігіт ағасы өзінің серігін байқамай өлтіріп қойған. Осыдан кейін, жолдасының мәйітін ауыл маңына тастап, қаруды жақын маңға көміп кеткен. Дегенмен барымташы алысқа ұзай алмады. Қамауға алынған күдікті қазір қылмысын толықтай мойындады.

КТК

Бөлісу: