Амантай қажы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалды...

9 Тамыз 2013, 05:13

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Амантай қажы тағы да төбе көрсетті. Бұл жолы Қазкосмостың басшысы Талғат Мусабаевқа «Протон-М» атты өкпесін арқалай келіпті.  Сыбайлас жемқорлыққа және мафияға қарсы күрескер алматылық «Протон-М» құлағалы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалған. Осы себепті кезекті ереуілге шығып отыр. Ереуіл дәстүрлі түрде сол бұрынғы орында, дәл баяғы уақытта өтті. Амантай қажы әуелі Талғат Мұсабаевты біраз сынға алып, артынан «Протонға» қарсы уәж айтты. Хиросима мен Нагасакиге тасталған ядро бомбасын да ұмыт қалдырған жоқ. Сонан соң өзінің сүйікті тақырыбы – мафия мен сыбайлас жемқорлыққа көшті. «Шенеуніктер елімізді тонап бітті. Енді залалдың орнын толтырудың орнына, жәбір көргендерге көмектесудің орнына «Протондарды» жерімізде сынап жатыр. Масқара деп осыны айт! Мәскеу, Ресей, «Протондарыңды» алып кетіңдер. Біз кеудемізді тосып, Семей полигонын жаптық, бұл «Протонды» да жабамыз», - дейді «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек.  Baq.kz

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Амантай қажы тағы да төбе көрсетті. Бұл жолы Қазкосмостың басшысы Талғат Мусабаевқа «Протон-М» атты өкпесін арқалай келіпті. 

Сыбайлас жемқорлыққа және мафияға қарсы күрескер алматылық «Протон-М» құлағалы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалған. Осы себепті кезекті ереуілге шығып отыр. Ереуіл дәстүрлі түрде сол бұрынғы орында, дәл баяғы уақытта өтті.
Амантай қажы әуелі Талғат Мұсабаевты біраз сынға алып, артынан «Протонға» қарсы уәж айтты. Хиросима мен Нагасакиге тасталған ядро бомбасын да ұмыт қалдырған жоқ. Сонан соң өзінің сүйікті тақырыбы – мафия мен сыбайлас жемқорлыққа көшті.
«Шенеуніктер елімізді тонап бітті. Енді залалдың орнын толтырудың орнына, жәбір көргендерге көмектесудің орнына «Протондарды» жерімізде сынап жатыр. Масқара деп осыны айт! Мәскеу, Ресей, «Протондарыңды» алып кетіңдер. Біз кеудемізді тосып, Семей полигонын жаптық, бұл «Протонды» да жабамыз», - дейді «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек. 

Baq.kz

Бөлісу: